Оң өзгерістерге жаңа қадам
Комиссияның алғашқы оты- рысы ұйымдастырушылық әрі мазмұндық тұрғыдан тиісті дең- гейде өтті. Бұл жиын комиссия қызметінің бастау нүктесі ретінде маңызды рөл атқарып, алдағы жұмыстың негізгі бағыттары мен жұмыс форматын айқындауға арналды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселелер мемлекеттің консти- туциялық дамуы аясында жоға- ры өзектілігімен ерекшеленді.
Талқылаудың ашық форматта өтуі және қоғам тарапынан ұсыныстар- дың белсенді түрде түсуі жүзеге асырылып жатқан реформаларға деген сенімді арттырып, Қазақстандағы саяси жаңғырудың диалог пен келісім қағидаттарына негізделе отырып іске асып жатқанын айқын көрсетті. Бұл өз кезегінде билік пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтуға, қабыл- данатын шешімдердің легитимділігін арттыруға ықпал етті.
Аталған өзгерістер парламенттің рөлін күшейтуге және сайланған өкілдердің саяси әрі құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Со- нымен қатар, вице-президент институтының өкілеттіктері мен оның саяси жүйедегі орны жан-жақты қарастырылып, мемлекеттік басқару тетіктерін нақтылау, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтау және жауап- кершілік аясын айқындау мәселелеріне ерекше мән берілді.
Жалпы алғанда, елде кемелденген, жүйелі және ұзақ мерзімді пер- спективаға негізделген институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған айқын әрі дәйекті беталыс қалыптасып келе жатқаны байқалады.
Жанна Ермекова, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,
Экономика және бизнес жоғары мектебі, Қаржы және есеп кафедрасының доценті м.а.