Орфографиялық сөздік: азап па, мазақ па?

Дамыған елдерде орфографиялық сөздіктер жиі жаңалана бермейді. Оларсөздіктегі нұсқаның тұрақтануын көздеп, нормаға айналуын мақсат етеді.
Тілдегіжүйеге негізделген қандай да өзгеріс халық тарапынан мақұлданса, сол нормақалыптанып (кодификацияланып) кететіні, ол сауатты жазудың алғышарты болатыныбелгілі. Қазақстандағы ахуалға келер болсақ, соңғы жылдары орфографиялық сөздікжиі шыққанымен, ел ол сөздікті пайдаланбайды, пайдаланғысы да келмейді. Әрине,соңғы шыққан орфографиялық сөздікті басшылыққа алып жазбағандықтан, қазіргікезде қоғамдағы тілдік жағдаят өте ауыр. Сол себепті президентіміз Қасым-ЖомартТоқаевтың тілге реформа жасау қажеттігі туралы ойын толық құптаймыз. Иә,реформа жасайтын кез келді. Тілдегі жүйенің бұзылуына жол бермей, тіліміздіңшынайы болмысын сақтап қалуымыз керек.
Латын әліпбиіне негізделген жаңа жазудағы емле ережесін талқылауға арналғанАлматы, Қапшағай, Меркіде өткен жиылыстарда емлеге қатысты ойларымызды,орфографиялық сөздіктегі кемшіліктер туралы пікірімізді бірнеше рет айттық.«Егемен Қазақстанда» жарияланған емле ережелерінің жөнделіп, өзгертілуінебарынша атсалысып келеміз. Алайда «Тіл – қазына» орталығының хатшысы қызметінатқарып отырған, филология ғылымының кандидаты Анар Фазылжанованың басшылығыменқұрылған орфографиялық топ мүшелері бізге сөз бермеуге тырысып, сөз берсе де,тыңдамай, айтқан пікірімізді құлаққа аспай келді. «Тіл – қазына» орталығыныңұйымдастыруымен Қапшағайда, Меркіде өткен жиылыстарда сондай қарсылықтарға тапболдық. Уәжін айтып, дәлел келтіріп отырсақ та, топ мүшелері емле ережелерініңұстанымдарын, жекелеген сөздердің орфографиясын дауысқа салып шешіп отырды. Тіл– жекелеген адамдардың меншігіндегі дүние емес. Сондықтан тілдегі жүйе, ішкізаңдылықтар бұзылып жатқан тұста өз пікірімізді қоғамдық талқыға салуды жөнкөрдік.
2005 жылдан бастап бірнеше орфографиялық сөздік жарық көрді. 2013 жылыжарық көрген орфографиялық сөздіктің жауапты редакторы, филология ғылымыныңдокторы, профессор Нұргелді Уәли сөздіктің кіріспе сөзінде академиялықсипаттағы үлкен орфографиялық сөздіктің бесінші басылымы академик Р.Сыздықтыңредакциялауымен 2005 жылы жарық көргенін айтады (Алматы: «Арыс» баспасы, 2005).Ендеше, аралықтағы (2006, 2007, 2009) сөздіктер не үшін шығарылды?
Орфографиялық сөздік дұрыс жазу нормаларын, қиындықтудырып жүрген сөздердің дұрыс жазылуын көрсетумен қатар тіліміздің байлығын,көркемдігін де танытуы керек. Алайда 2013 жылы жарық көрген сөздігіміздегі сөзтізбедесөйлеу тіліне тән, жазу барысында қиындық тудырмайтын, жергілікті ерекшеліктеркөп берілген: бажалақ, бажалаң, бажаң, бажаң қағу; бажаңдау; бажбалаңдау;байжанды (қарап.); байсыздық,байсымақ, байсыну, байсырау; бартылдау;барылдау; бастықсымақ, бастықсыну, басұрман, алдыңгүні,алқана-салқана (сөйл.), әйбат, әйгі, әйгі болу, әйдіңгер (үлкен, зор), әлтаман,бәкүн-шүкін (сөйл.), беймарал (жерг.), әйелсіреу, әйеншек, т.т. Сөздікте ұрлықшы; ұрлықшылық, азғана, азғана ғана, т.т. қолданыстарберілген. «Күнделікті жазу тәжірибесінде» осы сөздік басшылыққа алынатындықтан,онда нормадан тысқары сөзқолданыстар берілмеуі керек.
Сөздік құрастырушылар бірқатаржаңа атаулар жасағаны, сондай-ақ қолданылып жүрген атауларды сөздікке енгізгенібайқалады. Алайда ол сөздердің қандай мәнде қолданылатынын көпшіліктүсіне бермейді. Мысалы, айдарбелгі, затбелгі, бейрат, бейтаупық; бейтұрпатты, бейуаз, бейуайымдық, т.т. Тілімізде перзентсіз, тәртіпсіз, ынтымақсызсөздері біршамақалыптасып, тұрақтанған. Сол себепті бейперзент, бейтәртіп, бейынтымақ сөздеріқандай мақсатта берілгені, қандай мәнде жұмсалғаны түсініксіз. Сөздіктетіліміздің жүйесіне сәйкес келмейтін, қате, жасанды қолданыс өте көп. Мысалы, ағашым(қаратпа), апашым(қаратпа), анаш(экспр.), әжеке (экспр.), бөбектай(экспр.), әпкеш (экспр.), бөпеш (экспр.), т.с.с. Жат қолданыстың көбіетістіктерге қатысты. Олар қазақ тілінің табиғатын, ерекшелігін түсінбеудентуындаған. Қазақ тілінде өзгелік етіс кез келген етістіктерден емес, сабақтыетістіктерден ғана жасалады. Түбір салт етістік болған жағдайда алдымен -ғыз/-гіз, -дыр/-дір, -ыт/-ітқосымшалары арқылы сабақты етістік жасалады да содан кейін ғана өзгелік етісжасалады. Мысалы: сын, күл, жүр, отыр, қуан, т.с.с. салт етістіктергежоғарыда аталған қосымшаларды жалғап, сабақты етістік жасап (сындыр, күлдір,жүргіз, отырғыз, қуант, т.с.с.), одан өзгелік етіс жасау үшін тағы дажалғауға болады: сындырт, күлдірт, жүргіздір, отырғыздыр, қуанттыр,т.с.с. Бұл қосымшалардың (-ғыз/-гіз, -дыр/-дір, -ыт/-іт)жалғануында өзіндік заңдылық бар, бекерден бекер жалғана бермейді. Ал әзірлет,тапқыз, тапсыр, тапта, барғыз, бұйралат, балапандат, бақшит,т.с.с.етістіктер – өзгелік етіс, олардың үстіне тағы да қосымша жалғаудың қажеті жоқ.Алайда сөздік құрастырушылар тіліміздің осы заңдылығын ескермегені байқалады.Сондықтан тілімізге жат құрылымдар өте көп берілген: алдатқызу,әзірлеттіру; тапқыздыру; тапсыртқызу, таптатқызу; барғыздырту, бұйралатқызу, бұйралату; балапандатқызу, бақшитқызу, жардырту, жариялатқызу, белгілеттіру; дайындаттыру; бергіздіру; бойлаттыру; бастаттыру; жіберткізу, үйгіздіру; шапқыздыру; айдаттыру, т.с.с.Қазақ тілінің заңдылығы бойынша, ырықсыз етіс қосымшаларынан кейін өздік етісқосымшалары жалғанбауы керек. Себебі ырықсыз етіс іс-әрекетті жасаған адамдыкөрсетпейді, ал өздік етісте анық көрініп тұрады. Сол сияқты өздік етісқосымшасынан кейін өзгелік етіс қосымшасы келмейді. Себебі екеуінің қызметі екітүрлі. Өздік етісте субъект қандай да бір іс-әрекетті өз ықтиярымен жасаса,өзгелік етісте басқа біреу жасатады. Логикалық тұрғыда тұрғыдан алғанда да, бұл дұрыс. Ал сөздіктетілдегі жүйеге қайшы келетін қолданыстар молынан берілген: әкетіліну, бөленту, бөлінту, бусанту, жатталыну, бейімделіну, байқалту,байқалыну, айтылыну, т.с.с. Тіпті тілімізде бұлжытпайтүрінде қалыптанып кеткен етістік де бұлжытылутүрінде өзгертілген. Қимыл атауы зат есімменшатастырылып, қазақ тіліне жат қолданыстар берілген: жаңғырту, жаңғыртужасау. Бұл жердегі жасауетістігіартық.
Сөздік құрастырушылар қимылатауына -шылық/-шілікқосымшасын жалғап, тілімізге жат құрылымдардыңсанын көбейткен. Мысалы: бөлшектенушілік,бақылаушылық, бөтеншілік, бөліп-жарушылық, азғындаушылық, балатуушылық,бастартушылық, бәлденушілік, белбайлаушылық, дандайсушылық, дәріптеушілік, қимаушылық; жеделдетушілік,балықөсірушілік, қолбайлаушылық, айналысушылық, айналысушылығы; алалаушылық, т.с.с. Қазақ тілінде тұйық етістіктер қимылдыатайтындықтан, оларға -шылық/-шілік қосымшасы жалғанбайды. Себебі -шылық/-шілік қосымшасы сөздергежалғанғанда қандай да бір үдерісті атайды. Сондықтан қимыл атауына ол қосымшаныжалғау тілдегі жүйеге қайшы. Сөздік құрастырушылар -шылық/-шілік,-шылдық/-шілдік қосымшаларын -дық/-дікқосымшасының орнына(жарыстыра, қатар) қолданып, сөзтізбе санын көбейткен: бірдейлік, бірдейшілік, вегетериандық, вегетерианшылық, әмеңгерлік,әмеңгершілік, айуандық, айуаншылық, ақсақалшылық, ақылшылық, ақымақшылық,ақымақшылдық, әдемілік, әдемішілік, адалдық, адалшылық, т.с.с. Сол сияқты -дық/-дік қосымшалысөздермен қатар -дылық/-ділік қосымшалы сөздер де көп: алақолдық,алақолдылық, әралуандық, әралуандылық, айқындық, айқындылық, ақжарқындық, ақжарқындылық,ақжүректік, ақжүректілік, алақолдық,алақолдылық, балажандық,балажандылық, т.б. Орыстілінің үлгісімен -ствоқосымшасыарқылы жасалған сөздің қатарын көбейтудің қажеті жоқ. Себебі ол сөздер түбіртұлғада немесе -дық/-дік қосымшасымен-ақ беріледі.
Сөздік құрастырушылар сөзтізбеге мысалдар жиыстырғанкезде сол кезге дейін шыққан сөздіктердегі түрлі функционалды стильдердегіқолданыстарға сын көзімен қарап, дұрыс нұсқаны тұрақтандырып, қалыптандыруғатырысуы керек еді. Орфографиялық сөздік дұрыс жазу қағидаларынкөрсететіндіктен, оған сөйлеу тіліндегі қолданыстардың бәрін кіргізе беругеболмайды. Орфографиялық сөздік көпшілікке дұрыс, сауатты жазуды үйрететін,тілдегі нормаларды танытатын сөздік болуы керек. Алайда сөздік ол талапқа сайкелмейді. Себебі мұнда қате жазылған сөз өте көп: ішеқуыстылар (дұрысы:ішекқуыстылар); уранинтке (дұрысы:уранинитке); көшарығы (дұрысы:көншарығы); үшендік (дұрысы:үшемдік); құлдыққұрушылық (дұрысы:құлдықұрушылық); палеотитті (дұрысы:палеолитті); мотоатақыш (дұрысы:мотоатқыш); митоциклі (дұрысы:мотоциклі); паравоз (дұрысы:паровоз); шуандығы (дұрысы:шуындығы); ықпынға (дұрысы:ықпанға); құрлым (дұрысы:құрылым); солсоқ адам (дұрысы:селсоқ адам); аюан, аюанға (дұрысы:айуан, айуанға); айа райы жағу (дұрысы:ауа райы жағу); боқсысын шығарды (дұрысы:боқысын шығарды); ақпайілділігі (дұрысы:ақпейілділігі); құрылыс банкісі (дұрысы:құрылыс банкі); слесары (дұрысы:слесарі); бірайдым жер (дұрысы:бірайдам жер); аборотқа (дұрысы:абортқа,т.с.с.
Орфографиялықсөздікте тілімізге жат, өзге тілдің ықпалымен жасалған, тілдегі нормаға сәйкескелмейтін сөздер мен сөз тіркестері берілмеуі керек. Алайда сөздікқұрастырушылар оған мән бермеген сияқты. Қазіргі кезде жиі қолданылатын бүгінгі күнідеген тіркес тіліміздің заңдылығына қайшы.Себебі бүгін сөзі бұл күнсөздерінің кірігуі нәтижесінде пайдаболған. Орфографиялық сөздікте бүгінгікүнітіркесінің берілуі көпшіліктің осы қолданысты дұрыс деп қабылдауынасебеп болады.
Соңғы жылдары отбасы, Елбасысөздері екі түрлі қолданылып жүр. Бұл сөздер орфографиялық сөздікте Елбасы, Елбасына, Елбасысы; отбасы, отбасына,отбасысы, отбасылартүрінде берілген. Осы модельгекелетін басқа да сөздер бар. Бұл жерде де сөздік құрастырушылардың тілдің заңдылығынанемқұрайдылықпен қарағаны байқалады. Себебі отбасы, Елбасы, ауылбасы, әскербасы,базарбасы, байрақбасы, батырбасы, дінбасы, зынданбасы, қолбасы, қосағасы,мүлікбасы, т.с.с. сөздердітұтас түбір ретінде қабылдаған жағдайда оған жалғанатын қосымша -на/-нетүрінде емес, -ға/-гетүрінде жалғануы керек: балаға, шегеге, атаға, терезеге,т.с.с. -на/-неқосымшасытәуелдік жалғаулы сөзге ғана жалғанады. Тілдік қолданыста оның отбасысыдепайтылмайды, оның отбасыдеп қанаайтылады. Себебі тәуелдік жалғауы үсті-үстіне жалғана алмайды. Тіліміздіңдамуында тәуелдік жалғауы жалғанған күйінде қолданылып жүрген сөздер бар: әрқайсысы, ешқайсысы, бірде-бірі, кейбіреуі,т.с.с. Ол сөздер септелгенде әрқайсысының,әрқайсысына, әрқайсысын, әрқайсысында, әрқайсысынан, әрқайсысыменболады.Басқалары да осы үлгіге сәйкес септеледі. Ендеше, тілімізде бұрыннан бар жүйенісақтап, жоғарыда келтірілген атауларды соған сәйкес түрлендіруіміз керек. Сөздікте зат есімдер мен есімдіктер тәуелдікжалғаулы нұсқасымен қатар берілген, әрқайсысы,ешқайсысы сөздері осы тұлғасында ІІІ жақты білдіреді. Орфографиялықсөздіктегі норманы басшылыққа алсақ, әрқайсысы,ешқайсысы сөздерінің ІІІ жақтық тұлғасы әрқайсысысы,ешқайсысысы болар еді. Бұл тілдегі жүйеге мүлде кереғар. Әр, ешсөздерінің бірігуі арқылыжасалған есімдіктер тілімізде І, ІІ жақта да түрлене алады: әрқайсың, әрқайсыңа, ешқайсымызға,ешқайсымызды, ешқайсымыздан, ешқайсымызбен, т.с.с. Осы екі есімдіктіберуде сөздік құрастырушылар тілімізде жоқ, жат қолданыстарды норма ретінде көрсетеді: әрқайсысымыз, ешқайсысымыз. Бұл қазақтіліндегі жүйеге мүлде кереғар. Себебіәрқайсысы, ешқайсысы есімдіктері тәуелдік жалғаудың ІІІ жағында тұр. Солтұлғасында бұл есімдіктер тәуелдік жалғауының І жағын қабылдай алмайды. Дұрысы– әрқайсымыз, ешқайсымыз болуға тиіс.Оның үстіне ешқайсысыешкім жоқтығын, әрқайсысыбір адамды ғана білдіреді.Ендеше, қазақ тіліндегі жүйе бойынша, олар көптік жалғауын қабылдай алмайды. Соңғы жылдары етек алып бара жатқан көбісі, біреусі, бірісі,т.с.с. қатеқолданыстар орфографиялық сөздіктегі осындай жаңсақтықтардан туып отыр. Сөздік түзушілер елге жөн көрсетер іске жауапкершілікпенқарағандары жөн болар еді.
Сөздікте шеттілден енген, тар өрісті сөздер өте көп берілген:аллопатрия (биол.); аллотропия; альвекоккоз (мед.);альпапка (зоол.); альпарм (экон.); альпиниада (спорт.); альтерация (муз.); альтиметр; алюминат (хим.);алюминотермия; амилопектин (хим.); аминопептидаза (хим.); аммонал; ампелография (биол.),т.т.Ол сөздерге қосымшалар қалай жалғанатыныкөрсетілмеген, қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес өзгертілмеген. Орыс тіліарқылы енген мұндай шет сөздердің жазылуы орыс тіліндегі орфографиялықсөздіктерден-ақ қарап алуға болатын еді. Якут тілінің он бес томдық түсіндірмесөздігінде де, орфографиялық сөздігінде де игерілмеген орыс сөздері берілмепті.Ол жақтағы ғалымдар қазақ зерттеушілерінің сөздіктеріне орыс сөздерін сонша көптоғытқанына қайран қалады екен.
Сөздік құрастырушылар бірқатар шет тілінен енген сөздергеқосымша қалай жалғанатынын көрсеткен. Алайда онда қандай норма басшылыққаалынғанын түсіну мүмкін емес. Модель бір болғанмен, қосымша бірде жуан, бірдежіңішке берілген: -ог/-уг, -ок/-ук буынына біткен йог,блок, бук, каучук, бамбук, ноутбук, т.с.с. сөздерге қосымша жуан жалғанса, анестезиолог, антрополог, археолог, астролог, бактериолог, биолог, т.б.сөздерге қосымша жіңішке жалғанған. -ог/-уг, -ок/-ук буынына біткен сөздерге қосымша көбіне жіңішкежалғанған. Алайда прологке, психологке, сейсмологке,стоматологке, текстологке, филологке, эмбриологке, т.с.с. түріндеайтылмайды ғой. Сонда сөздік құрастырушылар нені басшылыққа алған? Жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге деқосымша бірде жіңішке, бірде жуан жалғанған: госпитальдық, квадрупольдік, корольдық, нивальдық, модальдық, модельді,модульдік, моральдық, авиамодельші, нивальдық, автомобильші, рояльшы,фестивальдық, табельші,т.с.с. Орфографиялық ережені дайындау, көпшілікті дұрыс жазуға шақыратынсөздікте мұндай әралуандық, шалағайлық болмауға тиіс. Қазіргі кезде тілімізде абитуриент сөзінің баламасы ретінде талапкер, архипелаг– топарал, жираф – керік, антитеза – шендестіру, аорта – қолқа, артерия –күретамыр, эра – дәуір, аргумент – дәйек, обсерватория – расытхана, планета– ғаламшар, артист – әртіс, т.с.с. сөздердіңқазақша баламасы әбден тұрақтанып қалғанмен, сөздікте орыстіліндегі баламасы берілген.
Сөздікте күшейткішбуын үстелу арқылы жасалған сөздер, қайталама қос сөздер шамадан тыс көпберілген. Мұндағы ап-ашық, әп-әзір, бап-балғын, беп-бекер, бөп-бөлек, бұп-бұйра,құп-құптап, нып-нық, сеп-сергек, сүп-сүйрік, сып-сыпайы, тап-тайқы, тап-тайыз,шоп-шошақ, шұп-шұнақ, шұп-шұңғыл, іп-ірі, т.с.с. сөздер жасанды, дұрыс сөйлеген адам бұл сөздерді қолданбайды. Сөздікқұрастырушылар қос сөз бола алмайтын бірліктерді де қос сөз ретінде берген: ауыздан-ауызға тарау; қолдан-қолға; қолы-қолына жұқпау; іннен-інге тығылу; қаз-қалпында; қаннен-қаперсіз; анықтан-анық; өзімен-өзі; өзінен-өзі; өзіне-өзі; бастан-аяқ; бекерден-бекер; бостан-бос; бостан-босқа; бірді-бірге, бірді-біргесоғу; бірімен-бірі; бірін-бірі; біріне-бірі; бірінен-бірі; жылдан-жылға; күннен-күнге; жалғыздан-жалғыз; күнәсіздан-күнәсіз; жалғыздан-жалғыз; көптен көп, т.с.с. Бұл орайда сөздік құрастырушыларбірдей сөздермен келген тіркестерді қос сөз ретінде таныған. Алайда қос сөздіңөзіндік белгілері бар. Басқасын былай қойғанда, қос сөз сөйлемнің бір ғанамүшесі болады. Ал тіркестер әртүрлі мүше бола береді. Ауыздан ауызғадеген сөйлемді алар болсақ, ауыздан– қайдан (пысықтауыш), ауызға– қайда (пысықтауыш); іннен інге тығылды: іннен(қайдан?) інге(қайда?); өзінеөзі сенбеді: өзіне– кімге (толықтауыш), өзі– кім (бастауыш); т.с.с.Ал қос сөздің құрамындағы сөздер жеке-жеке сұрақтарға жауап бермейді, әртүрлісөйлем мүшесі болмайды, тұтасымен сөйлемнің бір ғана мүшесі болады: ауыл-ауылға(қайда?) барды; үйді-үйіне(қайда?) тарады;т.с.с. Кейде екі не бірнеше сөзден құралған тіркес те бір сұраққа жауап беруімүмкін: Қазақстан Республикасы(не?), елді мекенді(нені?) аралады, т.с.с. Олар да сөйлемнің бірғана мүшесі болады. Сол сияқты құрдан-құр; қаннен-қаперсіз; жалғыздан-жалғыз; күнәсіздан-күнәсіз; жалғыздан-жалғыз; анықтан-анық; көбіне-көп,көптен-көп; қаз-қалпы; қаз-қалпында; т.с.с. тіркестер сөйлемнің бір ғанамүшесі болғанмен, қос сөз болмайды. Сөздікте осындай әркелкіліктерболғандықтан, қазіргі кезде көпшілік алдын-ала,кез-келген, көңіл-күйтүрінде жазатын болды. Себебі дыбыстары, буындарыұқсас болғандықтан, сөздердің арасына дефис қоя салады.
Сөздікте аста-төк,азарда-безер; боларда-болмай; қоярда-қоймай; уда-шу;ұрда-жық; ашта-жап; сартта-сұрт; шартта-шұрт; т.с.с. сөздер қос сөз ретінде берілген.Дұрысында, келтірілген бірліктердің ешқайсысы қос сөз бола алмайды. Әу баста у-шу, аз-аз,азар-безер; сарт-сұрт; шарт-шұрт; т.с.с. сөздер қос сөз болған, сол себепті бұл сөздердің дефис арқылыжазылуы дұрыс. Алайда өзарамәндес, құрылымдас сөздердің арасына да,дешылауы түскен кезде олар қос сөз болмай қалады. Сол сияқты ас, төк;ұр, жық; кел, кет; болар, болмай; қояр, қоймай; аш, жап; т.с.с. етістіктері де өзара құрылымдас,антонимдес, болымды-болымсыз тұлғада келген. Қатар, жарыса орындалғаніс-әрекетті білдірудің нәтижесінде олардың арасына ыңғайлас мәнді жалғаулықшылау түсіп, тіркес түзген: ас та төк; ұр да жық; кел де кет; боларда болмай; қояр да қоймай;аш та жап; т.с.с. Сондықтан оларды қос сөзбеншатастыруға болмайды.
Сөздік құрастырушылар біресе қос сөз, біресе біріккен сөз, біресе тіркес түрінде бергенбірлік көп: пара-пар; парапар (475-б.); қан жосаболу (355-б.); қан-жоса (356-б.); жержаһан (262-б.); жер-жаһан (268-б.); шаң тозаңдары (633-б.); шаң-тозаң (634-б.); т.с.с. Сонымен қатар қос сөздердің бірнеше нұсқасыберіліп, қайсысы тілдегі нормаға жататыны көрсетілмеген: жәбір-жапа (262-б.); зәбір-жапа (287-б.); ұшты-күйлі (607-б.); үшті-күйлі 616-б.); т.б.
Сөздіктеанықтауыш пен анықталушы сөздердің тіркесі де түрліше берілген, бір модельгежататын бірліктер түрліше жазылған. Сөздіктебірдей сөздер бірде бірге, бірде бөлек жазылған. Мысалы, құр көкірексөзі 394-бетте бөлекжазылса, 396-бетте бірге жазылған; солсияқты құр ауыз сөзі 394-бетте бөлекжазылса, 395-бетте бірге жазылған; қаракөлеңке сөзі 358-бетте бөлек жазылса, 360-бетте бірге жазылған. 394-бетте құр аяқсөзі бөлек жазылса, құралақан (394-бетте), құрқол(396-бетте) сөздері біргежазылған, т.с.с. 332-бетте күнұзынсөзі бірге жазылған, 583-бетте түн ұзынсөзі бөлек жазылған. Қайын ата, қайынбике, қайын ене, қайын жұрт, қайын сіңлі сөздері тіркес түрінде жазылып,сол ұядағы қайнаға, қайны сөздері біріктіріліп, тіпті ы дыбысы түсіп, кіріктіріліп жазылуыжазарман көпшілік үшін түсініксіз болатыны айдан анық. Сол сияқты бір модельдегі көкшайсөзінің бірге (көкшай, көкшай ішу), күреңшай, қара шай бірліктерінің бөлек жазылуының сырын ұғу өте қиын. Мұндайәркелкілік жазу барысында автоматизмге тосқауыл болып, сөз сайын сөздікке қарапотыруға мәжбүр етеді.
2013 жылғысөздікте баскиім; аяқкиім; аяқкиімдік; аяқкиімсіз; бойкиім; сырткиім; түзкиім;тыскиім; ішкиім, т.с.с.бірге жазылғанмен, әскери киім; біркиер киім; дұшпанкөз киім; жарасты киім; жағалы киім; жаздықкиім; жұмыс киім; т.т. бөлек жазылған; ішкөйлек; еткөйлек; иткөйлек;келіншеккөйлек; т.с.с. біргежазылған, қанды көйлек (жолдас); қосетек көйлек; күрте көйлек; сұрып көйлек; т.б. бөлек жазылған. Сырт киімсөзтізбеде бірге жазылғанмен, 399-бетте бөлек жазылған. Қарапайым жазарман қай кездебірге, қай кезде бөлек жазылатынын қалай айыруы керек? Сондай-ақ ақ сабын; алқынды сабын; жұпарсабын; қара сабын; сақар сабын,т.с.с. бөлекжазылған да әтірсабын; әтірмай; әтірсу; иіссабын; иіссу; кірсабын; сусабынт.б. бірге жазылған; алмаағаш; жидеағаш; зәйтүнағаш; қараағаш (өс.); құрмаағаш; өрікағаш; шамшатағаш, т.б. бірге жазылса, анчар ағашы; емен ағашы; жеміс ағашы; ибейағаш; тисса ағашы; тұт ағашы; хина ағашы; шынар ағаш, т.б. бөлек жазылған. Бұларды бірге, бөлек жазудың критерийлеріқандай екені түсініксіз. Сөзтізбедегі алмаағаш бағыдеген тіркесорыс тілінің құрылымына негізделген, жасанды. Себебі қазақ тілінде алмаағаш бағыемес, алма бағы деп айтылады.
2013 жылғысөздікте әр сөзінің бірге жазылатын тұстары да көбейген: әртүрлі, әржақты, әртарапты, әртекті, т.с.с. Алайда ережеде де, кіріспесөзде де әр сөзінің сын есімдермен тіркескенде қалай жазылатыны туралы ештеңеайтылмаған. Соған байланысты қазіргі кезде бұл сөздер түрліше таңбаланыпкеледі. Сөздік құрастырушылар әртүрлі, әржақты, әртарапты, әртекті, т.с.с.сөздердің бос аралықсыз жазылуын бір ұғымды білдіруімен байланыстырады. Олтұрғыдан қарайтын болсақ, алуан түрлі,сан түрлі, әр алуан, сан алуан, сан қырлы, сан қилы,т.с.с. сөздерді дебірге жазып, сөзтізбеде көрсету керек қой. Сөзтізбеде алуан түрлі, әр алуан, сан алуан сөздері бөлек жазылған, ал сан түрлі, сан қырлы, сан қилымүлдеберілмеген. Жазарман оларды қалай жазуы керек?
Редактордың«алдыңғы сыңары бірсөзімен,сондай-ақ -ым (-ім)жұрнағыменкелген ұлттық өлшем атауларын (бірсалар, бірсауым; сүтпісірім, көзкөрім,атшаптырым, т.б.)» бірге жазу туралы ұстанымы қандай жүйеге негізделгенінтап басып тану қиын. Себебі күнделікті тұрмыста ол бірліктер әрдайым бірсан есімімен беріле бермейді: бірасымет – екі асым, үш асым ет; бірауыз сөз – екі ауыз сөз, үш ауыз сөз; біраттамжер – екі аттам жер, екі күндік жер; бес сағаттық жер; біратым насыбай – екіатым; біржұтым су – екі жұтым, үш жұтым; біркүндік жол – екі күндік жол, үшсағаттық жол; біртүсті мата – екі түсті мата, түрлі түсті мата; т.с.с.Олардың бәрі біріктіріп жаза беруге келмейді. Сөздікте бірдей жазылуы тиістіркестер де әртүрлі берілген: біртоғыз (этн.); үштоғыз (этн.)тіркестері бірге жазылса, жетітоғыз (этн.) тіркесі бөлек берілген; біртиындық құны жоқ (188-б.); бестиындық құны жоқ(145-б.)тіркесіндегі біртиындық, бестиындық сөздерібірге жазылса, 559-бетте бес тиындық түрінде бірге берілген. Біртиындық, бестиындық сөздерімен мәндес, бір өріске жататын көк тиын бірлігі тіркес түріндеберілген әрі одан өрбитін көктиындық (көктиындық құны жоқ)сөзі реестрде берілмеген. Алдыңғысыңары бірсөзімен келген ұлттық өлшем атауына жатқызуға болатын біржапырақ; бір бадалық; бір асам, бір татым тіркестері не себепті бөлек жазылғаны түсініксіз. Бір тістемсөзінің бір тістем еттүріндегі нұсқасы 188-бетте бірге жазылса (біртістем ет), 597-бетте бөлектаңбаланған (бір тістем ет). Сондаоқушы бір сөздіктегі екі нұсқаның қайсысын жазуы керек?
2013 жылғысөздікте сол кезге дейін бөлек жазылып келген тіркестер бірге берілген. Алайдамұнда да бірізділік жоқ: шаруашылықсөзі бірде алдыңғы сөздермен бірге жазылса (арашаруашылық, ауылшаруашылық,балықшаруашылық, бұғышаруашылық, егіншаруашылық, малшаруашылық,орманшаруашылық, сушаруашылық, түйешаруашылық, халықшаруашылық),енді бірде бөлек берілген (баларашаруашылығы, коммуналдық шаруашылық; көпсалалы шаруашылық; қосалқы шаруашылық; натуралды шаруашылық; ұжымдықшаруашылық; экстенсивті шаруашылық,т.с.с.). Бұл орайда академик Р.Сыздықтың «Күрделі сынесім жасап тұрған екі (кейде үш) сөздіңәрқайсысы өздерінің нақтылы лексикалық мағынасына ие болып тұрса, бір-бірінен бөлек жазылатындығыналдыңғы айтылған (көрсетілген) топтармен шатастырмау керек.Мысалы: үш бұрышты тақтай, көп таңбалы сан, ауылшаруашылық артелі.Бұл жердегі көрсетілген күрделі сын есімдердің әр сөзінің бөлек жазылу себебі олардың өз мағыналарын сақтаптұруларында. Аударма әдебиетте, содан барып төл жазбаларда да осы тектес сын есімдерді қосып жазып шатастыру кездеседі, себебі бұларорыс тілінде біріккен сөз болады: треугольная дощечка, многозначное число,сельскохозяйственная артель. Бірақ екі тілдің сын есімінің жасалуымен жазылуы тепе-тең емес екендігін, яғни айырмашылық болатындығын қатты ескеру қажет», – дегентұжырымын (Қазақ тілінің анықтағышы. – Астана: Елорда, 2000. – 18-б.)басшылыққа алуымыз керек. Көпшілік тарапынанорфографиялық сөздіктерге көп сын айтылуы, тіпті арнайы телебағдарламалардыңосы мәселеге арналуы да қоғамдағы наразылықты білдірсе керек.
«Орфографиялықсөздіктің» редакторы – профессор Нұргелді Уәли кіріспе сөзінде сөздік соңындасоңғы жылдары қолданыс жиілігі артып келе жатқан, бас әріппен жазылатын кейбіржалқы есімдердің, атап айтқанда, ертегі, миф, батырлар жыры кейіпкерлерінің;діни дискурстағы онимдердің; тұрақты эпитетпен, титул мен құрметті атақпенкелген жалқы есімдердің; географиялық атаулар мен тұрақты эпитетке не жер-суатауларының; мемлекеттік мекеме, кәсіпорын, т.б. атауларының жазылу емлесікөрсетілген арнайы қосымша ұсынылғанын айтады. Алайда бұл қосымша 2000 жылыАстанада шыққан академик Рәбиға Сыздықтың «Қазақ тілінің анықтағышында» қосымшаретінде беріліп, академик: «Қосымша» материалды дайындаған – ҚаныгүлЖаманбаева», – деп көрсеткен еді. Қаныгүл Жаманбаева – педагогикағылымының кандидаты, «Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана» аттыеңбектің (Алматы: Ғылым, 1998. — 140 б.), бірнеше мақаланың авторы. 2013 жылғыорфографиялық сөздікті құрастырушылар ҚаныгүлЖаманбаеваның сол қосымшасын пайдаланған.
Қосымшадағы бөлім атаулары да, жіктеулері де, атаулар даұқсас:
Қаныгүл Жаманбаева («Қазақ тілінің анықтағышы») | 2013 жылғы орфографиялық сөздік | Басәріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар Ертегі, аңыз, миф, әпсанакейіпкерлерінің аттары Тұрақты эпитетпен келгенжалқы есімдер Титулмен, құрметті атақпенкелген кісі, ру аттары Географиялық терминмен келген жер-су аттары Тұрақты анықтауышпен келгенжер аттары Планеталардың, жұлдыздардың, шоқжұлдыздардың,метеориттердің аттары Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар,сыйлықтардың атаулары Сәулет, мемориалдық ғимарат, көше, алаң,даңғыл, кешендердің, мәдениет үйлерінің, сауықтыру орындарының, мәденимекемелер мен ойын-сауық көрсететін орындардың атаулары Мерекелер мен атаулыкүндердің аттары Дәуір, кезең, мәдениет, ескерткіш, тарихи оқиғаатаулары Қысқарған сөздер | Басәріппен жазылатын күрделі-құрама атаулар Ертегі, миф, аңыз-әпсанакейіпкерлерінің аттары Тұрақты эпитетпен келген кісіесімдері Титулмен, құрметті атақпенкелген кісі есімдері Географиялық терминмен келген жер-су аттары Тұрақты анықтауышпен келгенжер аттары Планеталардың, жұлдыздардың, шоқжұлдыздардың,метеориттердің аттары Мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар,сыйлықтардың атаулары Сәулет, мемориалдық ғимарат кешендердің,мәдениет үйлерінің, сауықтыру орындарының, мәдени мекемелер мен ойын-сауықорындардың атаулары Мерекелер мен атаулыкүндердің аттары Дәуір, кезең, мәдениет, ескерткіш, тарихи оқиғаатаулары Қысқарған сөздер | Тірек сөздермен келген атаулар Тақырыптық топтар бойынша түсініктеме. Бас әріптіңқолданылуының кейбір тәртіптері | Мекеме, ұйым, кәсіпорын атаулары Қосымшадағы бас әріп емлесінің қысқашатүсініктемесі |
Соныменқатар қосымшаның соңындағы «Қосымшадағыбас әріп емлесінің қысқаша түсініктемесінен» де Қ.Жаманбаеваның қосымшасындағы тұжырымдарменсөзбе-сөз сәйкес келетін тұсы көп:
Қаныгүл Жаманбаева («Қазақ тілінің анықтағышы») | 2013 жылғы орфографиялық сөздік | Ертегі, миф, аңыз, әпсанакейіпкерлерінің есімдері бас әріппен жазылады (мұның ішіне мал, құс, ит т.б.аттары кіреді). | Ертегі, миф, аңыз, әпсанакейіпкерлерінің есімдері бас әріппен жазылады (мұның ішіне мал, құс, ит т.б.аттары кіреді). | Мифологиялық, қиял-ғажайыпбейнелердің тегін, затын білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері,ібіліс, періште, шайтан, дию т.б.). | Мифологиялық, қиял-ғажайыпбейнелердің тегін, затын білдіретін атаулар кіші әріппен жазылады: пері,ібіліс, періште, шайтан, дию т.б.). | Әрбір бөлігі жеке-дара атауретінде қолданыла алатын кешенді атаулардың жігі айқын көрініп тұрғанжағдайда екі бөлігі де бас әріппен беріледі (Жерден шыққан Желім батыр;Боз атты Боран батыр, Үш жүз алпысқа келген Сары қыз). | Әрбір бөлігі жеке-дара атауретінде қолданыла алатын кешенді атаулардың (көбіне бір сыңары жалқы есім бопкеледі), жігі айқын көрініп тұрған жағдайда екі бөлігі де бас әріппенберіледі (Жерден шыққан Желім батыр; Бозатты Боран батыр). | Күрделі-құрама жалқы атаудыңішіне (көбіне бір сыңары жалқы есім болып келеді) кіретін тұрақты эпитеттержалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен, соңынан келсе, кіші әріппен бөлекжазылады (Ақсақ Темір, Қайқы сопы). | Күрделі-құрама жалқы атаудыңқұрамындағы тұрақты эпитеттер жалқы есімнің алдынан келсе, бас әріппен,соңынан келсе, кіші әріппен бөлек жазылады (Ақсақ Темір, Қайңы сопы). | Рудың аты жалқы есімніңалдынан келетін тұрақты эпитеттің орнында жұмсалса, бас әріппен жазылады(мыс.: Қызылқұрт Теке би). | Рудың аты жалқы есімніңалдынан келетін тұрақты эпитеттің орнында жұмсалса, бас әріппен жазылады(мыс.: Қызылқұрт Теке би, Қаракерей Қабанбай). | Найман, керей, албан, арғын,адай, қыпшақ, үйсін т.б. рулардың ішкі жіктерін көрсететін атаулар, мысалы, Сарыүйсін, Даулеталы жары, Ұзын қыпшақ, Көлденең қыпшақ т.б.нақтылық жалқылықсипаты басым болғандықтан, бірінші сөзі бас әріппен жазылады. | Найман, керей, албан, арғын,адай, қыпшақ, үйсін т.б. рулардың ішкі жіктерін көрсететін атаулар, мысалы, Сарыүйсін, Даулеталы жары, Ұзын- қыпшақ, Көлденеңқыпшақ т.б. жалқылық сипаты басымболғандықтан, бірінші сөзі бас әріппен жазылады. |
Мақаланың көлемі шектеулі болуына байланысты толық бере алмадық,әйтпесе ұқсастық өте көп. Түсініктеменің өзінен-ақ сөздік құрастырушылардыңҚ.Жаманбаеваның қосымшасын молынан пайдаланғаны көрініп тұр. Автордың көзікеткен соң еңбегін атын атамастан пайдалану – ғалымның еңбегіне жасалғанқиянат, құрастырушылардың адамгершілігіне сын. Әрине, сөздіктің қосымшасында аз-кем толықтырулар болса да, қосымшанықұрастырған ғалымның аты-жөні көрсетілуі керек еді.
Қаныгүл Жаманбаева 2000 жылдары ғаламшар, марапататауы әлі тұрақтана қоймағандықтан, планета, наградаатауын қолданған. 2013жылы ғаламшаратауы тұрақтанып,көпшілік сипат алса да, сөздікте планета,наградасөзі берілген. Бұл да – сөздік құрастырушылар Қаныгүл Жаманбаеваныңқосымшасын пайдаланғанының айғағы.
Орфографиялық сөздікте берілген атауларда қате болмауғатиіс. Ұйым, мекемелер сөздікке қарап, олқылықтарын жөндеуі керек еді. Алайдасөздіктегі нұсқаға сәйкес жазудың салдарынан қателері көбейген сыңайлы. Қазіргікезде тілімізде Үндістан, Грекия, Ежелгі Мысыр,т.с.с. атаулар орныққанмен, сөздікте орыс тіліндегі атаулары берілген: Индия жағалауы, Ежелгі Греция, ЕжелгіЕгипет,т.т. Мұндай олқылық жалпы есімдерде де көп, соның салдарынан қазақтілінде әбден қалыптасқан арна, раушан,расытхана, т.с.с. сөздерінің орнына орыс тіліндегі нұсқалары келтірілген: Сарышығанақ каналы, Алқызыл Роза мен Ақ Розасоғыстары (1445-85), Асы-Тұрған обсерваториясы, Суэц каналы, Үлкен Алматыканалы, Үлкен Тосқауыл рифі, Қаракөл метеориті, т.т.
Қазақ тіліндегі қазіргі нормаға сәйкес батыр, би, хан,т.т. атаулар кісіесімінен кейін келіп, кіші әріппен жазылады. Алайда құрастырушылар орыс тілініңүлгісімен Сұлтан Бейбарыс, Сұлтан Жүніс хан, Сұлтан Исан Бұға, Сұлтан Махмұт хан,Сұлтан Нигар ханым, т.т. Сөздікте Қ.А.Ясауиатындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті сияқтыатаулардағы Қожа Ахмет Ясауи, Мұхаммед ХайдарДулатидің есімдері орыс тілінің үлгісімен Қ.А.Ясауи, М.Х.Дулати түрінде жазылған. Орыстілінде адамның өз аты мен әкесінің аты қысқаратыны белгілі. Ал Қ.А.Ясауидегенде ондай қысқарту жоқ. Сондықтанбұл арада орыс тіліндегі жазу үрдісін қазақ тіліне ұстанудың қажеті жоқ.
Сөздік құрастырушылар Қ.Жаманбаеваның қосымшасынтолықтырып, өзгерткені, басқаша топтастырғаны байқалады. Оны жоғарыдағыкестеден де көруге болады. Алайда топтастыру барысында өрескел қателіктер орыналған. Мысалы, ел арасында «Қарға бойлыҚазтуған» атанған Қазтуған Сүйінішұлын Аязатаменқатар «Ертегі,миф, аңыз-әпсана кейіпкерлерінің аттары» деген бөлікте береді. Алайда Қарға бойлы Қазтуған – XVІІ ғасырда өмірсүрген батыр, жорық жырауы. Сондықтан бұл топқаберу мүлде қате.
Атауларды беруде бірізділік сақталмаған. Соның салдарынан түрліше жазылғансөз көп. Мысалы, Оңтүстік-батыс Алтайдеген атау қос сөзретінде дефиспен жазылса, Оңтүстік ШығысЕуропатіркес ретінде дефиссіз жазылған; Оңтүстік тәж, Оңтүстік үшбұрыштіркесінің екінші сыңары кішіәріппен жазылса, Оңтүстік Балықтіркесінің екі сыңары да бас әріппен жазылған; Қыранқарақшы, Қырыққарақшыбірге жазылса, Қырлы жігіт бөлек жазылған; Қоңырқайжұлдыз, Жебеуші жұлдызбөлек жазылса, Қосжұлдызбірге жазылған, т.с.с. ҚазақстанРеспубликасы Ауылшаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті тіркесіндегі Ауылшаруашылығысөзі тәуелдікжалғауымен берілсе, ҚазақстанРеспубликасы Ауылшаруашылық министрлігі дегенде тәуелдік жалғауынсызжазылған. Мұндай ала-құлалық ана, ата,баба сөздерімен келген атауларда да (Адамата, Бұғыана, Зеңгібаба, Қамбарата, МүйіздіБұғыана, Ұмай ана, Хауана, Шекшеката, т.т.); әулие, қожа, хан, шах, сұлтан, баһадүр, т.т. сөздермен келген атауларда да (Гөзел шах, Сүлейменпатша, Жалаңтөс Баһадүр, Қоңырәулие, Майлықожа, Мәделіқожа, Жүсіпбек қожа Сарыәулие, Бабасұлтан, Есугейбаһадүр, Мейрамсопы, Қасымханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, т.т.); жер-су,ғаламшар, ғалам атауларының жазылуында да (Ақжайықөңірі, Қаратеңіз, Қызылтеңіз, Сарытеңіз, Жетіқарақшы, Құсжолы, Тырнажолы,Сабанжолы, Сарыжұлдыз, Сарысүмбіле, Сарышаян,т.т.) кездеседі. Тіптітырнақшаның қойылуында да (Інжіл, Тәурат,Зәбүр, Құран Кәрім, Барсакелмес қорығы, Шымбұлақ спорт кешені, Отызыншы мамырқозғалысы, «Төртінші май» қозғалысы, Үшінші маусым көтерілісі),бас әріп не кіші әріппен жазуда да (Көк Тәңірі, Алла Тағала, Жаратқан ие, ҚұдайТағала, Қазақ Ордасы), т.т. бірізділік жоқ.
Тіліміздегіжүйені, норманы түсінбеудің салдарынан туындаған қате көп. Тіпті сөздіктіңөзіндегі ереже де ескерілмеген. Атап айтқанда:
· сан есімдер бас әріппен жазылған: Аспандағы Төрт атты; Ғайып ерен Қырық шілтен;
· күрделі сын есімдер бірге жазылған: Керқұла атты Кендебай, Қаздауысты Қазыбек, Қарғабойлы Қазтуған;
· кісі есімдері қос сөз түрінде жазылған: Самыр-Қазан, Сейфүл-Мәлік, Һарон-Рашид,Шайық Абыл-Құдыс; т.т.
Орфографиялық сөздікте атаулар бірде-бір қатесіз берілуі керек болғанмен,құрастырушылар бірқатар атауларда әріп қателерін де жіберіп алған. Мысалы: Көлтаусар, Абралы тауы,т.т. атаулардағы ыәрпі түсіп қалса, К. Бәйсейітова атындағы Ұлттық опера жәнебалет театры атауындағы К.Бәйсейітова фамилиясында аәрпінің орнына әәрпі жазылыпкеткен.
Құрастырушылар қазақ тіліндегі қалыптасқан атауларға да мән бере қоймағансыңайлы. Қазақ тілінің жүйесіне сәйкес тілімізде су қоймасы, ет қоймасы, т.т. түрінде қалыптасқан тіркесті орыстілінің үлгісіне сәйкес Бадам-Сайрам сусақтау қоймасы түрінде берген. Сонымен қатар Қапшағай су қоймасыдеген атау да берілген. Сонда біркелкі атауларнеге әртүрлі берілуі керектігі түсініксіз. Осы модельге тән мұзқойма, суқойма, жерқойма, т.т. атаулар бірге жазылса, кітап қоймасы, қалдық қоймасы, т.т. бөлек берілген. Дұрыс жазылуын білмекболған оқушы осылардың қайсысын басшылыққа алуы керек? Мектеп оқулықтарында,астрономияға қатысты еңбектерде Жетіқарақшы жұлдызының ожау (шөміш)тәрізді болып келетіні жайында сөз болады. Ал құрастырушылар оны Жетіқарақшының бақырашыдеп атаған.Әрине, мұндай қолданыстар, ала-құлалықтар сөздікті пайдаланушылар үшінжайсыздық тудыратыны, әркімнің түрліше жазуына себеп болатыны түсінікті.
Сөздіктіңкіріспе сөзінде бас редактор – Нұргелді Уәли: «Қазак тілінің орфографиялықнормаларын тұрақтандыруда, жұртшылықтың жазу мәдениетін көтеруде орфографиялықсөздіктің алатын орны ерекше… Бұл үлкен «Орфографиялық сөздіктің» алтыншыбасылымы кәсібі мен мамандығы жазумен байланысты, үнемі қаламмен жұмыс істейтінбаспа және баспасөз қызметкерлерінің, білім мен ғылым саласындағы мамандардың,мектеп мұғалімдерінің, студенттер мен оқушы жастардың, өзге де жұртшылықтыңпайдалануына арналған… Күнделікті жазу тәжірибесінде оны басшылыққа алу, ондакөрсетілген нормаларды сақтау, жазудың қалыптасқан жүйесін әрі-сәрі күйгетүсірмеу – өз ана тілін құрметтейтін мәдениетті азаматтың борышы. Осылай дептүсінетін адам мұндай ортақ мүддеден «меніңше былай» дейтін жекебастыңсубъективті пікірін жоғары қоймақ емес», – деп жазған. Алайда 2013 жылғы«Орфографиялық сөздік» көпшіліктің пайдалануына жарамсыз екенін көріп отырмыз.2005-2013 жылдар аралығында бірнеше рет жарық көрген сөздіктер тілдегі жүйегесәйкес жетілдіріліп, норманыорнықтырудың орнына қателерді үсті-үстіне көбейте берген.
«Емлені бұрынғысынан артық болғандай етіп өзгертуде мағына бар;бұрынғысынан төмен болғандай етіп өзгертуде мағына да, мақсат та жоқ», – деп АхметБайтұрсынұлы айтқандай, сөздіктің жаңа басылымдарында бұл ағаттықтар ескерілугетиіс.
О.Жұбай,А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Грамматика бөлімінің меңгерушісі,филология ғылымының докторы
А.Салқынбай, ӘлФараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымыныңдокторы
Б.Қапалбек, Мемлекеттіктілді дамыту институтының атқарушы директоры, филология ғылымының кандидаты