Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:44, 03 Наурыз 2021

Ө.Шөкеев: Кәсіпкерлерге бар жағдай жасауға дайынбыз

None
None

-Кез келген өңірдің экономикасын шағын және орта бизнес өкілдері дамытады. Кәсіпкер болу үшін ең алдымен — жүрек керек, батылдық, білім, біліктілік, кәсібилік керек.

Сондықтан екінің бірі кәсіпкер бола алмайды. Кәсіпкерлікке лайық адамдарды іріктеп алып, әрқашан ынталандыруға, барлық жағдайды жасауға біз дайынбыз,-деп мәлімдеді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев фейсбуктегі парақшасында.  -Осы орайда Түркістан облысында елімізде алғаш рет «Кәсіпкерлік Қырандары» пилоттық жоба басталды. Жоба аясында жас кәсіпкер, стартаперлер, «Бастау Бизнес» түлектері өз бизнес-жобаларын өңірдегі ірі бизнес өкілдерінің алдында қорғайды. Таңдауы түскен жас кәсіпкерге инвестор қаржы құйып, мол табысқа кенелудің қыр-сырымен бөлісіп, бағыт-бағдар береді.

Кездесуде 370-ке жуық жоба арасынан суырылып, финалды этапқа шыққан 9 жоба бойынша бизнес-идеяларды тыңдадық. Бұл идеялардың барлығы дерлік инвесторлар тарапынан қолдау тапты.

Басқосу соңында инвесторлар мен қатысушылар арасында 88 млн. теңгені құрайтын ынтымақтастық туралы 8 меморандум жасалды. Алдағы уақытта барлық жобаның даму сатысы бақылауда болып, есептік кездесулер өтіп тұрады.

Ө.Шөкев өңір экономикасын дамытуға құлшынып тұрған жас кәсіпкерлерді қолдауға ниет білдірген бизес өкілдеріне алғыс білдірді.

Тегтер: