Оразбек Сәрсенбаев

Оқуға бір жылы түсіппіз. Әбішүшеуміз. Әрине, кейінде әрқилы тағдыр кешкен тағы қаншама бала.
Жиыны елустудент: төрт-бес қыз, қалғаны – ұлдар, басым көпшілігі – он жеті, он сегіздіңтөңірегінде. Кейінгі заманда жаппай қалыптасқан былық-шылықсыз, адал сынақнегізінде іріктелген таңдама топ. Тек өз арамызда бір жігіт пен бір қыз ғана жақынтуыстарының арқасында өтті деп айтылатын. Филология факультеті болса, өз қалауларыментүссе, – түгелдей жазғыш. Оқу жаңа басталған кезде бәрі де дүр. Әдебиеттеориясынан дәріс оқитын, ол кезде отыздың ішіндегі жап-жас, білгір әрі әсем, әсерлісөйлейтін Зейнолла Қабдолов, арада бір жарым-екі ай өткен соң, кезекті сабағындажалпыға қаратып сұрақ қойып еді. «Бәрің де болашақ әдебиетші, ал енді анықтапалайық. Ақындар, қол көтеріңдер!» – деген. Тіл-әдебиет бөліміндегі елу баланың әлдеотыз, әлде отыз бесі қол көтерді. «Проза жазатындар?» – алтау-жетеу. «Әдебисын?» – үшеу-төртеу. «Драматургия, пьеса жазатындар?» – бір бала. Зекең басыншайқап, кішкентай балалардың ойынын қызықтағандай жымиып тұрды. Ешбір жанрда жоқтөрт-бес-ақ студент қалып еді. Біздің биязы қыздар және мен. Қыздарға талап жоқ,ал маған қадала қарап, азғана бөгелді. «Ал, сіз?» – деген содан соң. Түрімдітанып алған. Семинар сабақтарында аса белсенді болсам керек. Тұп-тура сауал салған:«Поэзия ма, проза ма? Әлде сын ба?» – әуестік қана емес, кекесін аңдадым. «Мен әдебиеттарихынан зерттеулер жасап жүрмін», – дедім. Зекең бір сәт аңырып қалды. «Мәселен?»– деген содан соң. «Абай текстологиясы туралы. Және 30-жылдар орайындағы әдебибаспасөз». Зекең иегін көтерді. «А-а… солай ма...» Болашақ жазармандар төңірегіндегібар әңгіме осымен бітті. Сабақ әрі қарай жалғасқан. Тек бірімізді біріміз танитүскендей болып едік.
Шынында да. Манағы отыз ақынныңон-он бесі республикалық немесе әрқилы облыстық баспасөзге жол ашқан. Қалғаныныңда үміті зор, сенімі күшті. Алайда жаңа жылға жетпей-ақ бәйгенің аяғы созылыпкетті. Созылған жоқ, біржолата дерлік тоқырады. Біздің арамыздан суырылып екіжойқын ақын шыққан. Біріншісі – әрине, Әбіш. Екіншісі – Оразбек, әуелде ақынесебінде танылып, кейінде прозашы ретінде қалыптанған Оразбек Сәрсенбаев. Бұларжазып жүрген өлеңдер, сол кездегі біздің ұғым ғана емес, қазіргі деңгейден қарағандақазақ поэзиясының алдыңғы қатарында. Әбіш өлеңдері ойлы, суретті, сырлы болса,Оразбек өлеңдері әсершіл, бейнелі. Студент атаулыға жатақхана жете бермейді. Әбішілінген. Оразбек те мен сияқты пәтерде тұрды. «Тастақ» қой деймін. Бірделекцияда екі-үш күн бойы көрінбеген соң, ауырып қалды ма деп, Әбіш екеуміздіңіздеп барғанымыз есімде. Әлдебір ұйғырдың үймен жапсарлас, жатаған, қуықтай бөлмесіндетұрады екен. Қыс күні. Бөлмесі жайлы әрі жылы көрінді. Оразбек, шынында да,аз-маз тұмау тиген, жазылыпты. Жейдесі шолақ, тізеден түскен қазақы кеңдамбалмен отыр екен. Әрине, өлең жазып. Жаңа ғана тәмамдаған, үстінен қарап жатқансияқты. Амандығымыз айтылып бітпестен оқып берді: «Алақай, таң келеді, таң келеді...»Бұдан әрі: «Бетке алып өңшең бала Мыңбұлақты, – Кетуші ек мініп алып бір-біратты...» Есімде қалған жыр жолдары осындай. Балалық шақты аңсау, алыста қалғанауылды сағыну. Әдебиет бірлестігінде өлеңдерін талқыладық. Мұндайда мен сыншыболып кетем. Қалған білгіштер де мейлінше тұшыныпты. «Жетіп тұрған ақын», – депбағаластық. Оразбек осындай болғанда, Әбіштің өресі тіпті биік. Әлгі біздіңотыз ақын, талабының күштілігі, парасат, танымының молдығы кесірге шығып, түгелдейдерлік өлең жазуды доғарды. Кейінде мүлде атаусыз кетті. Кейбірі толысқан шағындапоэзияға қайтып оралды. Ақыны бар, өзгесі бар – біраз жігіттеріміз басқасалаларға ойысты. Десе де, университет бітірген кезде әр тарапқа бөлініп, әрқилыжұмыс соңында, тұрмыс пен жағдай тоздырған жігіттеріміздің біразы ақын, жазушыболмаса да, ғылым қумаса да, қазақ азаматы ретінде өз ортасында игілікті қызметатқарса керек.
Мұның бәрі кейін. Әзірше,балалықтан кетіп үлгермеген қамсыз шағымыз. Екінші жылы мен де, Оразбек те жатақханағаіліндік. Әбіш үшеуміздің басымыз жақыннан қосылған. Және Бақыт Сейітжанов, ТұрғанбайДілдәбеков, Марат Нұрғалиев, Дидар Рамаданов дейтін жігіттеріміз бар. Өзара өтетатумыз. Әзіл-қалжыңда шек жоқ. Қайсымыз туралы болса да, бір емес, әлденеше күлкіліанекдоттар бар. Көбіне Әбіштен шығатын. Әрқилы оғаш мінез, аңдаусыз сөз, жүріс-тұрысқақатысты күлкілі кеп. Оразбек туралы әзіл – көбіне-көп оның денсаулық жағдайы –асқазан жүйесіне қатысты болатын. Түсініксіз сырқаты жанына батып дәрігергебаратыны, ауырған – жүрек емес, бүйрек болып шығып, әрқилы, қолайсыз анализтапсыруы… бәрі күлкі. Ақыры, бізге ойын болған дерт себебі анықталып еді.Алдағы күз – үшінші курстың басында ауыр операциямен бір бүйрегін алғызып,екідай қалыпта аулына қайтқан. Хал-жағдайы өте төмен, әлдебір туысы алып кетіпеді. Жарым курс болып пойызға шығарып салдық. Шара, Нұрғайша, Несіп, Раушан,Сара дейтін қыздарымыз көздеріне жас алған. Жігіттер де қатты толқыды. Оныңішінде мен әсіресе. Енді аман-есен көреміз бе, көрмейміз бе деген қатерлісезім. Ақыры сәтімен болды. Оразбек бір жылда ес жиып, келер жылы оңалып, бізбесінші курсқа өткенде оқуға қайтып келді. Әлбетте, үзіліп қалған үшіншікурсына. Не стипендия, не жатақхана жоқ. Әке-шешесінің тұрмыс жағдайы тіптінашар болса керек. Артынан көк тиын келмейді. Бұл кезде «Қазақ әдебиеті»газетіне қызметке тұрған, әйтсе де студенттер есебіндегі Әбіш өзіне тиесілістипендиясын берді. Бір ай, жарым ай емес, тұтас бір жыл бойғы. Оразбек межелікүні біздің курстың басқа балаларымен бірге алып тұрады. Жатын орны да оңайшешілді. Бұл кезде Төлек Тілеуханов екеуміз Строительная – қазіргі Мұратбаев,Комсомол-Төле би көшесінен бір жарым квартал төменде, еңселі, көк төбелі үйдіңкең бөлмесінде тұрамыз. Пәтер иесі – ұйғыр әйелі бар, балалары ұйғырша сөйлейтін,орта жастардағы қазақ. Айлық ақымызға ол кездің есебінде әжептәуір ақша –жиырма бес сом төлейміз, енді соны отызға көтеріп, тағы бір жолдасымызды алайықдеп көндірдік. Біз Төлек екеуміз он екі жарым сомнан, ал Оразбек Әбіштіңстипендиясы есебінен бес сом шығаратын болды. Ішіп-жемі түгелдей дерлік біздіңесебімізден. Ауылдан жәшік-жәшігімен сауқат аламыз – сүрленген ет. Өткен жазда үйленіпүлгерген Төлек жаңа жылда үйіне барып қайтып, тұтас бір серкенің етін қақтап әкелді.Оразбек лекцияға сирек қатынайды, майлы жұмсағынан қуырып жеп үйде жатады.Онысы салмақ емес. Басқасы. Ішкі ағзасы толық оңалмаса керек, қысқы суықтың өзіндебөлменің ауасын жиі тазартуға тура келетін. Тыпырлап жазатын әрі қадалып көп оқитынТөлек екеуміз үшін қосымша қиындық туған. Тыныштық, оңашалық тұрғысында. Әйтседе, біздікі – әншейін нәрсе. Бұл арада айтпағым – Әбіштің жолдасқа адал, мәртмінезі, кеңдігі. Адамның абзалы, достың адалы ғана атқарар дегдарлық.80-жылдардың ішінде ғой деймін, бірде Оразбек маған өзінің Әбішке деген өкпесінайта бастады. Өкпе емес, реніш. Және қаншама кінә артпақ. Тіпті жоқтанараздасып қалған сияқты. Мен ақырына дейін тыңдамадым. «Сенікі дұрыс емес»дедім. Кезінде саған даңғыл жол ашқаны, сүйегені, қолдағаны өз алдына, ауылданарып-аршып келген кезіңде жылдық стипендиясын байлап бергені есіңде ме? Ешқашанұмытуға болмайтын, ешқашан есесі толмайтын жақсылық. Оразбек тосылып қалды. Көпұзамай Әбішпен қайтадан табысқан. Менің өзім де, тұтас он бес-жиырма жылғасозылған реніштен соң, Оразбекпен жаңадан жалғасқан кезім еді.
Мұның бәрі – алдағызаман. Әзірге көңілде ешқандай кірне жоқ. Жалдамалы пәтерде бірге тұрыпжатырмыз. Оразбек күндіз жалғыз өзі қалғанымен, кешке қарай Төлек үшеуміздіңбасымыз қосылады. Әлбетте, әрқилы әңгіме, кеңес. Көбіне әдебиет төңірегінде.Менің таңғалғаным – студенттік бастапқы жылдар сияқты Оразбек әлі күнге қолынакітап алмайды екен. Төлек екеуміз әлемдік классикаға құмармыз. Менің сол кездіңөзінде әжептәуір кітапханам бар, негізгі бөлігі – аэропорт аумағында тұратын шөбереатам Әкебай ақсақалдың үйінде тұр. Мұнда ең қажеттілерін ғана әкелгем. Әрине,алмасып, жаңарып тұрады. Төлек көпшілік кітабын ауылға таситын. Соның өзінде пәтерүйімізде бірталай қазына бар еді. Қабырғаға тірей қойылған ас столының арғышетінде қабаттаса қаланып тұр. «Мынау кім?» – деп сұрайды Оразбек қалың мұқабаныңтүбінен түртіп. Стендаль. Қандай өнері бар? Аз-мұз, атүсті ақпар бересің. Анау– Бальзак. «Білемін» дейді Оразбек. Әлбетте, оқымаған, атын естіген. Атынестімегендері түгелге жуық. «Ал мынау кім?» – Иво Андрич. Серб жазушысы. Өткенжылы Нобель сыйлығын алған. Не үшін? Не үшін екенін шет жағалап айтасың. ТекИво Андрич қана емес, қазіргі әлем әдебиетінің классиктері. Хемингуэй, Фолкнер,тағы біреулер...
Жомарт қолды, дарқан Әбішбұл кезде Оразбекті «Жұлдыз» журналын басқарып отырған Әбдіжәміл Нұрпейісовпенжалғастырған екен. Көп ұзамай қазіргі әдебиет мәселелеріне арналған мақаласыбасылды. Бүгінгі қазақ прозасының бағыт-бағдары туралы толғана келе, Еуропа жәнеәлем әдебиетінің озық үлгілеріне сілтеме жасайды. Біраз жұрт атын естіген Хемингуэй,Фолкнерден озып, кеше ғана Нобель сыйлығын алған Иво Андричтің «Травникшежіресі», «Дрин өзеніндегі көпір» романдарына тоқталады. Әрине, Төлек екеумізкүлдік. Біздің кеңесімізді тым жадағай түсініпті. Алайда көлденең көзге жаңалықты,білімді көрінбек. Ал мен бұл заманда ешбір баспасөзге, көркем әңгімелер өзалдына, ешқандай мақаламды өткізе алмай жүрген сәтсіз жазарманмын. Бүткіл әлем әдебиетінзерделеп тауысқам. Енді, міне, екі кітап оқымаған Оразбек бірден-ақ білімдарсыншы атанды. Әрине, қызығатын ештеңе жоқ, керісінше, пайдалы тәжірибе болып шықты.Бұдан соңғы кезеңде мен қазіргі әдебиет тұрыпты, арғы тарихқа қатысты бейсауатсөйлемейтін, яғни мезгілсіз талапайға түспейтін жақсы ғадет таптым – бұл жағдаятәсіресе ежелгі жыраулар туралы ізденіс, жазу кезінде мейлінше пайдаға асып еді.(Тек елуден асқан, алпысты еңсерген кезім, «Жұлдызда» отырғанда қайтадан ашылғансияқтымын: қызметтес інілеріме ғибрат үшін, әлемдік әдеби үдеріс, өткен менкелешек орайында, жазғаным бар, жазылмағы немесе ойда тұнғаны бар, еркін көсілетінболдым; артынан бұл толғамдардың кейбірінің түйіні мен арқауын Талас бауырым өзтарапынан немесе әлдебір, болмаған ұстазының атынан жарыққа шығарыпты, әрине, бұданортайып қалған жоқпыз, десе де, ауыз баққан сараңдық тиімдірек екенін қайыра аңдағандайедік.)
Көп ұзамай Оразбектіңсыншылдығы аса бір ұнамсыз жағдайда көрініс беріп еді. Бұл кезде Ғылымакадемиясының Әдебиет институты ырың-жырың бүлініп жатқан екен. Бір жақта – МұхаметжанҚаратаев, Есмағамбет Ысмайылов, екінші тарапта – институт директоры МүсілімБазарбаев бастаған қауым. Бұл Базарбаев біздің Әбдіжәміл Нұрпейісовпен дос-жарболса керек, енді бітіспес дауға «Жұлдыз» журналы да белсене араласады. Араласқанда,Есмағамбет Ысмайыловтың жаңадан шыққан бір кітабына күстана арқылы. Қарт әдебиетшінібіржола тұқырту үшін, тұқырту емес, мүлде масқаралап, қорлау үшін арнайы мақалажазылыпты. Қол қойған авторы – Оразбек Сәрсенбаев. Кімнің қаламынан шықса да, жүрекеле қалай түрленсе де, тасқа басылды, мол тиражбен бүткіл Қазақстанға таралды.Ғылым докторы, мүше-корреспондент, профессор турасында университеттің үшіншікурс студенті сөйлепті. Бастан-аяқ кекесін мен мазақ. Бұл арада сын оң ба,теріс пе – есеп емес. Біреулер күлді, біреулер кейіді, қайткенде былғанышшаруа. Түптеп келгенде, Оразбектің білгір әдебиетші, жүрекжұтқан сыншы дегенатағы көтерілді.
Жаз шықты. Университет тәмамдалды.Біздің арамыз ажырап кеткен. Оразбек әлі де студент. Енді төртінші курсқа аяқбасты. Мен аспирантура қамымен жүрмін. Түстім. Ендігі мекен – орталық және академиялықғажайып екі кітапхана мен Әдебиет институтының қолжазбалар қоры. Қоңыр күздіңосындай бір күні Пушкин кітапханасының сыртқы бөліміндегі сирек кітаптар қоймасынаншығып келе жатыр едім, Комсомол – Карл Маркс, трамвай аялдамасында Оразбекке ұшырастым.Ұнжырғасы түскен, бірден аңдалды, жағдайы мәз емес. Әлбетте, менімен қатар Әбіште университетті бітірген, яғни Оразбек ай сайын үздіксіз алып тұрған стипендияда сарқылды. Енді, міне, сөлбірейіп тұр. Мені көргенде қуана да алмады. Ал менкенеттен қатты көңілденіп едім. «Оразбек, қазір мен сені жеймін!» – дедім.«Немене, немене?» «Мен сені қазір жеймін...» Тағы да аңыра қарады. «Күшік пенмысық» деген ертегіні білуші ме едің? Аш күшік көкжал қасқырға кездеседі ғой.«Күшік, күшік, мен сені жеймін», – дейді. Сонда күшік не айтушы еді?» «Әй, қойшы,– деді Оразбек. – Мен сенің өзіңді жегім келіп тұр». «Олай емес, – дедім. –Сонда күшік айтады: «Қасеке, менің қарным әбден ашты, алдымен мені тойғыз,содан соң жейсің!» – дейді». «Ал, тойғызады?» «Әлі тойғызған жоқ, – дедім. – Жүр,мына КазПИ-дің асханасына барайық». Оразбек қабағы аз-маз ашылып, меніңжетегіме ерді.
Түс ауған шақ. Әдепкітопыр жоқ екен. Кассир – мен білген нешеме жылдан бері отырған, ұлты белгісіз, қимылышалт, қараторы, шүйкедей, бүкір әйел болатын. Мәзірге қарап, бөгеліңкіреп қалыпедік. «Ну, мальчики… – деді, – ал, балалар, уақыт бітті, қазір жабам, не қалайсыңдар?»«Толығымен ал», – деді қарны ашып тұрған Оразбек. «Толығы менің өзіме, – дедім.– Ал саған… артығымен». Ол кездегі студенттер үшін толық мәзір – бірінші,екінші және үшінші аталады. Өзіме борщ, гуляш және компот, Оразбекке осының үстінетағы бір котлет. «Мынау тамаша болды», – деген мейлінше риза кейіпте.Даяшылардан түгелін алдық, шеткі столдардың біріне келіп отырдық. Менің өзімніңде қарным ашып қалған екен. Әйткенмен Оразбек жөппелдеме, қатты кірісті. Қызыл алакапуста көжені шалпылдатып ішкен. Ең соңында ыдысын көтеріп, қасығына ілінбегенсорпаны сарқып аузына құйды. Іргелес столда әдеміше екі қыз отырған. Бізгебірден назар аударған еді, мынаған таңырқай қарап қалыпты. Мен қысылып барам,бірақ тіл қатарға дәрмен жоқ. Келесі кезекте қою тамақтар. Салпылдатып жатыр. Бұлкезде қыздар шығып кеткен. Өзара балалық қалжыңда, бүйрегінің сау кезі, әдепкісөзінің мысалына сәйкес, Оразбекті «Өгіз» дейтін едік. «Әй, Өгіз, қақалып қалма»,– дедім. «Мен бұзау емеспін», – деді екпінін кемітпеген қалпында. «Бұзау» –менің қалжыңды ныспым. «Әрбір шөпті тал-талымен қайзап отыра алмаймын». Алдымызтазарды. Сыртқа шықтық. «Мен бұдан кейін сені асханаға апармаймын, – дедім. – Қолыңаелу тиын берем де, өзіңді жеке жіберем. Жаңағы қыздардан қолайсыз болды». «Қайдағықыздар...» – деді Оразбек. Мен амалсыз қолымды сілтедім. «Неге елу тиын? Иә,біржолғы тамақ екен ғой. Жақсы болды. Мана Әбішке барсам, жұмысында жоқ екен.Енді ертең...» Мен әмиянымнан бір сомдық сарғұлақ алып бердім. «Әбішке жеткенгедейін. Бүгін кешкі, ертең таңғы талғажау». Иығынан қақтым. «Қалай, жазыпжатырсың ба?» «Өкіртіп», – деді Оразбек ықылық атып.
Осыдан соң екі, әлде үшжыл бойы жолымыз түйіспепті. Мен орталық кітапхана мен академия кітапханасыныңсирек әдебиет және қолжазбалар қорында көміліп отырамын. Әбіштің өзімен әредікхабарласам, ал Оразбекті мүлде жоғалтып алдым. Жеке қатынасымызды айтам. Шындығында,бұл кезде сыншы ғана емес, ақын ретінде де үлкен дабыраға шыққан. Азулы сыншы мәртебесінежеткізген Әбдіжәміл Нұрпейісов десек, ақындығын жалпыға әйгілеген ӘбішКекілбаев болатын. Өзі қызмет атқарып отырған «Лениншіл жаста» әлдебір алым-жұлымпоэмасын басып еді. «1961 жыл» деген. Әуелде шалағай сыншылар көтеріп әкетті, ақырыМұхаметжан Қаратаев қатаң тезге салған. «Ақын екен, батыл екеннен» басталған сөз«формалист» дейтін айыптау, «халтурщик» дейтін күстанаға жалғасып еді. Қайткендеде дүбірлі аты шықты. Мен сырттай тамашалап күлгем де қойғам. Осыншама уақытішінде даңқты досымды бір-ақ рет, онда да кездейсоқ көрдім. Жазушылар одағынаншығып келеді екен, мен әлде журнал, әлде газет редакциясына бара жатқам. Сыртқыесік алдында бетпе-бет кездесіп қалдық. Қол беріп амандасуға мұршасы келмеді, әлдетым асығыс, анығы – бойына шақ көрмеген, салқын ғана бас изеп өте шықты.
Көп ұзамай мен Ғабит ағаМүсіреповтің шарапатымен «Қазақ әдебиеті» газетіне қабылдандым. Бұл кезде Әбішмәдениет министрлігіне ауысқан, одан соңғы Жұмекен де басқа бір жайлы орын тапқан,енді «Лениншіл жастағы» әдебиет бөліміне, сірә, Әбіштің, әйтпесе Әбекең Нұрпейісовтыңқолдауымен Оразбек барып отырды. Бұл кезде арамыз ажыраса да, араздық жоқ,сырттай долбармен өзіміздің кісі деп қана ойлаған едім. Әйткенмен жаңаша қатынаста орнамады. Менде бұл кезде диссертация қорғау ең басты мақсатқа айналған. ХV-ХVІІІғасырларда жасаған қазақ ақын, жыраулары, есебі Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттуралы түбегейлі зерттеуім баспасөз бетінде жаппай жарияланып жатыр, алайдаосыдан екі жыл бұрын тәмам болған жұмыстың ресми қорғауы созылып кетіп еді. Ақыры,дүние бері қарады. 