Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
Бүгін, 15:06

Өскеменде екі көлік соғысып, жүргізуші қаза тапты

Е
Фото: скриншот

Өскеменде адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Полиция мәліметінше, апат алдында жүргізушілердің бірі көлікті айдап әкетіп, қарсы жолаққа шыққан. 

Алдын ала деректерге сәйкес, 10 сәуір күні 35 жастағы ер адам Honda Inspire автокөлігін айдап әкетіп, Малдыбаев көшесімен Аблакетка жақтан қала бағытына қарай келе жатып, қарсы бағыттағы жолаққа шыққан. Сол сәтте ол қарсы келе жатқан Mercedes көлігімен бетпе-бет соғысқан.

Жол апаты салдарынан екі көліктің де жүргізушілері оқиға орнында көз жұмды. Mercedes автокөлігінің жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайын ескеруге, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарын орындауға шақырады.

Айта кетейік, 2026 жылдың наурыз айында Алматыда да резонансты жол апаты болған еді. Онда Zeekr көлігінің жүргізушісі Әл-Фараби даңғылында қарсы жолаққа шығып, Mercedes көлігімен соғысқан. Соның салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, күдікті жүргізуші жарақат алып, ауруханада күзетпен жатқан.

Тегтер: