Orda.kz құрылтайшысы Бажкенованың әрекеттеріне байланысты Бас прокуратураға жүгінді

Orda.kz ақпараттық порталының 70% үлесіне ие құрылтайшысы Максат Ганиев бас редактор Гүлнар Бажкенованың әрекеттеріне байланысты Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына ресми түрде жүгінді.
ҚазТаг жариялаған видеода Ғаниев Бажкенованың ісін қауіпті деп бағалап, Орданың барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарын аудит жүріп біткенше тоқтатуды сұрайды.
«Бас редактор Бажкенованың әрекеттеріне байланысты мен мынадай мәлімдеме жасағым келеді. Оның басқаруымен редакция жүйелі түрде жалған ақпарат таратуға жол беріп отыр. Бұл мені, меншік иесі ретінде, ғана емес, редакция қызметкерлерін де қылмыстық жауапкершілікке тарту қаупіне әкелуде. Сондықтан мен ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңының 43-бабына сәйкес Мәдениет және ақпарат министрлігіне, Бас прокуратураға және өзге де уәкілетті органдарға ресми түрде жүгінемін. Orda.kz сайтының, сондай-ақ оның әлеуметтік желідегі барлық аккаунттарының жұмысын уақытша тоқтатуды талап етемін. Бұл шешім тәуелсіз аудит жүргізіліп, бас редактордың әрекеттері тексерілгенге және заңды басқару қалпына келтірілгенге дейін күшінде болуы тиіс», – деді Ғаниев.
Ол қолында Бажкенованың әр жылдары түрлі сомадағы ақша алғанын растайтын көптеген қолхаттардың бар екенін айтып, бірақ бүгінге дейін одан қаржылық есеп алмағанын жеткізді.
Ғаниевтің айтуынша, оның басты мақсаты – «редакция қызметкерлерінің ешқайсысы бас редактордың әрекеті үшін негізсіз жауапқа тартылмауы». Ол барлық қажетті ақпаратты құқық қорғау органдарына беруге дайын екенін мәлімдеді.
Сонымен қатар, ол редакция ұжымына жеке үндеу жасады:
«Мен жағдайдың сіздерді алаңдатып, жұмыс ырғағын бұзғанын түсінемін. Сіздердің еңбектеріңіз «Орда» медиасын танымал етті. Сол үшін барлық жауапкершілікті өз мойныма аламын және редакция жұмысы қалпына келгенге дейінгі шығындардың барлығын көтеруге әзірмін. Сондықтан сіздерден төзім мен қолдау көрсетуді сұраймын. Орда қазір сіздерге бұрынғыдан да қатты мұқтаж», – деді ол.
Еске салсақ, 4 қыркүйекте Orda.kz және бас редактор Бажкенова КНБ-нің жоғары лауазымды қызметкерлері, сондай-ақ вице-премьер – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу мен кәсіпкер Гаджи Гаджиев ұсталды деген ақпарат таратқан еді. Бұл деректі кейіннен Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, Сыртқы істер министрлігі және ҰҚ ресми түрде жоққа шығарды.
5 қыркүйекте СІМ Мұрат Нұртілеудің кездесуде отырған суретін жариялады. Алайда Орда басылымы оның ескі сурет екенін жазды.