Орал қалалық соты кафедегі жарылысқа кінәлі адамды 5 жылға соттады
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық соты осы жылдың 4 қаңтарында «Rizyq» кафесінде орын алған жарылысқа кінәлі тұлғаға айыптау үкімін жариялады.
Бұған дейін жеке кәсіпкер және «Rizyq» кафесінің басшысы әрі сотталушы газ жабқытарын қолданудың белгіленген ережелерін бұзып, салдарынан жарылысқа және кафе ғимараты бөлігінің құлауына әкеліп соққан.
Оқиға салдарынан үш адам қаза болып, бес адам әр түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.
Сот отырысы барысында сотталушы кінәсін мойындамады және барлық жауапкершілікті жұмысшыларына артпақ болған.
Алайда мемлекеттік айыптаушы мен сотқа ұсынған сотталушылардың кінәлілігін растайтын бұлтартпас дәлелдемелері айыптау үкімін шығаруға ықпал еткені айтылады.
Нәтижесінде сот сотталушыны Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 292-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, мекемелерде әкімшілік-шаруашылық және ұйымдастырушылық-өкімдік қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға айыра отырып, 5 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.