Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
09:40, 19 Желтоқсан 2024

Орталық Азия елдері Ауғанстанды энергиямен қамтамасыз етеді

1
Фото: из открытых источников

Талибан 2025 жылы Ауғанстанға электр қуатын жеткізу туралы Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстанмен келісім жасасты.

Тәжікстан, Өзбекстан және Түркіменстан 2025 жылы тәліптер билікте отырған Ауғанстанға электр қуатын жеткізеді, деп хабарлады «Da Afghanistan Breshna Sherkat» мемлекеттік энергетикалық компаниясы (DABS).

DABS бас директоры Абдул Бари Омар мен «Өзенергосотиш» басқармасының төрағасы Жахонгир Обиджонов Өзбекстанда Ауғанстанға энергия жеткізуді 2025 жылдың соңына дейін ұзарту туралы келісімге қол қойды. Жеткізу көлемі мен құны, сондай-ақ келісімдердің басқа да мәліметтері жарияланбайды.

Түркіменстанмен осындай келісімге Талибан 7 желтоқсанда, ал Тәжікстанмен қарашаның соңында қол қойған, деп еске алады авторлар.

Бұл арада «Аму» телеарнасы «Талибан» бақылайтын Ауғанстанның Энергетика және су ресурстары министрлігіне сілтеме жасап, елдің қазіргі таңда электр энергиясына деген қажеттілігі тәулігіне 1500 МВт екенін хабарлады. Оның 720 МВт-қа жуығы импортталады, қалғаны Ауғанстанда өндіріледі.

Тегтер: