Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
13:50, 22 Шілде 2024

Орал қаласының әкімі қызметінен кетті

Мейіржан Сатқанов
Фото: ашық дереккөз

Орал қаласының әкімі Мейіржан Сатқанов қызметінен кететінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.

"Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс жасау үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді", - деп жазды ол instagram парақшасында. 

Шенеуніктің айтуынша, ол денсаулығына байланысты жұмыстан ерте кетуді ойлаған, бірақ кейбір мәселелер оның ерте кетуіне мүмкіндік бермеген.

"Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны орын алып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім", - деді Орал қаласының әкімі.

Айта кетейік,  Мейіржан Сатқанов Оралға әкім болып 2022 жылдың 26 ​​сәуірінде тағайындалды.

2024 жылдың мамыр айында БАҚ беттерінде әкімнің өз еркімен отставкаға кеткені туралы ақпарат шықты. Алайда әкімнің баспасөз хатшысы Данияр Оспан бұл деректердің шындыққа жанаспайтынын айтты.