Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:00, 26 Мамыр 2023

Оңтүстіктегі диқандар су тапшылығын тартып отыр

None
None

Еліміздің оңтүстігіндегі диқандар су тапшылығынан зардап шегіп отыр. Осыған байланысты Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында мәселеге министрліктің назарын аударды, деп хабарлайды «Жас Алаш».

Айтуынша, халықаралық шарттарға сәйкес елімізге секундына 40 текше метр су келуі керек. Алайда бүгінде ол көрсеткіш шамамен 25 текше метрге дейін төмендеп кеткен.

Салдарынан шаруалар шығынға ұшырап, жоспарлаған өнімін ала алмай келеді.

Бұл проблема аймақтардағы шаруалардың наразылығын тудырып отыр деген Сенат Төрағасы жауапты мемлекеттік мекемелерді мәселені тездетіп шешуге шақырды. Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

— Бюрократиялық жолмен осы күрішті азайту керек, басқасын салыңдар деп бұйрықпен шешілетін нәрсе емес. Мұны ақылмен, ойланып, ғалымдармен ақылдасып, керек болса қосымша көмек беріп, жердің сапасын көтеруге көмектесіп, бір жағынан технологияларды алып кеп шешу керек. Мүмкін күріштің өзін де жаңа теххнологиялардың көмегімен өсіруге болатын шығар, — деді.

Тегтер: