Өскеменде аналар неге ауруханадан оралмайды?

19.01.2019, 21:10

137

Шығыс Қазақстан облысында ана мен баланың өлімі азаймай тұр. Мәселен, 2017 жылы аурухана төсегінде 4 әйел қайтыс болып, бір жасқа дейінгі 159 бала әртүрлі жағдайда бақилық болыпты. Ал былтырғы, 2018 жылы үш ана және тағы да 159 нәресте шетінеген. Ақхалаттылар бұл бүлдіршіндерге қатысты үш жүзден астам оқиғаның 13-інде тікелей аналарының салғырттығы себеп болған – дейді.Биыл. Есіктен Доңыз жылы енер-енбесте дәрігерлердің өздері дәрменсіздік танытқан секілді. Қаңтар айының сегізінен тоғызына қараған түні тағы да бір шаңырақ қара жамылып қалды. Ай-күні толып, босанатын уақыты жетіп отырған жүкті әйел құрсағындағы шақалағымен бірге көз жұмды. Марқұмның туыстары бұған аурухана қызметкерлерін кінәләп отыр. — Жолдасым қатты ауырған соң жедел жәрдем шақырдық. Кезекші дәрігер келіп, қарады. Қысымын өлшеді. 120 екенін айтты. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізді. Сағат екіден асқанда барған адамды таңғы төрттен кейін бізге: – енді ол жоқ. Айырылып қалдыңдар – дейді. Сонда екі сағатта не істеді олар? Мен түсінбеймін. Айтқандары ауруханаға жеткізілгенде қысымы жоқ болды. Құтқарып қалу мүмкін болмады – деді. Сол күні күндіз дәрігерлерге қаралды. Босанатын уақыты жақындаған соң, келесі күні Семейге бармақшы болып, қағаздарын жинаған еді – дейді, марқұм Ләззат ТҰРЫСБЕКОВАНЫҢ күйеуі Нұрболат ДЕМЕЖАНОВ. Нұрболат Демежанов әйелінің ауруханаға барғанда ауырған жерін айтып сөйлеп жатқанын айтады. Жедел жәрдеммен келген науқасқа акушерлер жедел келіп, көмек көрсеткенде мұндай қайғылы жағдай болмас па еді – деп өкінеді. Алайда, аурухананың акушер-генекологы мұнымен келіспейді. — Мен келгенде ақыл есі жоқ. Аппаратпен демалып жатты. Жедел түрде жасалатын медициналық көмектің бәрі көрсетілді. Кесір тілігін жасамаған себеп те бар. Қысымы жоқ адамға жасалмайды. Арнайы аппарат арқылы құрсағындағы баланың өліп қалғанын анықтадық. Науқас қайтыс болған соң, мәйтті сараптама жасау үшін алып кетті. Біз іште қан кетуі, жатырының жарылып кетуі деп, диагноз – дейді, акушер-гинеколог Гүлнар БАЯНБАЕВА. Осылайша, марқұмның күйеуі мен туыстары дәрігерлердің дәрменсіздігі екенін ашық айтып отыр. Алайда ақхалаттылар бұған дейінгі үш баласы да кесір тілігімен алынған. Төртіншісін табуға үзілді-кесілді қарсы болып, ескерткен едік – дейді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қайғылы жағдайға байланысты комиссияның құрылғанын жеткізді. Тек экспертизаның қортындысы екі аптаға таяу уақыттан кейін шығады. Қызметтік тексеріс жүргізіледі деп мәлімдеді. — Бүгінгі күні акушерлік себеппен орын алғаны болып отыр. Ол анық. Ол қалай болды? Неге? Не үшін? Біздің мамандар қандай шара қолданды? Және ол жеткілікті болды ма? Сұрақ көп. Бәрін жан-жақты қараймыз. Бәрі белгілі болған соң ғана нақты шара қолданылады – дейді,Шығыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқарма басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Райфа САФИОЛЛИНОВА. Жалпы Шығыс Қазақстан облысында дәрігер мамандар тапшы. Өткен жылдың соңында өңірдәкімі Даниал АХМЕТОВ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат ШОРАНОВҚА,  керек болса қажетті мамандарды басқа облыстардан шақыр! Оларды баспанамен қамтамасыз етіп, тиісті көмекті жасаймыз – деген еді.Десек те, бұл облыста өмірге ұрпақ әкелмекші әйелдерді қарап, тіпті барлық науқастарды емдейтін ақхалаттылардың білімін жетілдіру мақсатында ешқандай жұмыс атқарылмай жатыр – деп, айтуға мүлдем болмайды. Талай дәрігер шет елде білімін жетілдіріп келді. Әлі де оқып жатқаны қаншама?! Шет немесе өз отанымыздың білікті мамандары да дәл осы шығысқа арнайы келіп, іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ақыл-кеңестерін беріп жатады. Бірақ… Өкінішке орай, осындай қайғылы жағдайлар жиі орын алуда.Фотолар автордікі және kt.kz
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00