Оқушылар арасында шахматтан халықаралық турнир өтті

Алматыда жуырда Қазақстан федерациясының және Үндістан Республикасы елшілігі мен №92 Махатма Ганди атындағы мамандандырылған лицей әкімшілігінің қолдауымен шахматтан онлайн турнир өтті.
«Ганди мемориалы – 2020» Х халықаралық шахматтан онлайн турнирі Lichess онлайн платформасында өтіп, 273 оқушы қатысты. Дәстүрлі түрде мерейтойлық шахмат турниріне жыл сайын республикалық физика-математика мектебінің, Назарбаев атындағы зияткерлік мектептерінің, басқа да жалпы білім беру мекемелері мен гимназия, лицейлердің оқушылары қатысатын, биыл Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген 16 жасқа дейінгі оқушылар қатысып, бақ сынасты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, биыл жарысқа қатысқандар өте мықты болған көрінеді. Сол себепті, ұл балалар арасында 25 орын, қыз балаларға 10 орынға дейін жеңіс тағайындалып, ең жоғары ұтыс сомасы 140 мың теңге, ең төменгі 10 мың теңге сомасында ақшалай сый берілді. Жарыс қорытындысы бойынша, Өзбекстан Республикасынан Жавохир Синдаров І орын, Қырғызстаннан Элдияр Орозбаев ІІ орын, Өзбекстаннан Алмас Рахматуллаев ІІІ орын иемденді. Ал қыздар арасынан Қазақстаннан Республикасынан Меруерт Камалдинова І орын, Ксения Балабаева ІІ орын, Амина Қайырбековалар ІІІ орынды қанжығасына байлады.