Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
14:03, 08 Қаңтар 2024

Отарда жаппай төбелес болды: әскери қызметкерлер ұсталды (ВИДЕО)

Отар
Фото: из открытых источников

Жаппай төбелес салдарынан екі адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhasalash.kz.

Жамбыл облысындағы Отар ауылында жергілікті тұрғындар мен әскери қызметкерлердің қатысуымен жаппай төбелес болғаны туралы ақпарат белгілі болды.

Полиция жаппай төбелеске қатысты тергеу жүріп жатқанын айтты. Оқиға салдарынан екі азамат зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша гвардиялық гарнизонның сарбаздары қатысқан. Алты адам, оның ішінде екі әскери қызметкер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қорғаныс министрлігі болса әскери қызметкерлердің ұсталғанын растады.

«1 қаңтарда Жамбыл облысы ІІД Қордай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бір топ адам жасаған бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғап, нәтижесінде екі азамат зардап шекті. Қылмыстық істі тергеу барысында оқиғаға Гвардиялық гарнизонның келісімшарт бойынша әскери қызметшілерінің қатысы бар екені анықталды», — делінген хабарламада.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от 100BAKSOFF ИНСТАРОДНЯ (@100baksoff.videos)