Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 12 Маусым 2023

Өрт сөндіруге кетіп, оралмаған. Абай облысында тағы бір адам іздестіріліп жатыр

None
None

Абай облысындағы өртті сөндіру кезінде тағы бір адам жоғалып кеткен. Жоғалып кеткен ер адамның жақындары іздеу жұмыстарына көмектесуді сұрап жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ер адамның жоғалып кеткені туралы хабар әлеуметтік желіде пайда болды. Жазбадағы мәлімет бойынша, 1987 жылы туған Архипов Сергей Николаевич Абай облысындағы өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Ол 9 маусымнан бері хабарсыз кеткен.

"Іздеу жұмыстарына көмектесуді сұраймыз. Трактор нөмірі F 937 ARE. Өртті сөндіруге көмектесуге кеткен. Соңғы рет 9 маусымда байланысқа шыққан. Одан бері хабар-ошарсыз кетті. +7 771 582 2159 нөміріне хабарлассаңызар" - делінген хабарламада.

Тегтер: