Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 11:47

Оңтүстік Кореяда экс-президенттің әйелін тұтқындауға ордер берілді

1
Фото: Getty Images / Pool/Jung Yeon-Je

Оңтүстік Кореяда  экс-президенттің әйелі бағалы қағаздармен алаяқтықпен айналысты, сайлауға араласты және пара алды деп айыпталып отыр.

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ельдың әйелі Ким Конг Хиді тұтқындауға ордер берді, деп хабарлайды Рёнхап ақпарат агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, бұрынғы бірінші ханым бағалы қағаздарға, сайлауға араласуға және парақорлыққа қатысы бар деп айыпталған.

2024 жылдың желтоқсанында сол кездегі президент Юн Сок Ель елде төтенше жағдай енгізуге тырысты, содан кейін оған импичмент жарияланды. 4 сәуірде Конституциялық сот импичмент жариялағанын растады.

10 шілдеде Сеул соты Юн Сок Ельды тұтқындауға екінші ордер берді. Бұрынғы президент 15 қаңтарда қамауға алынды, бірақ наурызда босатылды.

Тегтер: