Өскемен әуежайының бұрынғы басшысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Айыпталушылар 2018 жылдан 2023 жылға дейін қомақты қаржыны өз пайдаларына аударып отырған
«Өскемен әуежайы» АҚ президенті Қ. мен атқарушы директоры С. өз қызметтік өкілеттіліктерін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында бірнеше рет аса ірі көлемде бөтен мүлікті жымқырғандары анықталды. Сондай-ақ, «Өскемен әуежайы» АҚ-ның президенті К. ҚР ҚК-нің 361-бабының 4-бөлігі, 3-тармағы бойынша сотталды.
Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлға ретінде К. өз қызметтік өкілеттіктерін қызмет мүддесіне қарсы пайдаланып, өз пайдасы мен артықшылықтарын алу мақсатында әрекет еткен, бұл «Өскемен әуежайы» АҚ-ның (акцияларының 100% мемлекетке тиесілі) заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіріп, ауыр салдарға әкелген.
«Өскемен әуежайы» АҚ материалдық-техникалық қамтамасыз ету тобының басшысы Д. өз қызметтік өкілеттілігін пайдаланып, алдын ала сөз байласқан топ құрамында Қ. мен бірге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті жымқырғаны үшін ҚР ҚК-нің 189-бабының 2-бөлігі, 1 және 3-тармақтары бойынша сотталды.