Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 13:15

Орталық Азия елдері университет дипломдарын өзара жарамды деп тану туралы келісімге келді

Магистратура
Фото: из открытых источников

Орталық Азия елдері университет дипломдарын өзара дарамды деп тану туралы келісімге келді. Қазақстан Үкіметі құжатты бекітті.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан бір-бірінің жоғары оқу орындары берген дипломдарын өзара жарамды деп тануға уағдаласты. Қазақстан Министрлер кабинеті тиісті қаулыға қол қойды.

Келісім нені қамтиды?

Құжатқа сәйкес, аталған бес Орталық Азия мемлекетінің кез келгенінде аккредитациядан өткен және заңды негізде жұмыс істейтін жоғары оқу орындарының дипломдары тараптар арасында жарамды деп танылады.

Алайда келісімде маңызды ескерту бар:

егер дипломды салыстырмалы бағалау кезінде талаптар арасындағы елеулі айырмашылықтар анықталса, басқа ел дипломын танудан бас тартуға жол беріледі.

Басқа елдер құжатты растады ма?

Қазақстан Үкіметі келісімді мақұлдағанын хабарласа да, аймақтың басқа республикаларында құжаттың ресми түрде бекітілгені туралы ақпарат әлі жоқ.

Мәселен, Қырғызстанның Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігі:

құжат ішкі мемлекеттік рәсімдерден толық өтпегенін, сондықтан әзірге қол қою кезеңіне шықпағанын мәлімдеді.

 «Барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, тараптардың мүдделерін ескере отырып, құжат қол қоюға ұсынылады», - деп хабарлады ведомство.

Бұл келісім Орталық Азияда білім беру кеңістігін жақындастыру және аймақтық интеграцияны күшейту бағытындағы маңызды қадам ретінде бағаланып отыр.

Тегтер: