Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:22, 25 Шілде 2019

Өмір – сені сүйген сәттер боп қалды...

***

Айырыптұрып ақ пен қараны,

Адасқыңкелсе әдейі, бәлкім, сол – Өнер!

Кей-кейде.

..

Егілгіңкелетін сәттер болады,

Бақыттыкөрінгің келетін сәттерден бөлек ол!

Сол– Өнер, жақының жаттай қыспаққа ап,

Үзілмеу...

Бірақүзілер сәтке шақ қалу!

Әлемгеайқайлай алатыныңды ұстап қап,

Айтаалмай қалатыныңды ақтару!

Шынайыестілмей, күлсе үні,

Сол– Өнер, тамшыдай мөп-мөлдір етсе егер, мұң соны!

БұлӨмір – біреуге жай ғана сағаттың тырсылы,

Біреуге– жүректің дүрсілі...

***

Ақсерек, көк серек,

АлСізге кім керек?

Бақыттыбалалық,

Бақыттыем, шын бөлек!

Бұлуақыт тұрмайды, ә?

Әрсәтін бұлдай ма?

Үзіпап тобымнан,

Әкеткенұл қайда?

Есейдік.Жоқ қызық...

Тұрмаймызтоп тізіп.

Үзілмесдостықты

Тағдырымөтті үзіп.

Қазірдос – жел өкпек,

Бөтендеп,бөлектеп,

Шақырмасмені ешкім,

Меңдіқыз керек деп...

Жалғызбын,демек, шын,

Жылауғасебепшім,

Сенмаған керексің!

Сенмаған керексің.

***

Әке,сенің қызыңмын ғой!

Бәлкім,сосын қорықпаймын күйреуден,

Бәлкім,сосын ерте кеттім үйден мен...

Қайтпаудыда кері мүлде,

ТекӨзіме сенуді де,

Бәрінсенен үйренгем!

Әке,сенің қызыңмын ғой!

Тырнағында батыра алмай көп қыран,

Солүшін де сескенбедім соққыдан!

Қолданжалғыз қалам түспей,

Жақсыкөріп анамды іштей,

Сенөкпелеп қалмаса екен деп тұрам...

Әке,сенің қызыңмын ғой!

Ешкімгеде сосын кеткен жоқ есем,

Арманбар ма алғанымды өтесем?!

Жеткенкезде көпке күшім,

Кенетсынып кетпеу үшін...

Жазылуғатиістісің, Әке, сен!

 

***

Түсіңетағы ендім бе түніңде бүгін?

Қанатымәлі қатпады, қауырсын-жүрек.

Телефоншалып ертемен дірілдеп үнің,

«Суықтапқалдың ба, күнім?

Тәуірсіңбе?» – деп,

Сұрамашы,апа,

Тәнемес, жанды мұз қарып

Жаурадым,бірақ сонда да шыдайын күліп!

Қаратүн сенен ақ арай таңды қызғанып,

Ұйқысызсың-ау,қызыңды уайым қылып,

Жыламашы,апа!

Онсызда разы қылмадым.

Тайғақтаужолда тағдырым тайқып келеді.

Өміргеменің өтелмес жазығым барын,

Өлеңімғана өзіңе айтып береді...

АЛҒЫC

Алғысайтқым келеді екен саған, рас!

Осыменентәмам күлкі, тәмам жас.

Баскейіпкер мұратына жеткен-ді,

Ертегігесенгенімде ең алғаш...

Меніөлтірмеу болған шығар мұратың,

Жалғызедің жанымды үнсіз ұғатын.

Көзіңмөлдір десе біреу, ол көзде

Сағандеген сезім ғана тұратын!

Көңіліңекеп тигенше салқыны,

Әп-әдемісәттер кештім әр күні!

Сенарқылы сағынуды үйреніп,

Өмірдіде сүйдім Өзің арқылы!

Сөйтетұра, түк қалмастан тоналды іш,

Ұшарболсаң, бақыт тілеп, қол ал да ұш!

Күйрегенімүшін талай көп раxмет,

Сүймегеніңүшін мені зор алғыс!

Алғысайтқым келеді екен саған, рас!

Осыменентәмам күлкі, тәмам жас.

Бұлертегі басқаша аяқталу керек қой!

— деп ойласаң, xабарлас...

***

Таңғышай.

Танысдәм алғыздық.

Текүнсіз ішеміз.

Сендегімұң менен мендегі жалғыздық

Түсі– егіз...

Бізкүнде келетін шайxана.

Даяшы– өңді қыз.

Олтағы таңырқап қарайды, байқама,

Солдұрыс.

Тағыіште қалады айтылмай соншама ой,

Кетемізаптығып.

...Өміргеқант қосып алуға болса ғой,

Тәттіғып.

 

***

Осылайболарын сезгем-ді,

Сезімдішығарған қай олақ?

Түніменжылаған көздерді,

Таңертеңбояп ап,

Жүрудіңауырын мұншама

Білсеңғой… Керегін тағы емдеу!

Жанарғашық тұнып тұрса да,

Жымиып«сәлем!» деу...

Бітпейтінне күй бұл, қоймайтын?

Таяқжеп жүрсем де тартыстым!

Бақыттырольдерде ойнайтын

Бақытсызәртіспін.

Жан-жағымқол соққан адамдар –

Бізөмір – ойын деп ұғындық.

Қойылымбітсе егер, тараңдар!

Шымылдық.

***

Дұрысқой сенің кетіп қалғаның,

Мендегібұлдыр Әлемнен!

Кембағаледі, кетік-ті арманым,

Сенкелмей тұрып, әуелден...

Шыдайалмасың шын, ағыстарға,

Тағдырсап берген белгімен!

Өзімсенбейтін қуаныштарға,

Өзіңдіқайтіп сендірем?

Солкүмән бізді тыныш қоймады,

Қайғымдықан ғып жұттың іш.

Ұмытсаңмүлде – дұрыс қой, бәрі...

Сағынбасаңда – дұп-дұрыс!

Қасіреттұман торуы жанды,

Сенбірақ мұңға малынба!

Кетсең,бір себеп болуы заңды,

Жәнеоны айтпағаның да!

Заңдылықкету бөлек болғанда ой,

Сыртымдажәне ішімде!

ЖоғалтуСені керек болған ғой,

Өзімдітабу үшін де!

***

«Сізге»айналып кеткелі «Сен» дейтінім,

Өлеңболып барамын өң-кейпі – мұң...

Махаббаттысол шығар, жырлайтыным,

Махаббатқасол шығар, сенбейтінім...

«Сәлеметсіз...»– жалғыз сөз сенен естір,

«Амансызба?..» – мендегі елемес түр.

Тағдыр,саған түк емес екі жүрек,

Егілерінбілсең де, ерегестір!

Бәрімәңгі деуші едік, қалды онымыз,

Бақыттымынсенсіз де – ал, көріңіз:

«Кетпешінің»орнына – «Көріскенше!»

«Сағындымның...»орнына – «Сау болыңыз!»

Жазғаныменқалуды бір жүздесіп,

Тірліккешіп келеміз – тілсіз кешіп...

Өмірөтіп барады, өкініш – сол,

Сенекеуміз жүргенде «Сіз-Біз» десіп...

***

Естеліктеркетпес үшін босқа өліп,

Қалайықшыдегім келген дос болып,

Қалайықшыдегім келген сыйлас боп,

Кейінкүйді кешпеу үшін бос, кемік...

Мүмкінемес екен ол да, білмеппін,

Алғашқыәрі соңғы рет бір гүлдеппін...

Сеніқалай төмендетем, ойлашы,

Есімінде атамаған Құрметтім?!

СоданӨлең еттім қалған шоқтарды,

Алсен қалай арнап жүрсің жоққа әнді?

Өлім– талай тастаған шақ отқа арды,

Өмір– сені сүйген сәттер боп қалды...

Соданмаған болып алды мұң бейім,

Соданмаған болып алды жыр бейім,

Жолымдаегер жолықтырсам бір кейін –

Кімдейін?...

 

***

Жылыжаққа кетпеңдерші, ей құстар!

Мұндада күн жылынар.

Жатөлкеден бақ іздеген байқұстар

Жүрегіндежүгі бар...

Тымалысқа кетпеңдерші, құстар-ау!

Жақынба өзі жылы жақ?

Менсүйетін ғұмыр неге қысқалау,

Күтунеге тым ұзақ?..

Қоштасқандақап кетеді өкініш,

Сүйгенауыр, себебі!

Менітастап кетпеңдерші, өтініш!

Олда оралам деп еді…

«РОМЕО МЕН ДЖУЛЬЕТТА»ҚОЙЫЛЫМЫ

Театрғабарғанбыз.

Еңбақытты шығармыз деп барлық осы жаннан біз.

Көзалдыңда кіріп келді,

Біркездегі арман қыз.

Жиыпқойып маңайды,

Көзастымен сен де оған қарайсың, ол да саған қарайды.

Қасындағыер жігітін аядым,

Меніқойшы, жарайды.

Менікі– жай бақылап...

Қайран,жүрек!

Қайдағысыеске түсіп жатыр-ақ.

Тағыөтірік құшақтайсың,

Бəрінсезем, ақымақ!

Еңқиыны – жыламау,

Бірінбірі ұмытпаған екеуге – шыдау əрі шыдамау!

«Шынсүйгендер қосылмайды» – 

Қойылымныңтүрі анау!

Көзалдымда сурет па?

Əлдемəңгі жазылмайтын сезім деген қу дерт па?

Екіғашық сендер болсаң, мен кіммін,

Ей,Ромео-Джульетта?!

***

Қоштасуүшін бір кездесейік,

Біртілдесейік соңғы рет.

Қап-қараТүнге Күнді іздесейік,

Ойлапжүр Ол да сөнді деп.

Күнмененбірге көріп қалайын,

Көңіліңсодан күйсе артық...

Әтірдіұнайтын сеуіп барайын,

Сағынышымныңиісі аңқып!

Ұзынкөйлектің сыз ап етегін,

Сағанайтатын сәт ұттым –

Өмірдіңсонша ұзақ екенін,

Тымқысқа екенін бақыттың...

Ойнадыжалған солай – көнейік,

Жасымдыжыр қып жаттайды ел.

Уақытқаүздігіп қарай берейік,

Сенбірақ сағат тақпай кел...

Тегтер: