Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:17, 30 Желтоқсан 2024

Оңтүстік Корея биліктен шеттетілген президентті тұтқындауға ордер беруді сұрады

Юн Сок Ель
Фото: socialnews.xyz

Тергеушілер алғаш рет Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер беруді сұрады.

 Бұл туралы Yonhap жазды. 

Бірлескен тергеу тобы президентті қысқа мерзімді әскери жағдай енгізуіне байланысты қамауға алу туралы өтініш берді. Өтініш Сеулдің Батыс аудандық сотына жексенбі мен дүйсенбі арасындағы түн ортасында жіберілді.

«Бүлік және билікті асыра пайдаланды деген айыппен тұтқындауға ордер беру туралы өтініш Юн үш рет жауап алуға шақыруды елемеген соң жіберілді», - делінген хабарламада.

Топқа Жемқорлықпен күрес жөніндегі бас бюро (CIO), полиция және Қорғаныс министрлігінің тергеу бөлімшесінің өкілдері кіреді.

Айта кетейік, Юн 3 желтоқсанда әскери режим жариялап, заң шығарушылардың жарлыққа қарсы дауыс беруіне жол бермеу үшін Ұлттық жиналыс ғимаратына әскер жіберуді бұйырған. Юн айыптауларды жоққа шығарып, әскери жағдайды жариялау оппозициялық партияны заң шығарушы билікті асыра пайдаланудан ескертуге бағытталған «басқару актісі» екенін айтты.

«Жауап ретінде Юнның өкілдерінің бірі Юн Гап Ген сол күні сотқа қамауға алу туралы өтінішке қарсылық білдіретін құжатты және адвокаттарды тағайындау туралы хабарламаны беретінін мәлімдеді», - делінген ақпаратта.

Ұлттық ассамблея Оңтүстік Корея президентінің міндетін атқарушы Хан Дук Суға импичмент жариялауға дауыс бергенін бұған дейін жазғанбыз.

 Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды. Сонымен бірге, Қорғаныс министрлігі мемлекетке опасыздық жасады деген айыптар мен тергеулерге қарамастан, Оңтүстік Кореяның қарулы күштерін бақылау әлі де бас қолбасшы ретінде президенттің қолында екенін хабарлады.

Желтоқсанның 7-сі күні Оңтүстік Кореяның билеуші ​​​​Халық күші партиясы наразылық ретінде президентке импичмент жариялау бойынша дауыс беруден бас тартты.

Тегтер: