Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
10:09, 13 Маусым 2023

Отаны оларды отқа тастады...

None
None

Өрт құрбандарының аяулы жанын, ақырғы дем алдындағы адам айтқысыз азабын, жан далбаса арпалысын ойлайсың ғой, бірақ қанша түршіктім, шайлықтым дегеніңмен, енді құтылып болмас ажалдың тырнағында шырқырап кете барған құрбандардың соңғы сәтін түйсіну мүмкін емес.

Жантүршігер үрей, жан дәрмен күрес, шарасыз қорқыныш...

Сосын, соңғы сәттегі ұлы нала… Өрт басталған кезден-ақ жасырып-жабуға тырысқан, «жүздеп», «мыңдап» техника бөліп, «тілсіз жауды ауыздықтап» тастаған өтірікші бастықтарына; ең болмаса желдің бет алысы мен өрттің қаупін толық бағамдамастан, тура мағынасында отқа айдап салған, тым құрыса астына қызметтік көлік бермеген, өзі жұмыс істейтін мекемесіне; қашан да «кінәлілерді жазалаумен» ғана айналысатын, одан кейін тым-тырыс бола қалатын «құтқарушыларға»; ең ақыры қанша ышқына жүгірсе де аттап бастырмаған қатігез өртке, қанша жалбарына айғайласа да естімей қойған меңіреу көкке, қанша шырқырып шақырса да көмекке келмей қойған қайырымсыз Отанына деген нала!  

Соңында әлі ес білмеген сәбиінің қалып бара жатқаны, оның болашағы да осы елге байлаулы екенін еміс-еміс ойлаған шығар, сосын, бар наласын ішіне жұтып, қалың өрттің құшағына бойсұна берген болар...

Иә, халық бұл өртті ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір еңсеретінін біледі. Және оның зардаптары ауыр болатынын да біледі. Экология, климат, фауна… Ең ауыры – бірі зеки сөйлеп, екіншісі бас шұлғи мақұлдап, әлденені дәлелдемек болса да, соншама уақыт отырғанда «бұл жағдайға қалай түстік?» деген жалғыз сұрақтың өзіне жауап таба алмай дағдарған таңдаулы шоғырға, тіпті көз жасын көл қылып жыласа да сенбейді.

Шешімдер қабылданар, жетімдер жарылқанар, бір замандарда күлдің орнын гүл басар… Бірақ соның бәрі өрт деген қатігез алыптың бір шарпуынан қалмаған кішкентай ғана адамның үлкен наласының жанында түк емес.  

… Адам орман өртінің табына-ақ жанып кетеді дейді білетіндер.

Абай облысындағы өрттен қайтыс болғандардың  тізімі:

1. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы – орман шаруашылығы басшысы«Семей орманы» РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығы 20. 12. 1989 ж. т.

2. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы – «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, Новошульба филиалының орманды қорғау және қорғау жөніндегі инженері 17.03.1996 ж. т.

3. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы – Новошульбинскийдің жүргізушісі «Семей орманы» РММ филиалы, 11.12.1964 ж.т.

4. Губаев Алексей Григорьевич – орман шебері «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы

07. 02 1993 ж. т.

5. Фоминов Максим Владимирович – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор – «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы 17.08.1998 ж.т

6. Нұржігітов Саят Нұржанұлы – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор – «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы, 21,06.1972 ж. т.

7. Наченов Константин Сергеевич – күзет инспекторы «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы, 12.01.1983 ж. т.

8. Сидорин Виктор Александрович – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы 04.05.1960 ж. т.

9. Сидорин Александр Викторович – аумақтарды қорғау жөніндегі инспектор «Семей орманы МОТР РММ Новошульба филиалының Успен орманшылығының мемлекеттік инспекторы 11.04.1984 ж. т.

10. Позырев Николай Иванович – «Семей орманы МОТР РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының өрт сөндіру машинасының жүргізушісі 23.11.1968 ж. т.

11. Позырев Сергей Николаевич – «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының орман өрт сөндірушісі 20.10.1992 ж. т.

12. Азамкин Петр Александрович – «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалы Успен орманшылығының орман өрт сөндірушісі 15.06.1971 ж. т.

13. Дарибаев Александр Викторович – «Семей орманы» МОТР РММ Новошульба филиалының диірмен орманшылығының тракторшы-машинисі 29.08.1974 ж. т.

14. Ганьшин Даниил Евгеньевич – «Семей орманы» РММ Новошульба филиалы Орталық орманшылығының өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі 24.06.1981 ж. т.

Тегтер: