Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 08 Қаңтар 2025

Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ельді қамауға алу ордері ұзартылды

Юн Сок Ель
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель/Фото: AP Photo / Kim Hong-ji

3 қаңтарда қызметі уақытша тоқтатылған президентті қамауға алу әрекеті сәтсіз аяқталды.

Оңтүстік Корея соты президент Юн Сок Ельді қамауға алу ордерін ұзарту туралы шешім шығарды, деп хабарлады Yonhap.

6 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тергеу басқармасының (CIO) шенеуніктері жоғары лауазымды шенеуніктерді қамауға алу ордерін ұзарту туралы Сеулдің Батыс аудандық сотына шағым түсірді. Алдыңғы ордер мерзімі 6 қаңтарда біткен.

Тергеушілер жаңа санкцияның мерзімі туралы ақпарат бермеді. Әдетте бұл 7 күн, бірақ Юнды қамауға алудағы қиындықтарға байланысты тағы ұзартылуы мүмкін.

3 қаңтарда биліктен кеткен президент Юн Сок Ельді тұтқындауға жасалған алғашқы әрекет сәтсіз аяқталды. Оны ұстауға барған полиция қызметкерлері Юнның жақтастары мен оққағарларына тап болып, кері бұрылуға мәжбүр болды.

3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель елде әскери режим енгізілгенін хабарлады. Кейін ол парламент қарсылығына байланысты әскери жағдайды алып тастауға келісті. Елдегі әскери жағдай бес сағатқа жуық уақытқа созылды.

Осыдан кейін парламент президентке импичмент жариялап, оны қызметінен уақытша алып тастады. Соғыс жағдайын жариялауға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кейін Юн Сок Ель президент резиденциясының жанына жиналған жақтастарына жазбаша хабарлама жолдап, «Оңтүстік Кореяға қауіп төндіретін мемлекетке қарсы күштерге» қарсы күресті жалғастыруға уәде берді.

Тегтер: