Оспан батырды Сталин билігі қолдаған ба?

Сырттақалған исі қазақтың біраз бөлігін ел етем деп атқа қонған, сол жолда басынқұрбан еткен қазақтың соңғы батыры Оспанның Алаш баласы үшін орны бөлек.
Оныұмытуға тиіс емеспіз.
Биыл туғанына 117 жылтолған Оспан батыр жөнінде айтып та, жазылып та жатыр. Алаш баласының қамы үшіноқ құшқан арда батыр жайында қалам тербеу бізге де бұйырыпты. Шығыс Түркістандатәуелсіз ел құрсам деп айқасқа түскен батырға кезінде КСРО-ның көмектескенірас. Тіпті Л.П.Берия,С.Круглов, В.Абакумовтың жеткізуімен Сталиннің өзі Оспан батырдыңкөтерілісіне үлкен мән берген. Оған мына хаттар куә. Сталин не үшін қолдаукөрсетті?
ХорлогийнЧойбалсан!
До меня дошли слухи, что на территорий Китая вАлтайских горах, поднялись востания казахов, под руководством Оспан батыра.Поручаю вам, уточнить все детали и доложить мне. Руководством Шан Кай Ши, армияГоминдана говорят вытесняет это востание. Может стоит, помочь этому храбрецу,военной подмогой, либо оружием и советником. Жду ответа.
ИосифСталин. Кремль Сондай-ақ бірнеше айды өткізіп барып, екінші хатында былайдепті:
ХорлогийнЧойбалсан!
Вам нужно срочно съездить, на место востания ивместе с руководителем этого востания создать временное правительство, споследовательным образованием в Республику.
ИосифСталин. Кремль
Сонау Алтай тауы мен Тарбағатай және Алакөл аралығында жатқанұлан-ғайыр даланы мекен еткен қазақтардың өткені бізге мақтаныш тұтарлықтай әрі құрметтеуге тұратындай ұлы тарих. Солдалада тіршілік кешкен біздің ата-бабаларымыз тәуелсіз ел болуға қаншама ретталпынып көтеріліске шыққан болатын. Оңтүстік-Шығыс Түркістандағыкөтерілістерді есепке алмағанда, одан кейінгі ең ірі көтеріліс Оспан батыркөтерілісі деуге болады. 1940 жылы Алтайдың Көктоғай ауданында бұрқ еткенЕсімхан–Ырысхан–Ақтеке үштігі бастаған ру ақсақалдарының Қытай үстемдігінекүресі кейіннен соның құрамында болған Оспан батырдың басшылығына ауысады. Осыарада аздап шегініс жасап, мына бір құжатты деректі айта кетейік.
XX ғасырдың 30-жылдарыныңөне бойында И.В.Сталиннің қолтығына кіріп, кеңестік саясаттың қолжаулығынаайналған Шыңжаң дубаны Шен Шицай 1942-43 жылдары ашық антикеңестік бағыт ұстап,император Чан Кайши билігін қолдай бастайды. Шен Шицайдың осындай саясатынанкейін Кеңес Одағы бұған арнайы шешім қабылдауға мәжбүр болады. Л.П.Берия,С.Круглов, В.Абакумовтың Сталингежолдаған баянхатында осы шешімді орындау үшін Шыңжаң өлкесіне жасырынтүрде арнайы адамдар жіберіліп,қытайларға қарсы көтеріліс ұйымдастыружұмысының қарқынды жүріп жатқаны айтылады. Міне, осы ұйымдастыру жәнеүгіт-насихат жұмысының нәтижесінде Алтай, Тарбағатай және Іле аймақтарыныңқазақтары көтеріліс жасап (Оспан батыр көтерілісі), Шыңжаңдағы қытай жасақтарынталқандайды (Моңғол елі арқылы көтерілісті толықтай қару-жарақпен және оқ-дәрімен Кеңес Одағықамтамасыз еткен). Дегенмен осы арада айтарымыз, қытай жағында қалған ел өз жерінде тұрып жатқанымен, алыпелдің теперішін аса көп көрді. Бұл да көтерілістің айтарлықтай тез басталуынасептігін тигізді. Сөйтіп, жергілікті мұсылман ұлттарының қатысуымен(қазақтар және ұйғырлар) 1944 жылдың 7 қарашасында Құлжа қаласында ШығысТүркістан Республикасы құрылады.
Жүрегі түкті батырдың қолбасшылығыменГоминдан әскерімен қаншама рет қиян-кескі ұрыстар жүргізілді. Өткен ғасырдың40-жылдары басталған бұл көтеріліс ел арасында кеңінен қолдау тапты. Оспанбатыр егер бұдан бес-алты ғасыр бұрын дүниеге келгенде, мүмкін, аталары Шыңғыс және Әмір Темір деңгейлесұлы қолбасшы болар ма еді?
Император Шан Кай Ши бастаған Гоминданүкіметімен өз уақытында келісімге келе алмай, екі арадағы араздығы өсе түскенСталин Моңғол мемлекеті арқылы Оспан батыр бастаған көтеріліске дем беріп,соғысқа керекті көп мөлшердегі қару-жарақ жіберткен еді. Кезінде кеңестікшенеунік Пахомов бастаған қырық шақты Қызыл армия офицерін Оспанға жіберіп, алдағы мезгілде не істеужөнінде және майданды оңтайлы ұйымдастыру бағытында ақыл-кеңестер беріп отырды. Осылайша ұзақ жылғы табан тірескен соғыстың нәтижесіндеОспан батырдың сарбаздары Алтай, Тарбағатай және Іле өзені бойындағы туған елінде, өскен жерін уақытша болса да азат ете білді.
Шыңжаңның солтүстік қанаты саналатын үшаймақ Гоминдан езгісі мен өктемдігінен тазартылып, бостандық алды. Сөйтіп, 1944жылы күзде Оспан батырдың жан аямағанқантөгіс майданы арқасында және сондай-ақ жергілікті ұйғыр ел-жұртының ұзақ жылғы күресінің нәтижесінде Шығыс Түркістан Республикасы (немесе уақытшаөкіметі) дүниеге келді. Бұған, әрине, сталиндік саясаттың үлкен көмегі болғанеді. Бірінші болып осы уақытша үкіметті таныған кеңестік жүйе мен Моңғол еліеді. Оның алғашқы төрағасы болып солкезеңнің оқыған-тоқығаны мол азаматы – Әлихан төре тағайындалды. Кейіннен осыреспубликаның таралуына дейін оныұйғыр ұлтының өкілі басқарды. Ал Оспан батыр Алтай аймақтықәкімшілігінің әкімі болса, орынбасарлығына Дәлелхан Сүгірбаев ие болды. Дегенменбатырдың түбіне қызыл қытайлар жетті.
Гоминдан өкіметімен кескілескен соғыста тобықтанқан кешіп жүріп, жеңіп алған әрі орнатқан республикасын, өзі реттеп бергендейкөрінетін Чойбалсан өкіметі мен орыстарға Оспан батырдың көңілі оншалықты толақоймады. Нақты алға қойған тілегі орындалмай, орыстың айтқанымен жүруге көндігеалмаған батыр ыстық пен суықта ондаған жыл соғысып, талай мыңдаған сарбазынқұрбан етсе де, ешкімге тәуелсіз ел болуға қол жеткізе алмағанын анық түсінді. Міне, сондықтан ол күресуінтоқтатпады. «Мен қар жамылып, мұз төсеніп халқым үшін күрестім, енді оныңқызығын дайын астың иелері көріп отыр. Билікті ана орыс үйреткен Дәлелханғабердім», – деген еді бір сөзінде. Қалай айтқанда да, халықты көтеретін де,көндіре алатын да тек абырой, беделі алысқа кеткен Оспан батыр ғана еді.
Кезінде Гоминдан билігін өмірге әкелген ШанКай Ши мен Шыңжаңды өктемдікпен әрі аса қаталдықпен басқарып отырған ШыңшысайҚытайдың Мао бастаған қызыл коммунистерінен жеңіліс тапты. Бұл кезеңде Кеңесөкіметі Германия фашистерін күйретіп тынған болатын. Гоминданды қытайкоммунистері жеңіп, билікті қолға алған соң, Сталинге Оспан батыр да, ШығысТүркістан Республикасы да керексіз болып қалды. Бір жағынан, оның тәуелсізболып тұрғаны Орталық Азия республикалары үшін де қауіпті еді. Енді орысжағынан да, қытай жағынан да Оспан батырды қудалау, жою, сонымен қатар ШығысТүркістан Республикасын құлату керек болды. Сталин билігі ерікті Қытайкоммунистеріне берді.
Әттең, батырға енді көмекке келетін ешкімболмады. Оспан бастап, үш аймақ (Алтай, Тарбағатай, Іле) дүрлігіп жатқанымен,оны ешкім қолдамады. Майдандасқан қызу күрес 50-ші жылға дейін жалғасты. Солкездегі Шығыс Түркістан әскерінің бас қолбасшысы, генерал Ысқақбекбатырдың ауылына бір топ нөкеріменбарып, оған ақыл-кеңес бермек болды. Бірақ батыр көнбеді. Иә, Оспан батырдыңкөнбеуінің жөні бар. Ол екі жаққа да тәуелді болғысы келмеді. Сонау 1939 жылдыңаяғынан бастап шүршіт еліндегі қазақтардың тәуелсіздігі үшін жаппай үш аймақтыкөтеріп, қан майдан ашып, соғысып келген адамға Шығыс Түркістан аумағында солкезеңдерде тең келетін батыр жоқ еді.
Осы даңқына орай, Оспан батырды қазақтар ғана емес, шетелдіктерде жоғары бағалады. Бірақ өзінің жұртынан басқа, жан-жақтағы елдерден ешбірқолдаусыз қалған батыр 1951 жылы қытайлардың қолына түсіп, мерт болды. Оспанбатыр көтерілісі тарихта гоминдандық отарлау, езіп-жаншуға және одан кейінгіқызыл коммунистерге қарсы ХХ ғасырдағы аса ірі кескілескен көтеріліс болды.Оспан батырдың Қазақ елі тарихында алатын орны ерекше болмақ.
Уақытында Шыңжаңның жарты өлкесін азат етіп,тәуелсіз ел құрамын деген асыл арманы орындалмай кетті. Көп ұзамай өзіатсалысқан және іргесін тұрғызған уақытша өкімет те (республика) құрдымғақұлады. Оны қызыл қытайлар құртып тынған еді. Әрине, қазір бәрі тарихқаайналды. Бірақ ел азаттығын ту етіп көтерген азаматтың ерлігі мен еңбегінкейінгі ұрпақтары еш уақытта ұмытпауымыз керек.
Бейсенғазы ҰЛЫҚБЕК,
Журналистер одағының мүшесі