Оңтүстік Корея президенті бүлік жасады деген күдікке ілінді
Оңтүстік Корея полициясы президент Юн Сок Ель "елде әскери жағдай енгізіп, осылайша бүлік ұйымдастырмақ болды" деген күдікпен тергеп жатыр.
Бұл туралы депутаттарға Ұлттық тергеу департаментінің директоры У Чон Су айтты, деп хабарлайды France-Presse.
Юн «КХДР-нің ішкі жақтаушыларымен күресу үшін» әскери жағдай енгізілгенін 3 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 22:25-те жариялады. Алты сағат бойы күшінде болған қаулы саяси партиялардың жұмысына, наразылық акцияларына, ереуілдерге тыйым салды, цензура мен өлім жазасын тағайындау құқығы бар әскери трибуналдарды енгізді. Парламент ғимаратына әскерилер басып кірген кезде депутаттар президенттің шешімін жоюға дауыс берді. Осыдан кейін ол заң бойынша жарлықты жоюға мәжбүр болды.
Оңтүстік Кореядағы оппозициялық партиялар президентке қарсы импичмент процедурасын бастады, дауыс беру 6 желтоқсанға жоспарланған.
Оппозиция сонымен қатар Ұлттық тергеу агенттігінен ел президентінен басқа бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді, әскери жағдай кезінде қолбасшы болып тағайындалған армия штабының бастығы Пак Ан Суды және ішкі істер министрі Ли Санг Минді кінәлауды талап етті.
Өткен түні Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрі Ким Ён Хен отставкаға кетті. Ол журналистерге президент Юн Сок Ёльға әскери жағдай жариялауды өзі ұсынғанын айтты. Ким азаматтар арасында түсінбеушілік пен алаңдаушылық тудырғаны үшін өкініш білдірді және «төтенше жағдайға байланысты қолайсыздықтар» үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.