Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:27, 16 Қараша 2022

Отандық ғылымды дамыту мәселесі – үнемі менің жеке назарымда-Тоқаев

None
None

 Бүгін Алматы тұрғындарымен кездесу барысында президент Тоқаев  былай деді:

«Алматы – ғылым мен білімнің ордасы.

Отандық ғылымды дамыту мәселесі – үнемі менің жеке назарымда. Бұл саланың еліміз үшін айрықша мәні бар. Себебі, ғылымның бүгінгі дамуы – елдің ертеңгі табысының кепілі. Өкінішке қарай, бізде ғылымды басқару ісі жолға қойылмаған. Мен бұл туралы Ұлттық академияның 75 жылдығына арналған жиында айттым.

Бүгінде отандық ғылымда жас ғалымдардың саны көп емес. Дамуға серпін беретін әлеуетті ғылыми институттар да өте аз. Егер әлемдік дамуда көш соңында қалмаймыз десек, ең алдымен, ғылымды дамытуымыз керек. Сондықтан, ұлттық ғылымды жаңа деңгейге көтеретін мезгіл жетті. Жасыратыны жоқ, қазір ғылыми атағы бар, бірақ ілім-білімге мүлде қатысы жоқ адамдар көбейіп кетті. Елімізге өмір жолын ғылымға арнаған, нақты ғылыми жетістігі бар адамдар керек.

Отандық ғалымдар құрамын жаңарту қажет. Бұл – уақыт талабы. Нағыз ғылымға мүлдем қатысы жоқ адамдардан арылуымыз қажет. Олардан ешқандай пайда жоқ, ғылымға кері әсері тиеді. Сондықтан, Ғылым академиясына ғылымға жаны ашитын, ғылыми әлеуеті зор азаматтарды ғана көптеп тарту қажет». 

Тегтер: