Бүгін, 15:38
OrdaMed басшысына іздеу жарияланды
OrdaMed компаниясының жетекшісі әрі негізін қалаушы Еркін Ділімбетов іздеуге берілді. Бастамашы – ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі.
Бұл ақпарат фармацевтика саласында болуы мүмкін заңбұзушылықтарды тергеу барысында белгілі болды.
Бұған дейін Ділімбетов өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған еді. Ол OrdaMed Қазақстан клиникаларына нақты өндірілген әрі тіркелген құрал-жабдық жеткізгенін, оның науқастарды емдеуде қолданылып жатқанын мәлімдеген.
Айта кетейік, іздеу ісі 2026 жылдың 28 қаңтарында Астанада тіркелді.