10:09, 19 Желтоқсан 2023
Қытайда болған жер сілкінісі Алматыда да сезілді

Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында тіркелген, ал оның әсері 7:44-те Алматыға да сезілді, деп хабарлайды Zhasalash.kz.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында қаладан оңтүстікке қарай 347 шақырым жерде орналасқан. Алматыдағы жер сілкінісінің күші 2 баллға бағаланды.
Жер сілкінісі Ганьсу провинциясында түн жарымында болып, Ганьсу провинциясы мен көрші Цинхай провинциясында да орын алған. Салдарынан үйлер мен инфрақұрылымдарға зақым келген.
АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің магнитудасы 5,9 жер сілкінісінің ошағы 10 шақырым тереңдікте болған.
Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Ганьсу провинциясында 100 адам қаза тауып, 96 адам жараланған, ал Цинхай провинциясында 11 адам қаза тапқан.