Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
16:44, 04 Қараша 2022

«Өркениетке мұнай мен газ емес, білім экономикасы жеткізеді – Салтанат Тұрсынбекова

None
None

Алматыда Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

«Әлемдегі жағдай өзгеруде. Қоғамның өркендеуінің ең үлкен құндылығын қазір табиғи ресурстар, мұнай мен газ кен орындары жасамайды.  Ең көп нәтижені білім экономикасы береді: жаңа технологиялар, ноу-хау, зияткерлік меншік және тағы басқалары», — деп атап өтті құқық қорғаушы.

Әлем баяу, бірақ сенімді түрде зияткерлік меншікті қорғау жүйесін, ережелері мен институттарын құруда. Бірақ бұл үрдіс әлі Қазақстанға жеткен жоқ.

«Қазір Қазақстанда зияткерлік меншікті қорғау іс жүзінде жұмыс істемейді. Адамдар бәріне қол сұғуға көшкен. Әсіресе, әлеуметтік желіде жарияланған нәрселер. Фотосуреттер, мәтіндер, фильмдер, музыка мен кітаптардың айналасында құқық бұзушылар көп. Америка Құрама Штаттарында немесе Еуропада ағындық платформалар үшін төлем жасамайынша немесе фильм билетін сатып алуға бармайынша, музыка тыңдау немесе фильм көру мүмкін емес. Қазақстанда контент үшін ақша төлеу ұят деп есептеледі. Құқық қорғау үшін сотқа жүгіну мәдениеті жоқ. Мәселен, микротолқынды пеш ұрлағаны үшін адам түрмеге түссе, өнер туындысын ұрлағандар жазадан құтыла алады. Сондықтан бір нәрсені ұрлау – ұят, ал ақыл-ой еңбегінің өнімін сұрамай-ақ тартып алу – қалыпты жағдай болып кеткен», — деп қосты құқық қорғаушы.

Баяндамашы өзіне шығармашылық мамандық иелері – фотографтар, музыканттар, режиссерлер жүгінетінін, олар елімізде зияткерлік меншікті қорғау мәселесі үнемі екінші орында тұрғанына шағымданатынын атап өтті.

Жиынға қатысушылардың бірі құқық қорғаушылардың 10 жылдық талпыныстарынан кейін елімізде авторлық құқықты қорғауға арналған заң қабылданғанын баса айтты. Дегенмен, «ол әлі де шикі және проблемалы әрі даулы мәселелерді 100% қамтымайды».

Тегтер: