Оңтүстік Кореядағы ұшақ апатының себебі айтылды - NYT
Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясына тиесілі Boeing 737-800 жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауына бірнеше фактор себеп боған.
Бұл пікірді The New York Times (NYT) басылымына сұхбат берген сарапшылар айтқан.
179 адам қаза тапқан ұшақ апаты 29 желтоқсанға қараған түні Оңтүстік Кореяның Муан қаласындағы әуежайда болды. Шассидің істен шығуына байланысты Бангкоктан ұшып шыққан ұшақ ұшу-қону жолағы бойымен сырғанап, бетон қабырғаға соғыылып, өртеніп кетті. Бортта 181 адам болған, екі адам аман қалды.
Әуеде құстардың бары туралы хабарлама алғаннан соң екі минуттан кейін ұшқыш бақылау мұнараларына құспен соғысу мүмкіндігі туралы хабарлады, дейді билік өкілдері. Ұшқыш «айналмалы маневр» жасайтынын айтқан, яғни ол бірінші қону әрекетін тоқтатып, екіншісіне дайындалу үшін ауада айналған. Алайда, ол толық шеңбер жасамай, бір минут ішінде ұшу-қону жолағына жақындаған. Ал үш минуттан кейін ұшақ бетонға соғылған.
Корей авиациялық қауіпсіздік қауымдастығының төрағасы Хван Хо Вон: "Ұшқыштың қонуға неге сонша асығатыны үлкен сұрақ" дейді.
NYT рейс кестеден жарты сағатқа кешігіп, ұшқыштың жеті мың сағатқа жуық ұшу тәжірибесі болғанын жазады. Baek Seung-ju, Korea Open Cyber University қоғамдық қауіпсіздік профессоры қозғалтқыштың істен шығуы міндетті түрде шассидің істен шығуына әкелмейтінін атап өтті, бірақ бұл жағдайда екеуі де болуы мүмкін.
Қайғылы жағдайға себеп болған тағы бір фактор Муан әуежайындағы ұшу-қону жолағының ұзындығы. Әдетте ұшу жолағы 2,8 шақырым, бірақ апат күні құрылыс жұмыстарына байланысты әуежай жолағы шамамен 2,5 шақырымға қысқарған. Билік бұл қашықтық Boeing 737-800 қонуы үшін жеткілікті екенін айтқан.
Кейбір сарапшылардың пікірінше, егер ұшу-қону жолағының соңында ұшқышқа қонуға бет алу жолын дұрыс ұстауға көмектесетін бетон локализатор антеннасы болмағанда және ол неғұрлым берік бекітілген болса, қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді.
Оңтүстік Кореяның Жер, инфрақұрылым және көлік министрлігінің авиация саясаты жөніндегі директоры Джу Чон Ван антенна ережелерге сәйкес орнатылғанын және оның айналасында топырақ қоршау бар екенін айтты, бірақ үкімет талаптарды қайта қарауды жоспарлап отыр.
Сонымен бірге, NYT сұхбаттастары ұшақтың проблемалары бетон конструкциясымен соғысқанға дейін басталғанын айтады. Қону кезінде ұшқыш қозғалтқыштар мен шассиді басқара алмаған.
Оңтүстік Кореяның Хёнгвун университетінің авиация сарапшысы Джей Юнгтың айтуынша, егер бір қозғалтқыш құстардың соғуынан істен шықса, ұшқыш басқа қозғалтқыштың қуатын пайдаланып, шассиді түсіру үшін гидравликалық сорғыны басқара алады. Сарапшылардың айтуынша, екі қозғалтқыш істен шыққан жағдайда да шассиді қолмен түсіруге болады, бірақ қонуға асыққанды ескерсек, ұшқыштың бұған уақыты жетпеген болуы мүмкін.
Британдық авиациялық қауіпсіздік сарапшысы Дэвид Лирмонт экипаж бен жолаушылар ұшақ ұшу-қону жолағында бетон конструкциямен соғысуы салдарынан қаза тапты деп санайды.