1967, алдағы март айында соңғы межеге жетуге тиіспін. Бәрідайын, мен де сақадай сай отырмын. Міне, дәп осы кезде, ресми қорғауға он шақтыкүн қалғанда, «Лениншіл жас» газетінде көлемді мақала жарияланды. Қиғаш әрі қитұрқы,оспадар мақала. Ол заманда дауда тұрған ежелгі әдебиет тарихы туралы емес, меніңжеке басым, таратып айтқанда, «солақай сыншылық еңбегім», оның ішінде ХамзаЕсенжановтың «Ақ Жайық» трилогиясы туралы, бұдан бір жыл бұрынғы қатқыл талқы,бүгінде мен басқарып отырған әдеби сын бөлімінің «ғаділетсіз, бүлдіргіш әрекеті»туралы. Мақсат түсінікті еді. «Үрит-соқ, жабылып тала, мына жігітті жібермеукерек...» Тек мен ғана емес, әдебиет газетінің жай-күйі туралы сөз болып жатқандықтан,бас редактор Нығмет Ғабдуллин редколлегия мәжілісін шақырған. Қайтпек керек?Ештеңе де керек емес екен. «Әзірше дабырға шу қосудың орны жоқ» деген Серік Қирабаев.«Мына жігітіміз судан өтіп алсын. Қорғасын, бекітсін. Содан кейін ойланажатарсыңдар» деген. Осыған тоқтадық. Келер аптада тас-түйін қорғауға шықтық.Бірінші оппонентім – Әлкей Марғұлан, екінші оппонент – Рахманқұл Бердібаев,сырттай ғана емес, жеме-жемде нақты қолдаушыларым да көп – Сәбит Мұқанов, МәлікҒабдуллин бастаған ірілер мен ерендер. Бәрі де ойдағыдай шешілген. Алайда меніңОразбекке ренішім өзгеше болатын. Әуелгі кезде тіксініп едім, бұдан кейінбіржолата қатайдым. Жылдар бойы ренішім тарқамады, Оразбек жоғарыдан түскенжалақор мақалаға тоқтау сала алмады деп. Сол дүрдараз қалыпта жиырма жыл өтіпті.
Жиырма жылдан соң… оданәрмен арамыз ашылуға тиіс тағы бір жалалы жағдаят болған еді. 1986 жылы Желтоқсаноқиғалары тұсында мен, шынында да, өз еркіммен тіленіп «Жазушы» баспасынанкеткен едім. Менен бұрынырақ жылжыған директор Сайын Мұратбековтің орнына МаралЫсқақбаев келген, енді менің орныма бас редактор болып Оразбек Сәрсенбаевбекіді. Бұл екеуі ең алдымен біздің кезімізде жұмысқа алынған немесе онсыз дажақтас саналған жігіттерді қыса бастады. Ешқандай жазығы жоқ Асқар Егеубаев,Таласбек Әсемқұлов, Ерік Асқаров қатарлы жас жігіттер түгел қуылған. Тек сол ғанаемес. Ысқақбаевтың қандай пейілде болса да, сыртқа сызын шығара бермейтін ұстамдылығыбар, ал билік тұтқасына жаңа жеткен Оразбек ашық қимылдапты. Қай жерде дебаспаны жау қолынан тазартып жатқандарын мақтанышпен айтады екен. Оның үстіне қаншамажалалы ғайбат. Өткеніміз тұрыпты, дәп бүгінгі күн тұрғысында. Мәселен, әлдебіржазушының кітабы жылдық жоспарға енбей қалады. Неге десе, бұрнада Мағауин сызыпкеткен екен. Ол – өткенде ғой, мына жоспар сіздің қолдан шықты демей ме. Сендербілмейсіңдер, әр жылғы нақты жоспармен қатар, алдын ала жоба деген болады.Баспакомға тапсырылған. Мәселен, мына біз қарастырып отырған жылдық тақырыптар өткендегіМағауин қалыптап кеткен сондай әуелгі нұсқа негізінде құрастырылды. Ол жобадасіздің атыңыз жоқ, сондықтан жаңа жылға кірмей қалды… Бір емес, әлденеше рет қайталанғанжағдай. Жазбай жазықты ғана емес, ондаған адамға сырттай жеккөрінішті боласың.Ол заманда соншама мән бермей, күліп қана қойған едім, өзіңнің адалдығыңа сенімбе, бейсауат жалаға жиренішті көзқарас па, енді ойлап тұрсам, арсыз әрі кеселдібықсық екен. Сөйтіп, 1967 жылы «Лениншіл жас» мақаласынан басталған өкпе ендішын ренішке айналып, тағы он шақты жыл бойы тарқамады. Жинақтап келгенде, отызжылдан астам ұзақ заман, жарым ғұмыр. Ақыры… қартаймасақ та, қайғы ойламасақта, уақыт оза келе, бұрнағы кейістің біразы жайдақталады екен. Мен үшін өзінен-өзіемес, ерекше бір жағдайларда ғана. 1998 жыл ғой деймін, «Шеңбер» атты үлкенроманы шықты. Оқып көрсем, мүлде басқа бір Сәрсенбаев. Бұрнада көтеру мүмкінболмаған соқталы тақырып – совет заманындағы партиялық билік, облыс, ауданшегіндегі былық пен қылмыс, әрқилы шетін оқиғалар. Оразбектің бұған дейінгі тәп-тәуіршығармаларының өзінде әдеби сауат жетіңкіремей жататын, аталмыш роман бұл жағынанда қаламгердің жаңа бір белесі көрінді. Осының алдында ғана Мемлекеттік сыйлыққаұсынылған «Шамшырақ» романына қарсы болып едім, небәрі бес-ақ дауыс алған. Ендіжаңа романға басқаша көзқарас туындады. Әуелі Оразбектің 60 жылдық мерейтойынасәйкес, атаулы мақала жаздым, қайткенде бірге өстік, оның үстіне шынымен-ақтосын биікке көтеріліп отыр. Ақыры, 2000 жылы осы «Шеңбер» үшін Мемлекеттіксыйлықты алды. Жалғыз мен емес, басқа да ағайындар түгелге жуық қолдаған әділшешім.
Бұдан былайғы қатынасымызоң болды. Өткен ортақ өмір бар, үлкен әдебиет мүддесі бар. Арам есепсізжасалса, ынтымақ деген – игі құбылыс қой. Мен 1988 жылдан бастап «Жұлдыз»журналында отырмын. Оразбектің бар жазуы тоқтаусыз өтіп жатты. Қошемет, насихатмақалалар өз алдына. Оразбекпен, осы қатардағы тағы бір қаламдас азаматтарменсыйластығым – риясыз көңіл көрінісі деп білем. Қазақтың жақын қатынасының сыртқыбір көрінісі – өзара қонақтасу ғой. Бұл жағы да болып жатты. Сонымен, бес-алтыжыл өтсін. Ақыры… біз «Жұлдыздан» кетейік. Тақтан түсу емес. Бар байлығымыз,яғни ғұмыр бойы жазған, жинақтаған шығармалар өзіңізде қалады. Эмиграция. Айдауемес, каторга емес, небәрі қоныс аудару ғана. Алайда бұрын аузыңа қарап жүрген қаншамаадам – жасы бар, кәрісі бар, бірден-ақ өзгеріп сала беріпті. Солардың ішіндеменің ең алғаш түйсінгенім – Оразбек Сәрсенбаев болды. Енді талапайға түсіп жатқан«Жұлдыз» журналына қатысты әлдебір шектеулі жиында бір ауыз оң сөзін қимапты.Таңғалғам да, өткен құбылыстарды еске түсіріп, өзімнің тым келісімпаз,кешірімшіл жұмсақтығымды қайыра байыптаған едім.
Қиыр шетке ыққан алғашқыжыл, 2007, қоңыр күзде Алматыға қайыра барған едім, қадарынша алды-артымды жинақтау,аса бір қажетті кітаптарды ала кету үшін. Дәп осы кезде, менің Әбіш туралыкейінгі естелігімде айтылатын Лина деген қызымыз университетте бірге оқығанбалалардың қолжетімді бір тобының басын қоспақ екен. Бұдан бұрын да осы Линаныңдастарханы, Линаның ықыласымен екі-үш рет жиналғанбыз. Бұл жолғы құрамымыз толығырақболатын сияқты. Бірге оқып, бір шаңырақ көтеріскен Мирасбек пен Сара, Тоғай менШара, біз білмейтін, бірақ тезінен жұғысып кеткен биязы жұбайы бар Несіп,осындағы Тоқтасын деген қызымыз, арынды Нұрмахан, Сонарбай мен оның орыс бөлімінқатарлас бітірген жұбайы Қайша, Оразбек бәйбішесімен және Бақытжамал екеуміз. Әуелгікезекте аталған қыз-жігіттерімізбен сонау 1962 жылдан бері алғаш рет көрістік. Қалғанымызда айында, жылында ұшыраса бермейміз. Қуана табысып, мәз болып отырмыз. Бұрнағыәрқилы әңгімелер, барымыз бен өтіп кеткен марқұмдар еске алынды. Мен әуелгі біркезекте Шараның ағасы туралы айттым. Біз екінші курста жүргенде төтеден қайтысболып еді. Кейін, аспирантурада танып білдім. Небәрі отыз екі жасында кетіпті.Сол қысқа ғұмырда арыдағы қазақ тарихына қатысты аса маңызды, жаңалықты еңбектерқалдырған. Сабыр Ибрагимов. Бұдан кейін жаппай жамыраған әрқилы әңгімелер.Алпыстан асқан аталар мен әжелер – бәріміз де бала болып кетіппіз. Біраздан соңаңдадым – салмағынан айырылмаған, маңызы арта түскен жалғыз Оразбек қана екен. Әлдебірақылды рауаят айтқан. Содан соң менің әр сөзімді бөліп, қақпақылдай беріп еді.Ең аяғы, басталмаған бір әңгімеге тыйым салмақ. «Олай айтуға болмайды!» деген.Мен сыртқа кеткен кісі, осындағы өкіметім мен партиям туралы жағымсыз бірдеңеайтып қала ма деген қауіппен алдымды тосқаны. Мен бұл тарапта қашаннан беріайтып та, жазып та жүрмін, бірақ дәп осы арада үйреншікті жараның аузынтырнамас едім. Тіпті қайыра қозғап жатсам несі бар?! «Сен менің не айтқалы тұрғанымдықайдан білдің?» – дедім шамданып. «Жоқ, қажеті қанша, керегі не...» – дейді.«Не қажет, не керек?..» Бастаған әңгімемді одан әрі жалғастырдым. Аздан соң тағыда менің алдымды кесті. Әдепкі сөз үстінде. Енді қайтерсің? Мұндағыларды қойшы,қырық бес жылдан соң алғаш рет жүздесіп отырған ұлдар мен қыздар алдындадауласып, бет жыртысып жатуымыз керек пе?! Арыға бармадым. Бірақ мен үшінтамаша кештің шырқы бұзылған еді. Бұл Оразбек Сәрсенбаев бәрімізден зор екен,ірі екен, кемеңгер екен. Солай көрініп қалмақ. Ұят болды. Әйтеуір, дау-дамайсызтарадық.
Бірер күннен соң,кабинетімде тұрған әрқилы, бәлкім, алып кетуге қажет әдебиетті ақтарыстырыпотырып Оразбектің ең соңғы кітабына көзім түсіп еді. Күнделіктер жинағыныңбірінші томы. Бұрнада, әлдебір ұшырас немесе қонақта сөзден-сөз шығып айтып қалыпеді, дайындап жатырмын деп, әлдеқалай қолыма жетті. Шұғыл шолып шыққам. Біздіңстуденттік жылдарымыздан басталады. Әуелде шалағай сұлбасы болған сияқты,кейінде бастан-аяқ жаңадан толтырылғаны андағайлап тұр. Ақселеу Сейдімбековтіңдәп осындай «Күнделіктерін» көріп едім. Екеуі де заманынан озған ақылман болыпшығыпты. Бойлап қараудың өзі артық еді. Енді әуестік жөнімен Оразбектібастан-аяқ, бажайлап болмаса да, әр тұсында тиянақтай қарап едім. Үлкен бір жаңалықаштым. Баяғы, менің алмағайып қорғау қарсаңымдағы мақалаға қатысты. Жоғарыдан түсті,Оразбек ие бола алмады деп ойлап едім ғой, шынында, сырттан пәрмен, іштен мақұлболса, бөлім бастығы ұстап тұра алмас еді, соның өзінде өкпелеппін. Мәс-саған!Менің алдыма тосқауыл қоймақ мақаланы… Оразбектің өзі жазыпты! Ешкімнің түртпегінсіз,өз ынтасымен. Және қоймай жүріп редакторының алдынан өзі өткізген. Анық аңдағаным– бір сәттегі көңіл ауаны, кездейсоқ жағдай емес. Бұдан бұрнада және кейін демаған қатысты бірталай гәп бар. Әдетте есім-сойым тура айтылмайды, анаужігітіміз, әлгі кісіміз деп сөйлейді. Пысық болып шықты дейді. «Қазақ әдебиетіне»жұмысқа орналасты… Шатпақтап, шимайлап жазып жатыр… Дәп солай. Менсінбейді,өзі тым жоғарыда тұр. Мұның бәрі ештеңе емес. Менің өмірімдегі сын сағаттаалдымнан аран қазғанын айтсаңшы! Қадымда жасаған, аты өшіп, заты мүлде ұмытылғанұлы жырауларды қайыра ашқаным, олардың жыр-толғауларын алғаш рет жариялап, ғылымитерең, тарихи дәйекті қаншама мақала жазып, қазақтың ежелгі әдебиетінің жаңатарихын қалыптағаным есеп емес. Мейлі, түсінбесін немесе елемесін. Бәрін жинап қойғанда,біз бірге оқыдық, бірге тұрдық, бірге өстік қой!.. Соншама қастандыққа қалай ғанадәті барды екен!.. Қолынан келсе тағы не істемек еді? Соның бәрі не себепті? Немақсатпен?
Міне, мен шетке кеткелібір мүшел. Оразбек бақиға аттанғалы екі-үш жыл. Әлі күнге қайран қалам.Пендесінің жер бетіндегі ғұмыры қаншама ұзақ болса да, ақыр түбі шектеулі. Ал тасқабасылған жазу ешқашан өшпек емес. Амалсыздан сол өшпес таңбаға жүгіндім. Аз күндікартық тіршілігімізді бұлдап қағазға түсірдім. Өткеннің қарымтасы емес, әділет жөнімен.Және ғарасат күні қайыра еске алмас үшін.
Осымен Оразбек досымтуралы әңгіме тәмәт-тәмам.
21-22.ІІ.2018
КүмісБұлақ Мэриленд АҚШ