Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:57

Оралда адам өлтіруге күдікті, халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды

1
Фото: ашық дереккөз

Орал қаласында аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен мемлекетаралық іздеуде жүрген ер адам ұсталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 17 қаңтар күні күдіктіні ұстау операциясын Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен криминалдық полиция қызметкерлері «Бүркіт» арнайы жасағының күштік қолдауымен жүргізген.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, ұсталған азамат 1993 жылы туған. Ол 2024 жылдан бері Орал қаласында жасалған адам өлтіру дерегі бойынша күдікке ілініп, іздеуде жүрген. Ұстау жедел-іздестіру ақпаратының негізінде жүзеге асырылған.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ішкі істер министрлігі өткен жылдардағы қылмыстарды ашу ерекше бақылауда екенін атап өтіп, ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар тұлғаларды анықтау және ұстау жұмыстары жалғасатынын мәлімдеді.

Тегтер: