Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:02, 12 Мамыр 2023

Өндірісті өңірдің экономикасы инвестициялық ахуалға тәуелді

None
None

Қарағанды облысында "Қуатты өңірлер-ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласында ілгерлеу байқалады.

Қазіргі таңда облыста 39 жоба іске асырылуда. Бұл туралы облыстық экономика басқармасының басшысы Татьяна Аблаева тікелей эфирде өткен брифингте мәлімдеді. Аймақ тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және кейбір елді мекендерге су бұруға, су желілерін салуға 15 жоба әзірленген. Жалпы жыл аяғына дейін оған сұраныс тудырған мекендерге су құбырының желісі орнатылады. Оның ұзындығы 121, 6 шақырымды құрайды. Мұнымен қатар, жылу жеткіліксіздігі туындаған ауылдардағы кемшіліктерді жою мәселесі қалыс қалмаған. Осы салаға қатысты 4 жоба бар. Жылу маусымына әзірлік барысында 6 шақырым жылу желісін жаңадан тарту межеленген. Облыстағы көлік жолы тұйықталған проблемалардың бірі саналады. Жолаушылар өміріне қатер төндіретін жол трассалары жылда жөнделгенмен, сапасы көңіл көншітпейді. Соның салдарынан, қайта өңдеуді талап ететін нысандар азай май келеді. «Орталық- Оңтүстік» ауқымды жобасын қоса алғанда, жол инфрақұрылымын талапқа сай етуге байланысты шаруалар биыл да жалғастын болады. Мысалы, 1374 шақырымдық автокөлік жолын жөндеуге бюджеттен қаражат қарастырылды. Оған 3 мыңға тарта жол-құрылыс техникасы жұмылдырылып, 570 адам жұмысқа тартылады. Мамандардың болжамына қарағанда, бұл өз кезегінде жолдың нормативтік жағдайын 92 пайызға жеткізеді.

Әлеуметтік салаға да ден қойылады

Облыс тұрғындарының әл-ауқатының жақсартудың кепілі-жұмыссыздықты жою. Бос жұмыс орындарына жәрмеңке ұйымдастыру, халықты еңбекпен қамту мақсатында жылада өткізіліп келе жатқан шаралардың нәтижесінде биылғы жылдың 4 айында облыста 632 жұмыс орны құрылды. Бұл жұмыссыздық деңгейін 4,4 пайызға азайтуға мүмкіндік берген. Оның 346-сы тұрақты кәсіп болып саналады. Тағы 54 үміткерге грант берілген. Салыстырмалы түрде айтсақ, былтырғы жылдың осы айында көрсеткіш 4,5 пайызды құраған. Әлеуметтік сала кешендерін салу қарқыны да бұрынғысыңша. Айта кеткен жөн, биыл облыс бойынша 10 мектеп салынады.

-Бүгінде Бұқар жырау ауданы Новостройка ауылында, сондай-ақ Қарақаралы ауданы Талды ауылында апатты жағдайда тұрған 2 мектеп бар. Оның орнына екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Мұнымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға дейін 25 мектеп салу жоcпарда бар,- деді экономика басқармасының басшысы Т. Абылаева.

Аблаеваның айтуынша, жыл аяғына дейін денсаулық сақтау саласында бірқатар жаңа нысандар пайдалануға беріледі. Қарағанды қаласынының орталығында 200 орындық облыстық көпбейінді балалар ауруханасының құрылысы аяқталуға жақын қалды. Мемлекет басшысының ауыл тұрғындарының мұқтаждығын шешу жөніндегі тапсырмасына орай, 2 жылда ауылдық жерлердегі 92 емдеу мекемесінің нысанын жаңарту жоспарланған. Оның 42-сі биыл өңдеуден өтеді.

-Ауылды көркейту- елдің негізігі стратегиялардың бірі болып табылады. Мәселен, «Ауыл-ел бесігі» жобасы аясында 58 мың 614 тұрғын мекендейтін 35 ауылға нақты көмек беріледі. Бүгінде тиісті жобалар бойынша байқау рәсімдері аяқталды, осы айдан бастап жобалар іске асырылады. Мұның сыртында, «Дипломмен ауылға » бағдарламасы бойынша осы жылы 201 жас маманға 1 40,2 млн теңгеге тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие және 330 маманға көтерме жәрдемақы төлеуге 113, 9 млн теңге беру қарастырылған. 1-мамырдағы жағдай бойынша, 135 маман 46,6 теңгенің көтерме жәрдемақысын иеленді. Моноқалалар мен кейбір елді мекендердегі инфрақұрылымды дамытуды үйлестіру де қалыс қалмаған. Теміртау, Абай, Саран, Шахтинск қалалары мен Абай, Бұқар жырау, Осокаров аудандарындағы облыс орталығына жақын елді мекендерін Қарағандыдағы екінші деңгейлі агломерациялар тізбесіне қосу міндеті жүрді. Көлікке қолжетімдікті жедел шешуге мүмкіндік беретін бұл шара жергілікті атқарушы органдардың өкілеттігін кеңейтуге де септігі зор,-деген экономика басқармасының басшысы билығы жылы облыстың экономикалық өсімі 7,8 трлн теңгеге жететінін айтты.

Елдің өндірісті өлкесінде өнеркәсіптердің алатын орны ерекше. Осыған сәйкес, облыс экономикасында нәтижелі табыстар бар. Жыл соңына дейін өңірдегі өнеркәсіптердің кірісін 0,3 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Ол жаңа инвестициялық жобалардың өміршеңдігі мен тұрақты жұмыс орынының ұзақ мерзімге сақталуына байланысты екені аян. Биылғы 4 айда облыстың негізгі капиталына 175, 6 млрд теңге инвестиция құйылған. Бұл меженің 24,9 пайызға жеткенін білдіреді. Ал, 2023 жылға 1,3 пайыз өсіммен инвестиция салу межеленген. Ағымдағы жылы құны 147 млрд теңге болатын 11 инвестициялық жоба игерілмек. Бұл 179 жаңа жұмыс орыны ашылады деген сөз. Әсіресе, тұрғын үй салуда қарқын басым. Бүгінге дейін аталған саласындағы жұмыс көлемі 2,8 пайызға орындалған. Оның қаржымен шаққандағы сомасы 54, 3 млрд теңгені құрап отыр. Жыл басынан бері тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткіші 13,9 пайызға ұлғайған. Бейнелеп айтқанда, шамамен 178 мың шаршы метр баспана тұрғызылған. Осылайша биыл 1010 отбасы жаңа үйге кірген.

Тегтер: