Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 16:15

Орегон билігі Трамп әкімшілігін сотқа берді

Трамп
Фото: ашық дереккөз

АҚШ-тағы соңғы саяси даудың ошағы Орегон штаты мен оның ең ірі қаласы Портленд болды. Жергілікті билік президент Дональд Трамп әкімшілігіне қарсы сотқа шағым түсірді.

Мәселе  Трамп әкімшілігі Портлендтегі жаппай наразылықтарға жауап ретінде Орегон ұлттық гвардиясының әскерін федералдық қызметке тартып, қалаға кіргізуді бұйырған. Штат пен қала өкілдері бұл шешімді заңсыз деп санайды.

Олардың айтуынша, президент өз өкілеттігін асыра пайдаланып, Конституция қағидаттарын бұзған.

«Бұл әрекет халықтың қауіпсіздігін қорғауға емес, қайта керісінше, қоғамдық ашу-ызаны күшейтуге әкелуі мүмкін», – дейді штат мүддесін қорғап отырған адвокаттар.

Сотқа берілген құжатта жауапкер ретінде:

  • президент Дональд Трамп,

  • қорғаныс министрі Питер Хегсет,

  • ішкі қауіпсіздік министрі Кристи Ноэм,

  • сондай-ақ осы ведомстволар көрсетілген.

Айта кетейік, осыдан бірнеше сағат бұрын қорғаныс министрі Хегсет Орегон ұлттық гвардиясының 200 сарбазы 60 күнге федералдық қызметке шақырылады деген меморандум жариялаған еді.

Бұл іс АҚШ-тағы федералдық билік пен штаттардың өкілеттігі арасындағы тартыстың айқын көрінісі болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, Портлендтегі жағдай тек жергілікті деңгейдегі мәселе емес, ол алдағы уақытта бүкіл елде билік тармақтарының қайшылығына әсер етуі мүмкін.