14:15, 03 Мамыр 2021
Оралда саябақтағы әткеншек істен шығып, 8 бала жарақаттанды (видео)
Оралда сегіз бала аттракционда жарақаттанып қалды, — деп хабарлайды «Уральская неделя».
Басылым мәліметінше, оқыс оқиға 2 мамырда «Чудненко» аттракционында болған.
Куәгерлердің сөзінше, асқан жылдамдықпен айналып тұрған аттракцион кенет тоқтап қалған.
"Әткеншек кенеттен тоқтап, балалар бір-біріне соғыла бастады", — дейді оқиға куәгері.
Салдарынан 5-10 жас аралығындағы сегіз бала түрлі жарақат алып, облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізілді.