Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
11:45, 13 Мамыр 2022

Отандық спортқа отандық бизнес демеуші

None
None

Таразда футболмен айналысатын жасөспірімдерге жақсы сыйлық жасалған екен. Қазақстан футболының бүгінгі бетке ұстар жұлдыздарының бірі Бахтияр Зайнутдиновты тәрбиелеп берген даңқты «Тараз» футбол клубының демеушілері өткен аптада қаладағы жасөспірімдер мен балалар футболы орталығында футболмен айналысатын жеткіншектерге жап-жаңа жүз теңбіл доп сыйлады.

Осындай тамаша тарту енді тұрақты дәстүрге айналса деп тілейміз.

Балалар спортына демеуші болған тарап – отандық компаниялардың бірі екен. Бұған дейін ол компания футбол орталығының жас шәкірттерінің бәріне ойын формасының жаңа комплектілерін сыйға тартып бір қуантқан. Енді міне, ойын киімі жағын біршама реттеген соң футболдың ең басты деген бір құралы – доппен де мейлінше қамтамасыз етті.

Дорба-дорбаға толы, көк-жасыл түсті көздің жауын алатын доптар балаларға тарту етілген салтанатты рәсімде орталықтағы тренерлер де қуанышын жасырмады: олар да мұншама мол доп келеді деп күтпеген болса керек. Өйткені бұған дейін орталық ойынға қажетті инвентарь сатып алу жағынан шектеліп, доп жетіспеушілігі болған екен. Азғантай допты топтар арасында шақтап-шектеп бөліп беріп келген. Енді бұл мәселенің де жөні жөнделе түсті. Өйткені әр бала басқасын айтпағанда доппен бірге жеке-дара жаттығуды көбірек жасауы керек. Жастайыңнан доппен әбден достасып, оны ұршықтай үйіре білмесең, ертең үлкен футболшы бола қоймасың белгілі. Енді доп санының жеткілікті болатыны әр жеткіншектің жеке шеберлігінің шыңдала түсуін әжептәуір жылдамдатуы керек, деп үміттенеді бапкер-мамандар.

Доп тебетін тараздық балаларда тағы бір маңызды мәселе бар еді, сырт алаңдарға шығып, қонақта ойын өткізетін кездері де доп жетіспей жүретін. Биыл Тараздағы футбол орталығының балалар мен жасөспірімдер командалары республикалық біріншілік аясында өз алаңы мен сырт алаңда кездесулер өткізуде. Жалпы, Жамбыл облысында балалар футболын дамытудың берік негізі қаланғанын, одақ заманынан бері таланттарды табу мен тәрбиелеу дәстүріне берік мықты бапкер-мамандар мектебі қалыптасқанын айту керек. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында атап өткендей, денсаулық кепілі – дене шынықтыру. Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы аса  қажетті дүние. «Облыс әкімдері спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуі тиіс. Жалпы, Токио олимпиадасының қорытындысына байланысты спорттағы ахуалды бөлек кеңесте қарау қажеттігі туындап отыр», деген еді мемлекет басшысы.

Тегтер: