Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:35, 11 Маусым 2024

Олжалы омарташы

омарта
Фото: из открытых источников

Жетісудың тұрғыны балды экспортқа шығара бастады. Жетісулық Сергей Питенконың балын бүгінде шетелдіктер тани бастаған. Ол Еуропаға, Қытайға, Біріккен Араб Әмірліктеріне өзінің өнімін шығара бастады.

Сарқан ауданының тұрғыны Сергей Питенко ара өсіру мен бал өндірудің ерекшеліктері туралы жақсы біледі. Әкесі 30 жылдан астам уақытын осы бір қажырлы іске арнаған. Ара шаруашылығымен кәсіби түрде айналыспастан бұрын, Сергей өзін түрлі салаларда сынап көрген. Артынша, ол атадан қалған кәсіпті жалғастыруды жөн санаған.

Ара шаруашылығымен бала кезінен айналысып келе жатқан ол әу баста бал өнімін экспортқа шығарамын деп ойламаған. Әкесінен көрген білгенін жадына түйіп, бақылап, жай ғана бағдарлап бастаған. Қазір Сергей сегіз жыл бойы омарташылықпен кәсіби түрде айналысып келеді. Ол тіпті Ресейдің ара шаруашылығы институтын арнайы бітіріп, омарташы деген диплом да алған.

Сергейдің айтуынша, Қазақстандағы омарта бизнесінің басты ерекшелігі – бал өндіру ғана емес, біздегі бұл сала тұқым өндірумен де айналысады. Аналық балұяларын сатумен де айналысады. Омарташы бастапқыда аналық материалдарды Австриядан әкелген. Қазір ол еңбегінің жемісін көріп, балды ең көп беретін адамға агрессивті емес, карник арасының тұқымын өсіріп отыр.

Әр маусымда қазір Сергейдің омартасында 600-ге жуық ара ұясы бар. Әр ұя бір маусымда 50-ден 100 келіге дейін бал бере алады.

Өзінің еңбегі жайлы Сергей Питенко былай дейді:

«Менің омартам асыл тұқымды. Сондықтан жұмыстың негізгі бағыты – ана аналықтары мен ара тобын өсіруге арналған. Әйтпесе, омартамда бір маусымда 30-40 тоннаға дейін бал алуға болады».

Омарташы ара бизнесінде не бар соның бәрімен дерлік айналысады. Ол ара өсіріп, бал өндіруден бөлек, ара шаруашылығы өнімдерінің сан түрін саудалайды. Мысалы, балтозаң, ұяшықтар, аналық сүт, балауыз және т.б.

«Сол сияқты балауызды өндіретін және өңдейтін цехымыз бар. Біз сондай-ақ пенопластан ұялар жасаймыз. Ол араға жазда салқын, қыста жылы болады. Сондықтан қыста олар омартада қалады, – деді ол.

Сергей Питенконың омартасы стационарлық, сондықтан 500 гектарға жақын жерде балды өсімдіктер өсіріледі» дейді ол.

Жоғарыда айтқанымыздай, омарташы өз өнімін тек Қазақстанда ғана емес, Қытайға, Біріккен Араб Әмірліктері мен Еуропа елдеріне экспортқа жөнелтеді. Сонымен қатар Алматы қаласында оның арнайы өз жеке дүкені бар. Ол дүкенде бал ғана сатылмайды. Ара шаруашылығымен айналысуға қажет нәрсенің барлығын дүкеннен табуға болады.

Сергей Питенко ізденсе, шаруаға машықтанып алса үй жағдайында кез келген адам кішкентай омарта ұстай алатынын айтады.

Жалпы, Сарқан ауданы әкімдігінің мәліметінше, ауданда үлкенді-кішілі 21 ара фермасы бар. Ал сала мамандары бал арасын баптауға да білім керектігін, келешекте бұл сала ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал ететінін айтады.

Қ.Сайлау 

Жетісу облысы

Тегтер: