Жобалар
Редакциямен байланыс
Жарнама
15:53, 10 Қазан 2024

«Отбасы банктің» барлық терминалдары толығымен жабылады

п
Фото: bes.media
Отбасы банк 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап банктің барлық терминалдары толығымен жабылатынын хабарлады.

Отбасы Банк толығымен жаңа цифрлық шешімдерге көшуде. Сізге енді банкке келіп, төлем терминалдарын пайдаланудың қажеті жоқ. Біз сіздердің уақыттарыңызды үнемдеп, қызмет көрсету сапасын арттыру жолында жұмыс істеудеміз. Терминалдардың жабылуына қарамастан, барлық қажетті операцияларды онлайн режимінде оңай орындай аласыз, делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Отбасы банктің» терминалы жабылғанымен, екінші деңгейлі банктердің терминалдары және банкоматтары, мобильді қосымшалары, интернет-банкингі және «Қазпошта» бөлімшелері арқылы депозиттерді толықтырып, несие өтеуге болады.



Тегтер: