Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:02, 22 Сәуір 2024

Онлайн-казино иелеріне қылмыстық жауапкершілік енгізіледі

а
Фото: из открытых источников

Енді Қазақстанда онлайн-казинолардың қызметін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілік енгізіледі.

Заң жобасы аясында электронды казино мен онлайн казино қызметін ұйымдастырған заңды тұлғаларға қылмыстық жаза қолданылады. Оларға 2000 АЕК дейінгі мөлшерде айыппұл салу не 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу не мүлкін тәркілеп, сол мерзімге бас бостандығынан айыру ұсынылады.

Сонымен қатар ойын бизнесін ұйымдастырушылар енді өздерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен біріктіруге міндеттеледі. Осылайша мемлекет олардың барлық қаржылық операциясын көре алады.

Одан бөлек, ойын бизнесі мәселелері туралы заң жобасында букмекерлік кеңселер мен казиноларды ғимараттардың, құрылыстардың қоршауларында және көлік құралдарының сыртқы жарнамасында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында, мерзімді басылымдарда, кино, бейне және анықтамалық қызметтерде жарнамалауға толығымен тыйым салынады. Дегенмен букмекерлік кеңсенің және тотализатордың орналасқан жерінде, спорт ғимараттарының ішінде, спорттық бағыттағы теле, радиоарналар мен интернет-ресурстарда жарнамалауға рұқсат етіледі.

Лицензиясы жоқ шетелдік букмекерлік кеңселер мен лотереялардың интернет-ресурстарына да тыйым салынады. Сот актісі негізінде қызметі заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізімі жасалады. Бұл ретте банктер мен төлем жүйелеріне олардың пайдасына операциялар жүргізуге тыйым салынады. 

Фото: pixabay

Тегтер: