Отан үшін отқа түскендер, қазақтың қадірін арттырған фильм қалай түсірілді?

Тарихта «Екінші дүниежүзілік соғыс» депаталып, миллиондаған адамдардың өмірімен өтелген алапат соғыстың аяқталғанынабиыл – 75 жыл.
Жанқиярлықпен жеткен бұл Жеңіс тағылымы ұрпақтан-ұрпаққажетеріне, аға буынның ерен ерлігі ұмытылмасына кәміл сенеміз. Тек кеңес әскеріжағынан 26 миллионнан астам адам көз жұмған соғыста қазақтар да ерліктіңүлгісін көрсетті. Олар туралы жаудың өзі үрейлене жазды. Бұған дәлел де бар. Шынмәнінде ұлтымыздың Ұлы Жеңіске қосқан үлесі есепсіз. Міне, майдан даласында оқпен оттың ортасында жүріп, бүгінгі бейбіт күніміз үшін күрескенаға-апаларымыздың ерлігін баяндайтын«Отан үшін отқа түскендер» туындысы Севастопольде өткен халықаралық деректі фильмдер фестиваліндебас жүлде алды. Бұл фильм қалай түсіріліп еді? Бұл туралы бізге осы фильмніңавторы әрі режиссері Назгүл Әбутұрапова әңгімелеп берді.
Бұл фильмдітүсіруге жетелеген ой ата-апаларымыздың шын мәнінде қаншалықты ерлік көрсетіп,жеңісті жақындатуға қосқан үлесін елге көрсету, марқұмдардың рухына бас ию еді.Әрине, мұнымен қандастарымыздың қан майдандағы ерлігін түгел көрсеттік деп айтаалмаймыз. Демек, бұл бағытта мен болмаса өзге азаматтарымыз болсын нақты жұмыстарды қолға алуы керек. Ең бастысы,мемлекет тарапынан арнайы қаражатбөлінуі тиіс. Сонда ғана жақсы, мазмұнды, құнды дүниелер түсіріледі.
Кезінде кеңестік идеология «аса құпия» ұстап,«Ажал айлағы» деп атаған Ржев түбіндегі қанды қырғында жалаң қылыш, жайдақатпен жауға қарсы шапқан қазақ жауынгерлерінің қынадай қырылып қалғанынкөп адам біле бермейді. Тағы бір «асақұпия» саналған «Харьков қазандығы» қаншама боздақтарымызды баудай қырқып салды.Тіпті Рейхстагқа тұңғыш Жеңіс туын тіккен қазақ батырының аты да аталған жоқ. Бірақ уақыт – төреші. Бүгінде бұрмаланғанталай-талай тарихи шындық нақты құжаттармен дәлелденіп, беті ашылып жатыр.Одақтас республикалар ішінде Қазақстанның Жеңіске қосқан үлесі ұшан-теңіз екенімойындалды. Айта берсек, бауырлас украин халқына алты ай жаяу жүріп, ондағанмың бас ірі қараның біреуін де шығынқылмай, айдап барған қостанайлық қазақ әйелдерінің ерлігіне қайран қалмасқа шараңыз жоқ. Қайта орта жолдатөлдеген сиырларды сауып, жолшыбайауыл-ауылдағы адамдарға сүт-майын бөліп берген аналарымыз жайлы бізге жеткенаңыздың да ақиқаты айтылды.
Қысқасы, осы деректернегізінде түсірілген «Отан үшін отқа түскендер» фильмі Севастопольдегі ХІІхалықаралық документалды фильмдер фестивалінде АҚШ, Канада, Куба, Қытай жәнеТМД сияқты
әлемнің 24 елі ұсынған 150 жұмыстың ішінен бас жүлденіжеңіп алды.
Біз бұны фестиваль президенті болған танымал кинорежиссерВладимир Меньшов пен жюридің Ұлы Жеңіске Қазақ елі қосқан ұлан-ғайыр үлесі менғажайып ерлігін әлем алдында тағы бір мойындауы деп білдік.
Аталған фильм екібөлімнен тұрады. Бұл фильмді түсіруге екі жыл бұрын дайындық жұмыстарыжүргізілді. Сол кезде Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің көмегін көп көрдік. Бұлүшін елші Зауытбек Тұрысбеков мырзаға айтар алғысымыз шексіз. Ол кісініңкөмегімен Мәскеудегі (Исторический архив СССР Института ВОВ) Кеңестер Одағы ҰОСтарихи мұрағаттар институты мен ПодольскідегіҰлы Отан соғысы ардагерлеріне қатысты өте құпия құжаттармен таныстық. Онда қайтыс болған 1 млн 350 мың марқұмныңаты-жөні жазылған тізім табылған. Негізінде, ол 2 миллионға жуық көрінеді.Соның ішінен 10 мың адамның ғана аты-жөні зорға іріктеп алынды. Себебі құжаттағышейіт болғандардың аты-жөндерінің тізімі, әсіресе қазақ есімдері қалай болсасолай толтырылғандығы соншалық – әріптерді дұрыс жазбау салдарынан фамилиялардыңатауы мүлде өзгертіліп кеткен.
Тағы бір анықталған нәрсе – сол боздақтардыңбарлығынан «Ажал айлағы» деген атау мүлде аталмасын, қай жерде соғысқандарыңқұпия болсын» деген қолхат та алынған. Сондықтан деректер ешкімге берілмейді.Сондай қиындықтарға қарамастан, біздің елшіміз ел игілігі үшін сауапты ісжасады. Сол жердегі мәрмәр тастан жасалған ескерткіш тақтаға Қазақстандажасақталған 100-ші және 101-ші атқыштар бригадасы құрамында қайтыс болғанбоздақтардың туған-туыстары барып-қайту үшін Жеңіс пойызы ұйымдастырылды.Шайқаста шейіт болғандардың ұрпақтары мен жақындары мінген бұл пойыз Астанаданаттанып, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал қаласы арқылы жүріп өтіп, Мәскеугетоқтайды.
Мәскеуден 230шақырым жердегі Ржев қаласы мен Вязьма қаласының арасындағы қан төгілген алаңғаорнатылған ескерткіш-монументке марқұмдардың туған жерінен топырақ жеткізілді.
1942-43 жылдары 18айға созылған осы Ржев-Вязьма шайқасында
1 млн 350 мың жауынгер қаза болған деген дерек тұр. Көрнектіжазушы Константин Симонов оны «Ажал айлағы» деп атапты. Бұл 2007 жылға дейінаса құпия саналған. Архивте төрт ай отырып елшілік азаматтары таза қазақша жазылған 10 мың адамның аты-жөнін анықтады.Есімдер түгел мәрмәр тасқа қашалып жазылды. Осы «Ажал айлағында» соғысып, аман қалған Сұлтан Жиенбаев ағамызфильмнің бас кейіпкерлерінің бірі болды. Біз ол кісімен Мәскеудің Зеленоградқаласына дейін бірге сапарлас болдық. Сондағы «Сіз қалай тірі қалдыңыз?» дегенсұрағымызға: «Қатты жарақат алып госпитальға түстім. Әйтпесе ол жерден тіріқалу еш мүмкін емес», – деген еді.
Жаудан қорғануданбұрын, жауынгерлерді аштық қысты. Немістерден қалған тамақ қалдықтарын таласыпжеген күндер болған. Жерлестерімізге қатысты деректерді жинап болғаннан кейінелге қайттық. Бір қызығы, көп уақыт өтпей, Зауытбек Тұрысбеков ағамыз Украинағаелші боп ауысқанда зерттеу жұмыстарын ол жақта да жалғастырдық. Харьков қаласынанда көп дерек табылды. Сол маңда Алматыдан102-ші және Ақмола мен Павлодардан 106-шы атты әскер дивизиясы болған. Олардың қолындаешқандай қару да болмаған. Бар болғаны бөтелкедегі «молотов коктейлі» деп аталатын өздері қолдандайындаған жарылғыш сұйықтық. Ол да онаттылы жауынгерге бір бөтелкеден ғана тиесілі болған. Соған қарамастан, жаудың танктерінеқарсы шауып, немістерге сес көрсеткен.
Тағы бір назараударатын нәрсе – Украина майданынан жазылған жауынгерлердің хаттары. Бізхаттармен Киев қаласындағы ҰОС әскери орталық музейінде таныстық. Арманарқалаған сол хаттардың барлығы далапоштасында қолды болып, немістердің телеграф қызметкері «жеңеміз» дегенсеніммен Австрияда тұратын досына жолдай берген екен. Сонан бері 1209 хат Австриямұрағатында сақталып, 2010 жылы ғана Украинаға кері қайтарылған. Осы хаттарда ауыркүндер мен сағаттардан бөлек, көрген түстеріне дейін жазылған. Соның біріЖамбыл облысы Қордай ауданы Қасық селосындағы мекенжайға жолданған хатта сарбазөз жағдайын былай жеткізген екен:
«Бұрылып жүре алмаймын буыным жоқ,
Беліме байланыпты қан төгер оқ.
Көзімді іліндірсем түс көріппін –
Батыстан күн шығыпты жарығы жоқ!?» деген жолдардыоқығанда көзіңе жас аласың. Байғұс бала өз өмірінің соңы таянғанымен қоса,неміс басқыншыларының да күні жарқырап туа қоймайтынын сезгендей. Соның барлығы фильмде қамтылған.
Севастопольдегі кинофестивальде көрсетілген 150-ден аса деректіфильм арасынан біздің фильмді қазыларалқасы неге мойындады дегенге келсек, соғыс барысындағы қазақтардың есепсізерлігі бәрін тәнті етті. Күн сайын дерлік майданға вагон-вагон азық-түлік,киім-кешек жіберіп, тіпті 30 мыңнан астам сиырды сол жаққа алты ай жол жүріп,жаяу айдап апарғаны толғандырмай қоймайды.
Қысқасы, бұл соғыскөзсіз ерліктерімен аты аңызға айналған қазақ жауынгерлерін тарих сахнасынашығарды. Бұл туралы неміс генералы Гепнер: «Жабайы дивизия, бұлар ешқандайсоғыс тәртібін сақтамайды, тұтқынға берілмейді. Өлімнен тайсалмайтынжанкештілер екен. Бір фриц маған: «Біз жойқын күші бар қараторы солдаттарменбеттестік. Оларды тіпті алған бетіненешқандай оқ та, өрт те тоқтата алмады. Олар бізге қарай тура дауылдай дүркірепкеле жатты. Мен бұлардың қазақ деген халық екенін сонда ғана білдім. Бұрынмұндай жанкешті халық бар екенін естімеген екем», – деп жазды. (Илья Эренбург.8 мамыр, 1942 жыл, «Правда»).
Міне, соғыстыңбарлық бағыттарында жасындай жарқылдап, қасыққаны қалғанша ерлік танытқан қазақ сарбаздарын бауырлас халықтар түгіл, немістер де мойындаған.
Фильм түсірілу барысындаҚасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов, Рақымжан Қошқарбаев,Бауыржан Момышұлы сияқты батырларымыздың әрқайсымен жеке-дара эксклюзив-сұхбатжазылды.
Осындай фильмдер тек Жеңіс қарсаңында ғана емес, үнемібарлық телеарналардан көрсетілуі тиіс. Бұл бүгінгі ұрпақты аға буынның алдындатағзым етуді насихаттап, отаншылдық сезімді қалыптастырады.
Әңгімені жазып алған Жолдасбек ДУАНАБАЙ