Оралда әкесі мен баласы Жайық өзеніне батып кетті
Оралда екі тұрғын Жайық өзеніне батып көз жұмды. Құтқарушылар ер адамды судан шығарып алғанымен, ол есін жимай көз жұмды.
Мой город парақшасы хабарлағандай, 13 тамыз сағат 16:47 кезінде құтқарушылар пультіне Жағалау көшесінде Жайық өзеніне үш адамның батып бара жатқаны туралы хабар түскен.
Өзенде шомылып жүрген 49 жастағы ер адам мен 12 және 17 жастағы екі жасөспірімге көмек қажет болған. Құтқарушылар ересек кісі мен 12 жасар баланы судан шығарып үлгерді.
Ал 17 жастағы жасөспірімнің денесі төрт сағат іздегеннен кейін табылып, жағаға шығарылды. Ол құтқарылған ер адамның ұлы еді.
Кейінірек БҚО ТЖД 49 жастағы ер адамның ес-түссіз жатқанын хабарлады. Құтқарушылар оған жүрек-өкпе реанимациясын жасап, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Өкінішке қарай, реанимациялық шараларға қарамастан ер адам есін сол күйі жиған жоқ.