Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
12:55, 31 Наурыз 2025

Өңірлерді қайсек дамытамыз – сарапшы пікірі

1

Өңір дамыса адам капиталы да дамиды. Биылғы Көкшетауда өткен ұлттық құрылтайда президент әр түрлі салалармен қатар ел экономикасын да дамыту қажет екенін айтты. Мысалы, еліміздегі өңірдердің дамуы әр түрлі.

 Ел экономикасын көтереміз десек осы олқылықтың орнын жою қажет. Мемлекет басшысы артта қалған өңірлерді өркендететін жобалар қолға алынуы қажет екенін де тілге тиек етті. Осы мақсатта елімізді нақты секторына биыл 8 трлн теңге бөлінеді. Тоқаев оны игеруді тапсырды. Бұл қаржы еліміздегі өңірлердің дамуына жұмсалатын болады. Ол қаражат қалай игеріледі, орталықтан бөлек те өңірлерді қалай дамытсақ болады деген сұрақтарды эономист Сапарбай Жүзбаевқа қойдық.

Біздің эконмикаға қарасақ өңірлерде теңсіздік бар. Атырау, Ақтау, Шымкентте мұнай өндіріледі. Сондықтан ішкі өнім де жоғары. Ал Повладар, Қостанай, Петропавл жерлерде ішкі өндіріс төмен. Ал қалған өңірлерде ауылшаруашылық тарапынан өндіріс біршама жоғары. Қазір үкімет өңірлердің теңсіздігін теңестіру үшін жұмыс жасап жатыр. Сапарбай Жүзбаевтың айтуынша, жалпы алғанда аталған бағдарлама дұрыс. Тек өңірлердің әлеуметтік дамуына жол ашу үшін кейбір мәселелрді де ескерген қажет.

«Өңірлерді әлеуметтік жағынан дамытуды бастау керек. Бірақ өңірлердің экономикалық әлеуеті әртүрлі. Мысалы, Қызылорда облысы ауылшаруашылығы жағынан онша дами алмайды. Себеб табиғаты келмейді. Ал батыс өңірлері мұнай мен газға бай. Сондықтан экономикалық дамуымыз әр өңірде бірдей емес. Бірақ үкімет Қазақстан мемлекеті болғасын әр өңірдің әлеуметтік дамуын теңестіруі қажет. Енді мұны теңестіру мәселесін шешу үшін 2012 жылы жергілікті басқару тұжырымдамасын қабылдады. Сол кезде саяси-экономикалық өзгерістерді енгізу жоспарланған еді», - дейді экономист.

Сарапшының айтуынша, сол саяси өзгеріс қазіргі күнде басталған. Ауылда, кейбір аудандарда сайлау өтіп жатыр. Бірақ әкімдер сайланғанымен олардың билігі шектелген. Бұл да ескеру қажет бір мәселе. Себебі өңірлердің дамуы тікелей жергілікті басшыларға да байланысты.

«2012 жылғы тұжырымдамада жергілікті бюджетті қалыптастыру, олар өз мәселесін өздері шешу өте жақсы жазылған еді. Бірақ әзірге жергілікті жерлерге қаржы дұрыс берілмей жатыр. Бюджет республикалық бюджетке кетеді. Астана, Алматы, Атырау өзін өзі қаржылай қамтамасыз етеді де, аз-маз донор бола алады. Ал қалған он жеті өңір республикалық бюджетке қарайды. Мұндай жағдайда әр өңірді экономикалық жағынан дамыту қиын. Мысалы, Жамбылдағы бір ауылды сумен қамтамасыз ету үшін, Астанадағы жоспарға енуі қажет. Мұндай жағдайда даму қиын. Даму үшін мұндай жағдайда ауыл не аудан әкімі бұл мәселені өздері шешу қажет. Ал олардың қаржысы жоқ. Сондықтан облысқа жалынады. Облыс Астанаға қарайды. Нәтиже болуы үшін әр өңір өз мәслесін өз шешуі қажет деп ойлаймын. Мысалы, ауылды өркендету үшін қаламен ауыл жағдайы бірдей болу үшін ауылдағы дихандарға жерді беруі қажет. Сол кезде де ауылда инфрақұрылым пайда болып жұмыс көздері ашылатын еді», - дейді сарапшы.

Биыл өңірлерді дамыту үшін қандай жобалар жүзеге асырылады?

Өңірлердің арасындағы арасындағы алшақтықты әлеуметтік жағынан теңестіруге болады. Әр өңірдегі азаматтардың жалақысын теңестіру арқылы олардың әлеуметтік әлеуетін теңестіруге мүмкіндік бар. Бірақ олардың экономикалық әлеуетін теңестіруге болмайды. Себебі кейбір сарапшылар айтып кеткендей әр өңірдің экономикасы сол аймақтың жер жағдайына, қазба байлықтарына қарай бөлек-бөлек. Әлемдік тәжірибеде де әлеуметің теңсіздікті теңестіргенімен әр өңірді экономикалық жағына теңестірмейді. Мысалы, Калифорния АҚШ-тағы ең бай өңір. Бірақ оны АҚШ билігі теңестіру үшін әрекет жасамайды. Дегенмен, өңірлерді дамыту бойынша үкімет тарапынан бірнеше жоба іске асырылып жатыр. Соның бірі Түркістан облысындағы Созақ фосфат инвестициялық жобасы. Қазіргі күнде сол жоба арқасында мың шақты маман жұмыспен қамтылу жоспарланған.

Бұл туралы ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің өкілі Әбілқайыр Мерекенов айтты. Оның айтуынша, бұл жобаға 400 миллиард теңге инвестиция тартылады. Бұл жобаның қуаттылығы алдымен 500 тонна, келер жылы 2 миллион тонна болады. Былтыр министрлік 180 жобаны іске асырған. Ал биыл 190 жобаны іске асырылу жоспарланып жатыр. Ал инвестиция көлемі 1,85 триллион теңгені құрап, 20 мың азамат жұмыспен қамтылатын болады. Сол сияқты Жетісу облысында да биыл 15 жобаны іске асыру жоспарланған. Маңғыстау облысында 5 жоба 2025 жылы жүзеге асыралады.

Қорытындылай айтқанда, өңірлік даму – ел дамуының негізі. Қазір басталған бағдарламалар мен жобалар осы бағыттың дұрыс екенін көрсетеді. Егер қаржыландыру мен басқару мәселесі тиімді жолға қойылса, келешекте Қазақстанның барлық өңірі өз әлеуетін толық пайдаланып, ел экономикасын ілгерілететін қозғаушы күшке айналары сөзсіз.

Тегтер: