Бүгін, 14:41
Оралда «мәңгүрттер» деп пікір жазған шенеунікке қатысты сот өтті

Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотында қалалық қоғамдық кеңес төрағасы Жұмабек Жапбарқұловтың ісі қаралды.
Оған әлеуметтік желідегі даулы пікірі себеп болды.
Шілде айында қоғам белсендісі Бекнұр Сражанов Facebook-та қазақ тілінде жазба жариялап, Қазталов ауданындағы заңбұзушылықтар жайлы хабарлады. Жазбаға бақылаушы Нұрболат Сатағұловтың орыс тіліндегі видеосы тіркелген. Сол жазбаның астына Жапбарқұлов пікір қалдырып, бақылаушыларды «арсыз мәңгүрттер» деп атаған.
Сотта Жапбарқұлов өзін кінәлі санамайтынын жеткізді:
– Мен тек ойымды білдірдім. Бақылаушы орысша сөйлеп тұр, мен соны мәңгүрттіктің белгісі деп атадым, - деді ол.
Ашық өткен процесте сот арызды қанағаттандырудан бас тартты.