спорт

Олимпиаданы садақ ату шеберлері бастайды

Ертең, 25 шілдеде Париж Олимпиадасында садақ атудан жекелей сынның іріктеуі басталады. Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

п

Ұлттық құрама сапынан Ильфат Абдуллин, Дәулеткелді Жаңбырбай мен Александр Еременко шеберлік байқасады. Бұл рейтингтік кезең нәтижесіне қарай кейінгі жарыс жолы құрылады. Яғни, 64 ер мерген алған орнына қарай бір-бірімен сынасады. Мысалы, 1-орын алған атлет плей-офф сатысында 64-сатыдағы спортшыға қарсылас болады.

Ерлер арасындағы іріктеу Астана уақытымен сағат 17:15-те басталады. Бұл жарысты еліміздің телеарналары эфирден көрсетпейді.

Ал плей-офф 30 шілде мен 1 тамыз аралығына жоспарланған. Командалық сайыс 29 шілдеден бастау алады.

Оқыңыз