Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
07:07, 28 Наурыз 2020

«Опасыз тамшы»

Өткен ғасырдың70-жылдарының аяқ шені еді. Алматыға арнайы келіп қоныстанғаныма біраз уақытөтсе де, өзім қалаған редакциялар мен баспаларға іліге алмай, әр жұмыстың басынбір шалып жүрген кезім.

Бірақ күнкөріс үшін қандай шаруаның шетіне шықсам да,қолымнан қаламымды тастамай, әлденелерді шимайлап жазған болып қоямын. Сонанжабық бәйгеге жіберілген бір шытырмаған оқиғалы повесім жүлделі орынға ілігіп,оны кітап етіп басып шығару жөнінде шешім қабылданыпты. Қолжазбамды «Жалын»баспасының «Балалар әдебиеті» редакциясына тапсырып қойып, күтіп жүрмін. Тамызайының 20-лары шамасында сол қолжазбамның жағдайын білу үшін аталған редакцияғакелдім. Ол кезде редакция меңгерушісі – қазақтың белгілі балалар ақыны ҚастекБаянбаев. Ол кісі менің шаруамды үнсіз тыңдап алды да, сол орнында отырғанқалпы қабағын шытыната түйіп: БОЯМАСЫЗ ӨМІР «Опасыз тамшы» –Ей, Нұрдәулет, сеносы біздің редакцияға неге жұмысқа келмейсің? – дегені зіркілдей сөйлеп.Бейнебір мен бұл қызметке келгім келмей, қашып жүрген адамдай-ақ. Мына кісініңаузынан шыққан жақсы лебізге қуанғаным сондай – ол кісінің өзіме қалайсөйлегеніне де мән бермеппін. Екеуара әңгімемізді естіп отырған редакцияқызметкерлері артынан: – Қаскең сені жұмысқа ұрсып шақырды ғой, – дестіжымыңдай күлісіп. – Онысы қалай, сонда? – десем, олар: – Өзінің сөйлеу мәнерісолай. Зіркілдегенімен, сөзінің зілі жоқ, – деп тағы күлісті. Көрсетілгенорында отыра қалып, берген қолжазбаны оқып, ақырын жұмысымды жүргізген болыпжатырмын. Қанша айтқанмен, қазақ әдебиеті мен тілінің маманымын, оның үстіне«Мектеп» баспасында корректор болып істеген тәжірибем бар, қолжазба оқуғапәлендей қинала қойғаным жоқ. Қолым әрең жеткен қызметке шамамның келгеніншекөлеңке түсірмеуге тырысамын. Менің осы кәсіптік дағдым, мінезімнің тыныштығыҚаскеңе де ұнағандай. Өйткені маған көп ескерту жасамайды, бітірген жұмысымныңүстінен қарап, қалам тигізуі де сирек. Берген қолжазбамның үстіне тағы дакезекті біреуін ұсынып қояды. Редакция қызметкерлерінің арасында ЕрмекӨтетілеуов, Серікбай Оспанов тәрізді белгілі қаламгерлер де бар. Желтоқсан айыболатын. Бір күні Қаскең мені жанына шақырып алды да: – Нұрдәулет, мына бірқағазды директорға апарып, қол қойғызып келші, – деді қолыма әлдеқандай қағаздыұстатып. Мен ала салып есікке қарай жылжи беріп едім, Қаскең қайтадан тоқтатыпалды: – Бұны директорымыз Қалдарбекке ана Ермек те, Серікбай да апарды. Қолқоймай, өздеріне ұрсып жіберіпті. Бірақ сонан кейін айтқанын істеп,жөндегенбіз. Енді соған сені жұмсайын деп отырмын. Жігіттердің беті әбденқайтып қалыпты. Сен жаңадан келіп жатырсың ғой, осыған қол қойғызып әкел енді,– деді қысқа ғана. Жеке өзімдікі емес, жалпы редакцияның жұмысы болғандықтан,директорға кірерде онша қобалжи қойғаным жоқ. Төрде қаққан қазықтай болыпотырған сымбатты жігіт ағасы мені жылы шыраймен қарсы алды. ҚалдарбекНайманбаев, жалпы, келбетті де кісі болатын. Шыттай болып киген киімі де өзінесоншалықты жарасып, айналасына бір жылы сәуле шашып тұрғандай әсер етуші еді.Мен директор столының сол жағына келіп сәл еңкейдім де, қолымдағы қағаздыкөрсеттім. Ол кісі өзіне тән мәнерімен қаққан қазықтай болған күйі иілместенжоғарыдан көз салды да, кенет жайдары жүзі қолма-қол ызғарлана қалды: Міне,мына бір жерін жөндет дегенім қайда? Оны неге істемегенсіңдер? – деді қабағынқарс түйіп алып. Қағаздың мазмұнынан онша хабарым жоқ мен: Қалаға, жөнделген…Міне, мына жеріне қараңызшы өзіңіз, – деп, қағаз үстіне еңкейе бердім.

Аздап тұмауратып ауырыптұрсам да, жұмыстан қалмайтын дағдымыз бойынша қызметіме келіп жүргенмін.Қалекең: – Қане, қане? – деп қағазға шұқшия түскен сәтінде мен одан әрмен иілееңкейіп: – Міне, мына бір жерде… – дей бергенім сол еді, танауымның ұшынақарай сырғып келіп қалған бір опасыз тамшы дірілдеп барып жаңа ғана бізәспеттеп отырған құжаттың үстіне тамыпақ кеткені. Сүртіп үлгере алмай қалдым.Өзі онсыз да үсті-басына шаң жұқтырмайтын кірпияз кісі шошыған адамдай басынкегжең еткізіп көтеріп алды. Қағаз бетіне күтпеген жерден тамып түскен тамшыдансескеніп қалғаны анық. Сөйтті де, «директор» деп жазылған жерге қолындағықаламымен сойдақтата қол қойды да, «Осы бәледен аулақ!» деген адамша қағаздышертіп кеп жіберді. Ол барып қолдан жасаған балалардың самолеті тәрізді қалқыпбарып кілемнің бір жеріне сырғанай құлады. Шапшаң еңкейіп іліп алдым да,рақметімді айтып, танауымды да сүртіп үлгерместен тайып тұрдым. Редакцияқызметкерлерінің бәрі «не болар екен» деген кейіппен мені асыға тосып отырекен. Танау ұшына кимелеп келіп қалған кезекті тамшыны жеңіммен жапыра бірсүйкеп жібердім де, мардымсыған пішінмен қағазды бөлім меңгерушісінің қолынаұстата қойдым. Көбінесе қабағын түйіп отыратын, әншейінде ұстамды Қаскеңніңдаусы қатты шығып кетті: – Жігіттер, қараңдар! Ермек, Серікбай, сендер деқараңдар! Сендер қойғыза алмаған қағазға мына Нұрдәулет қол қойғызып алыпкеліпті, – деді қуанғанын жасыра алмай. Бұл кісінің аузынан қуанышты, жағымдылебіз сирек шығатын болғандықтан, редакциядағылар бір мәз болып қалысты. Үлкеншаруаны қалай тындырғанымды ашып айтпай, орныма келіп, сол тымпиған қалпыжұмысымды жалғастыра бердім.

Нұрдәулет АҚЫШ, жазушы

Тегтер: