Өскемендегі тері ауруханасының "терісі" түсіп тұр

09.01.2019, 19:57

139

Мемлекет қаржысын үнемдеу үшін науқастарға жағдай жасалмау керек пе?

Өскемендегі облыстық тері-венерологиялық диспансерде емделіп жатқан жұрт ондағы жағдайдан жандарының түршігетінін айтып шағымданады. Айтуларынша ғимарат ескі. Қазір қабырғадағы балшықтары қопарылып түсіп, төбесінің де кетеуі кеткен. Ғимараттың қазіргі жағдайын кіре берісінен-ақ аңғаруға болады. Дәл есіктің жанындағы терезенің өзін қара қағазбен қаптап қойыпты. Тіпті түріне қарап, оған бір емес, бірнеше ондаған жылдар болған ба дерсіз?![caption id=«attachment_22637» align=«alignnone» width=«696»]Ғимараттың төбесі 2009 жылы жаңартылған.[/caption]Бұрын бұл ғимаратта балабақша болған екен. Ғимаратқа түрлі тері ауруларын емдейтін диспансердің келіп орналасқанына ширек ғасыр уақыт болған. Содан бері күрделі жөндеу көрмепті. Тек төбесі ғана 2009 жылы жаңартылыпты. Осындағы емделушілер енді міне, сол «ЕСКІЛІК» есімізді шығарды дейді.[caption id=«attachment_22634» align=«alignnone» width=«696»]"Қоқыс төгетін орынмен шатастырып алмаңыз" дегенге ұқсас өтініш-ескерту[/caption]Тәуліктеп тұрып, апталап жататындардың жағдайына мән берілсе ғой деген емделушіКлара НҰРТАЗАЕВА: – Мына XXI ғасырда мынадай жердің жағдайын бірінші рет көріп тұрмын. Жағдай онша жақсы емес. Міне, жатқан бөлмеміздің түрі мынау. Облыс орталығындағы аурухана деп айтуға ұяласың. Ал науқастар үшін қайнаған су жоқ. Балаларымызға әкелген тамағымызды қайда жылытып берерімізді білмейміз. Төсегіміздің тура бел ортасында темір. Дұрыс жата алмаймыз. Матрастары ескі. Әйтеуір қызметкерлер тазалап қойған екен,– дейді.[caption id=«attachment_22632» align=«alignnone» width=«696»]Емделуші К.НҰРТАЗАЕВА баласымен.[/caption]Бас дәрігердің айтуынша, жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстарын тұрақты жүргізеді. Тек былтырғы жылы басқа ғимаратқа көшіп кетеміз бе деген үміт басым болып, қалпына келтіру ісін кеш бастапты. Соның салдарынан кейбір бөлмелер жөнделмей қалып қойған. Десе де, жөндеу жұмысына кететін шығын да мекеме үшін аз емес көрінеді.[caption id=«attachment_22638» align=«alignleft» width=«300»]Бас дәрігер Р.ЖАМАНБАЛИНОВА[/caption]Сегіз миллион аз ақша емес. Мен үшін бұл көп ақша. Мекеме қызметкерлерінің жалақысы мен науқастардың тамағы және еміне кететін бір айлық қаражат сомасына жақын. Себебі, бір бөлмені жөндеу үшін шамамен 120 мың теңге жұмсалады. 2016 жылдың көктемінен бері әне көшеміз, міне көшемізбен жүрміз. Көшіп кетсек, жөндеу жұмысы бекер болады ғой. Мемлекет қаржысын босқа шашқым келмейді. Егер қоныс аудармасақ, толық жөндеуге тура келеді, – дейді, облыстық тері-венерологиялық диспансердің бас дәрігері Рысбике ЖАМАНБАЛИНОВА.[caption id=«attachment_22641» align=«alignnone» width=«659»]Жиһаздар...[/caption]Жалпы мұнда жылына 1300-ден астам адам ем алады. Денсаулық сақтау басқармасының басшысы да көші-қон мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Бірақ нақты қай уақытта шешілетіні белгісіз. Ал кетеуі кеткен ғимараттың қабырғаларынан бөлек мұндағы жиһаздардың жағдайы да мәз емес. Сонау өткен ғасырда, келмеске кеткен Кеңестер кезінде жасалған дүниелердің тоз-тозы шығып тұр.Фотолар автордікі
Тегтер:

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайт әкімшілігі 20.08.2020, 12:13
Су тазарту қондырғыларын жасап шығарады
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 13:15
"Доғарыңдар, ұрмаңдар!". Беларусьте сәрсенбі күні де наразылық акциялары жалғасты
Сайт әкімшілігі 13.08.2020, 10:40
Қазақстанда бір күнде 517 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 20:00
Қазақстан ресейлік коронавирус вакцинасын толық сынақтан өтпейінше сатып алмайды
12.08.2020, 11:29
Қазақстан Ресейдің вакцинасын әзірге алмайды – ҚР ДСМ
Сайт әкімшілігі 12.08.2020, 10:48
Орталық клиникалық госпиталь соңғы науқасты шығарып салды

Аңдатпа


  • 14 мыңнан аса сотталушы босатылады, Сенат рақымшылық заңын қабылдады
    02.12.2021, 15:50
  • Жастармен бірге тыныстайтын басылым
    30.11.2021, 18:08
  • "Жас Алашқа" жазылуды ұмытпаңыз!
    23.11.2021, 10:20
  • Қайта түлеуге қадам басқан Майқұдық
    22.11.2021, 14:03
  • «Жас Алашты» ауыл кітапханасына жаздырып бердім
    16.11.2021, 10:00