Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:47

OpenAI басшысының үйіне «Молотов коктейлі» лақтырылды

р
Фото: AP

20 жастағы ер адам OpenAI тең құрылтайшысы Сэм Альтманның үйіне жанғыш қоспа құйылған бөтелке лақтырып, компанияның штаб-пәтерін өртейміз деп қорқытқан. Вилланың қақпасы өртенгенімен, ешкім зардап шеккен жоқ.

Күдікті оқиға орнынан қашып кеткенімен, кейін ұсталған. Ол сондай-ақ Сан-Францискодағы компанияның бас кеңсесін өртейміз деп қорқытқан.

San Francisco Chronicle басылымының мәліметінше, күдікті Алехандро Даниэль Морено-Гама есімді азамат ретінде анықталып, қамауға алынған.

Полиция оның әрекетінің себебі әзірге белгісіз екенін мәлімдеді. Соңғы уақытта OpenAI компаниясы мен оның басшысы жасанды интеллектке қарсы топтардың наразылық нысанына айналып отыр. Олар бұл технологияны адамзатқа қауіп деп санайды.

Бұған дейін Сэм Альтман жасанды интеллектті реттейтін жаһандық орган құру қажеттігін айтқан болатын.

Тегтер: