Оңтүстік Кореяның экс-қорғаныс министрі мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен қамауға алынды
Оңтүстік Кореяның прокуратурасы бұған дейін ел президенті Юн Сок Ельға әскери режим енгізуді ұсынған бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді қамауға алды.
Yonhap агенттігінің хабарлауынша, экс-шенеунік мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен ұсталған.
«Прокурорлар жексенбі күні бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ён Хенді президент Юн Сок Ельдың әскери режим жариялауынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген күдікпен тергеу барысында қамауға алды», - делінген хабарламада.
Ким Ён Хён бұған дейін елде жақында жарияланған әскери режим үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, отставкаға кететінін мәлімдеген. Өз мәлімдемесінде қорғаныс министрі туындаған түсінбеушілік үшін өкініш білдіріп, әскери әрекеттер оның басшылығымен жүзеге асырылғанын растады.
Бір күн бұрын Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель видео үндеу жасап, елде әскери режим енгізілгені үшін кешірім сұрап, оған импичмент жариялау бойынша парламентте алдағы дауыс беру кезінде оны енді енгізбеуге уәде берді.
Мемлекет басшысы сондай-ақ әскери режимнің енгізілуі үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді.
«Мен өз партиямның болашақта саяси жағдайды тұрақтандыратынан сенемін», - деді ол.
Сенбі, 7 желтоқсанда Корея Республикасының Ұлттық ассамблеясы Юн Сок Ельға импичмент жариялау үшін қажетті дауыстарды жинай ала алмады.