Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
17:05, 28 Қараша 2020

Оқушының үндеуіне министрліктегілер жауап берді (видео)

None
None

Қазақстандық мектеп оқушысы эмоционалды үндеу жасады. Онда ол елде сауда орталықтары, мейрамханалар мен барлар ашық болған кезде мектеп оқушылары неге қашықтан оқуды жалғастыра беретінін сұрап, бейнежазба жолдаған болатын,-деп хабарлады «Жас Алаш».

 

Видео Қазнетте таратылды, қызу талқыға түсті.  Оқушы білім, денсаулық сақтау министріне, сондай-ақ елдің бас санитар дәрігеріне жүгініп сауал тастайды. 

«Мен сіздерге сұрақ қойғым келеді: біз қашан мектепке барамыз? Интернетте бір жылдай оқыдық, неге біз қалыпты оқи алмаймыз? Неліктен мейрамханалар мен барлар ашық? Ересектердің тамақ ішуге құқығы балалардың оқуына қарағанда маңызды ма? Біздің қалыпты оқуға толық құқығымыз бар», — дейді шәкірт. 

Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті оның  үндеуіне жауап берді.

«Біздің елде балалардың білім алуға деген мұндай құштарлығы мақтауға тұрарлық және қуантарлық жағдай. Алайда, қауіпсіздікті   қамтамасыз ету үшін қазіргі кезде қабылданған барлық шаралар орынды және қажет екенін түсіну керек. Балалар — біз үшін ең құнды нәрсе олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруге құқығымыз жоқ», — деп атап өтті Комитет өкілі.

Санитарлық дәрігерлердің жауабында эпидемиологиялық ахуалы қолайлы Қазақстанның өңірлерінде екінші тоқсанның басынан бастап — 16 қарашадан бастап 300 оқушыға дейінгі сыйымдылығы бар мектептердің дәстүрлі форматта оқуға оралғаны атап өтілді. Сонымен қатар, ата-аналардың қалауы бойынша 1-5 сыныптар кезекшілік етеді.

«Алайда, бақылау топтары апта сайын тексеру кезінде санитарлық-гигиеналық талаптардың бұзылуын анықтап отыр. Сонымен қатар, мектеп оқушыларының қашықтан оқитын жағдайымен салыстырғанда, кезекші сыныптарда COVID-19 жұқтырудың үлесі әлдеқайда жоғары», — деп толықтырды Комитет өкілі.

«Осының бәрін ескере отырып, қазіргі уақытта біз дәстүрлі білім беру түріне толықтай оралу мәселесін қарастыра алмаймыз. Карантиндік шаралар елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты біртіндеп жұмсартылатын болады», — деп қорытындылады министрліктегілер. 

Тегтер: