Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:29, 11 Тамыз 2020

Онлайн отыратын шенеуніктер қайда?

                        

         Қазір ғаламторәлеміне бейімделіп, көп істі бұрынғыдай екі аяққа күш салмай-ақ онлайн тындыруғаболатын күн туды.

Оның үстіне қазіргі қатаң карантин кезінде онлайн жұмысістеуге көшпеске амал жоқ. Халыққа ашық болу керектігі қашаннан бері айтылыпкеле жатыр. «Заманың түлкі болса, тазы боп шал» демекші, ғаламтор мен цифрлытехнологияны пайдалану, онлайн өмірге бейімделу – бүгінгі заман талабы. Мемлекетсаясатының сойылын соғып жүрген шенеуніктер бұл талапқа сай ма?    

         «Жас Алаштың» 4 тамыздағы №62 санында әкімдердің әлеуметтікжелідегі белсенділігіне, ел-жұртпен кері байланыс орнатуына зер салғанбыз. Бұлжолы твиттер, фейсбук, инстаграм әлеуметтік желілерінен салалық министрліктердітізгіндеген атқамінерлерге іздеу салдық.    

Елуді еңсерген,былтыр күздің бірінші айында сыртқы істер министрі болып тағайындалған Мұхтар Тілеуберді көпшілік отыратын әлеуметтікжелілермен дос емес екен. Бұлай деуімізге себеп – кириллицамен де, латынқаріптерімен де іздеп көрдік, таппадық. Алайда жұртшылық министрдің ресми жеке блогындасұрақтарын жаудырыпты. 2018 жылдың тамыз айынан бері қорғаныс министрі әрі 2019жылы аталған лауазымға қайта тағайындалған НұрланЕрмекбаев фейсбук желісінің қолданушыларымен 2018 жылы кері байланысорнатып, белсенді болыпты. Қазір жұмысы қауырт болды ма, 2018 жылдың 4сәуіріндегі жазбасынан кейін «оффлайн» режимінде. Ресми блогындағы 24 шілде мен4 тамыз ішіндегі сауалдар да жауапсыз қалыпты. Соған қарағанда министрдің шыныменуақыты болмай жүрген сыңайлы.

 Ал ішкi iстер министрі Ерлан Тұрғымбаев сәуір айынан бастап инстаграмда ғана жеке парақшасынжүргізсе, сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановты тек фейсбук желісінен табасың. Фейсбукқолданушыларына үнемі қайырлы таң тілеп отыратын ақпарат және қоғамдық дамуминистрі Аида Балаеваның әлеуметтікжелідегі ақпараттардан хабардар болып отырмауы, әлеуметтік желіқолданушыларымен байланыс орнатпауы сын болар еді. Сондықтан Аида ханымтвиттердің қолданушысы болмаса да, фейсбук пен инстаграмда бар. 

«Аты бар да,заты жоқ» дегендей, ауыл шаруашылығы министрі  Сапархан Омаров фейсбукжелісінде жеке парақшасын ашып қойғанымен, мүлдем белсенді емес. Ұлттықэкономика министрі Руслан Дәленовтің де жағдайы сондай, твиттерде парақшасы болғанымен, оны былтырдан беріжүргізбейді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пенқаржы министрі Әлихан Смайылов та әлеуметтік желіде тіркелмепті.

      Әділетминистрі Марат Бекетаев инстаграмдабар. Министрліктің ресми сайтындағы жеке блогында әділдік іздеген жұртшылық көкейдегісұрақтарын жаудырғанымен, министр көп сауалды жауапсыз қалдырыпты. Мұны қалайтүсінеміз? Білім және ғылым министрі АсхатАймағамбетов ресми блогында да, фейсбук пен инстаграм әлеуметтікжелілерінде де белсенді. Баласын оқуға дайындап жүрген отбасылар мұны бізсіз дебілетін болар. Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой тек фейсбук желісінде белсенді. Онысын қазіргі ушыққаніндетке байланысты жиі-жиі онлайн-брифинг өткізуінен және содан әлеуметтікжеліге кіруге мұршасы болмай жүрген шығар деп түйдік. 

      Еңбекжәне халықты әлеуметтік қорғау министрі БіржанНұрымбетов фейсбук желісінде әлеуметпен аса тығыз байланыста болмаса да, ара-тұратөбе көрсетіп отырады екен. Қазақстандағы инфрақұрылым ақсап тұрғанда индустрияжәне инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың әлеуметтік желіде тіркелмегені қызық болды. Себебі бұлсаланың кем-кетіктерін ашына жазған халықтың проблемасын дәл осы әлеуметтікжелілерден көруге болады. Министр соған мониторинг жасауы керек емес пе еді? Мәдениетжәне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова әлеуметтік желілерде белсенді екенін көпшілік байқаған да шығар, алайда инстаграмдапікір қалдырған «arystanarena» қолданушысы министр тарапынан кері байланыс жоқекеніне, спортқа қолдау көрсетілмейтініне наразы.  Цифрлық даму,инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орны әлі бос. 20 шілде күніАсқар Жұмағалиев орнын босатқан болатын. Үкімет қаулысымен тағайындалғанбірінші вице-министр Бағдат Мусин әзірше министрдің міндетін атқарады. 37жастағы жұрт мақтаған Бағдат Мусин фейсбук желісінде белсенді, соған сәйкес,оған үміт артушылардың қарасы да көп. Елуден асқан энергетика министрі Нұрлан Ноғаев мырза да заманға икемделеалмай жүр ме екен, министрді мақала басында аталған үш әлеуметтік желініңбірінен де таппадық.       

Атап өтукерек, еліміздегі министрліктердің сайттарында министрлердің ресми жеке блогыжоқ емес, бар. Алайда халықпен етене жақындастыратын, әлеуметтің жай-күйінбілуге, қоғамның тамырын ұстап көруге мүмкіндік беретін бүгінгі таңда әлеуметтікжелі боп отыр. Ендеше, бюрократияны қойып, әлеуметтік желі арқылы да қарақұрымхалықтың жанайқайына құлақ асатын кез жетті.

Нұрай РАХЫМ

Тегтер: