Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
03:32, 14 Қазан 2020

Оралда кезекші сынып карантинге жабылды

None
None

Оралдағы № 6 орта мектептегі кезекші сынып бір оқушыдан коронавирус анықталғаннан кейін карантинге жабылды, — деп хабарлайды  «Жас Алаш» Uralskweek.kz.

-ке сілтеме жасап. 

Оқушылардың бірінің анасының айтуынша, сыныптың жабылғаны туралы қаулы шыққан, алайда ол жарияланбаған.  

БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті кезекші сыныптың жабылуына байланысты түсініктеме берді. 

«Оқушы бұған дейін науқаспен (атасымен) байланыста болғандықтан тексерілді. Бүгінде ол үйде, ауру ешқандай белгісіз өтіп жатыр. Мектепте Оралдың бас санитар дәрігерінің 8 қазандағы қаулысына сәйкес толық дезинфекция жүргізілді. Сыныпты 9 қазаннан бастап карантинге жапты. Баламен байланыста болған барлық адам, 14 оқушы мен екі мұғалім тексерілді, барлығының нәтижесі теріс шықты», — дейді ведомство өкілдері.  

Тегтер: