Бүгін, 12:55
Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ёль 5 жылға сотталды
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті Юн Сок Ёль тергеушілердің әрекетіне кедергі келтірді деп айыпталып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салсақ, Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялаған кезде құқық қорғау органдары оны бүлік ұйымдастырды деп айыптап, парламент импичмент жариялап, биліктен шеттеткен болатын.