Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
08:56, 11 Тамыз 2021

Орал – Қырым мен Донбасстың кебін киіп жүрмесін

None
None

Біздің биліктегілер ойлануы керек. Ертең біз де Украинаның кебін кимесек десек. Бақсақ, бізге Ресеймен шекаралас облыстардың өзге ұлт өкілдерінің азаматтығын егжей-тегжейлі тексеру қажет екен.

Тіпті «Оралдағы казачество Ресейге барып келіпті, қаруланып жатыр» деген қауесет жүр.

Бұл мәселеге қатысты қоғам белсендісі Арман Шораев былай деп пікір айтыпты:

– Батыс  Қазақстан облысының, жалпы, Орал өңірінің тұрғындарының жартысынан көбі Ресей Федерациясының азаматтары екен. Осындай мәліметті мен «Караван» газетінің сайтынан оқып шықтым. Ол мақалада Қазақстан азаматтарының Ресейге барып-келуі үшін пайдаланатын неше түрлі заңды-заңсыз жолдары туралы жазылған. Кәдімгі құбылыс екен бұл, жергілікті халық үшін ешқандай сенсация емес. Оралдықтардың жартысынан астамы Ресейдің азаматтары деген ақпарат жазылды. Егер бұл ақпарат шындық болса, сол Батыс Қазақстан облысының бүкіл құқық қорғау органдарының басшылары қатаң жазалануы керек. Егер бұл ақпарат өтірік болып шықса, жоққа шығарылса, онда бұл тағы да Қазақ елінде қазақ журналистикасының құлдырағанының бір дәлелі болып шығады.

Егер біз Украинаның тарихын ескеретін болсақ, осыдан жеті жыл бұрынғы оқиғаларды еске алсақ, егер арамызда Қазақстан Республикасының азаматтығымен қатар, Ресей Федерациясының паспортын алған кісілер анықталатын болса, ол кісілерді қатаң жазалау керек. Егер сол жазалаудан кейін олар Ресей азаматтығынан бас тартпайтын болса, оларды бір күнде, бір түнде сол өздері жақсы көретін Ресей Федерациясына көшіріп жіберу керек. Егер біз сол Қырым мен Донбасстың тағдырын басымыздан кешкіміз келмесе… Осындай жағдай, – дейді Арман Шораев.

Тегтер: